Мақалада абайтану бағытында ескерілмей жатқан біраз мәселе қамтылған Кіріспе сөз Ұлы Абайды танып, білуге қай дәуір де мүдделі, ал әр толқын ұрпақ оған өзіндік үлесін қосуға міндеткер. Бүгінгі таңда Абай мұрасын жаңаша көзқараспен зерттеп, зерделеудің бұрын-соңды болмаған тамаша мүмкіндігі туып отыр. Ол – тәуелсіздік тартуы. Соны пайдаға асыра алсақ кәне ...
Толық оқу...
Толық оқу...
(эпилог орнына) Бұл фәни өмірде бәрі өткінші, мәңгілік ештеңе де жоқ. Ет пен сүйектен жаралған пенденің ажалсызы кәне. «Өзекті жанға бір өлім» дейді халқымыз. Мәңгілік деген үміт шоғы әсте о дүниеге, рух әлеміне ғана қатысты. Санаткер Абай рух әлемінің білгірі, халықтың уақыт сынынан өткен рухани көсемі. Міне, «мәңгілік Абай» тіркесі ...
Толық оқу...
Толық оқу...
Өмірінің ақтық жылында Абайдың бір емес, екі Абай болып өмір сүргені байқалады. Біріншісі – қарапайым өмірдегі Абай, ол өмір күнделікті тіршілік ағымында, үйренішті қалпында жалғаса берген. Екіншісі – рух әлеміндегі Абай, ол әлемнің ерекшелігі - тек жоғары басқыштауды талап етеді. Екіге бөлінген жүрек Абай эволюциясына бойлау - күллі қазақ философиясы ...
Толық оқу...
Толық оқу...
Абайдың мүлде ашылмай келген бір қыры бар болса, ол – әулиелік. Абай - хақиқатқа жеткен ойшыл, демек, ол - әулие. Осы фактіні неліктен жасырып-жабуға тиіспіз? Төменде Абайдың ақырғы жылы, соңғы күндері қалай өткеніне көз жүгіртіп, ой бөлісейік. Әулиелік жайлы түсініктер Шариғат, тариқат, мағрифат, хақиқат. Осы төртеуді мұсылмандық ілім адам баласы ...
Толық оқу...
Толық оқу...
1900 жылдары Абай қай жағынан алғанда да кемеліне келді, кемеріне толды. Адамның кемелдігі түпкі ақиқатқа жету деңгейімен өлшенсе керек. Абай дәл солай, таным баспалдағы шыңына шығып, әлемдік жаңалықтарды ашқан хакім. Өз сөзінше, үш сипатты (ғылым, мейірім, әділет) бірдей ұстаған адам - «жәуәнмәрттілік үш хәсләттің» иесі, яғни мәрт кісі, кемел адам ...
Толық оқу...
Толық оқу...
1898 жылдан былайғы уақытта Абайдың хакімдік қыры жарқырай көрінеді. Жалпыадамзаттық ақыл-ойдың шырағын жақты. Осы шақта Абай – хакім, әлем ойының алыбы, «алтыншы сезімнің» иесі. Оған әлденеше пәлсапалық өлеңдері, өте-мөте діни-теологиялық шығармасы - «Тасдиқ» трактаты, қазіргіше 38-ші қарасөзі бұлтартпас дәлел. Ғажайып хакімдік еңбекке данышпан ойшыл төрт жылдай ғұмырын сарп еткен еді ...
Толық оқу...
Толық оқу...
Құяң қимыл, мимырт тірлік Абайға жат. «Күн артынан күн туар, Бір күн дамыл еткізбес» (1898) деп өзі айтқандай, ақынның күллі ғұмыры арпалыспен өтті. Әсіресе, 1898 жылы өрлеу мен тоқырау кезектесіп, сүйініш пен күйініш тайталасты. Осы жылғы тосын оқиғадан кейін Абай қоштасу - реквием өлеңін жазып, онда «мен бір жұмбақ адаммын, ...
Толық оқу...
Толық оқу...
«Абай жолының» бір тарауы «Қияда» деп аталса, ол - Абай рухани өсуінің қия-шыңына шықты дегенді білдіреді. Бірақ кім хақиқатқа жетіп, тылсым сырын ашса, сол адам жұмбақ жанға айналмақ. Қысқасы, ұлт ұстазы жалпыадамзаттың ұстазы сатысына өтті. Абай: «мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла» (1898 ж.) деуімен осыған меңзеген ғой. Қиядағы ...
Толық оқу...
Толық оқу...
Тағдырдың талқысы мен өмір соққысын Тәңірінің сынағы деп біліп, тәубеге келу хақ мұсылмандық белгісі. Дана Абай да Тәңірі әміріне бағынып, Әбіштің жылы өткеннен кейін, қалыпты өміріне оралады. Төмендегі мысалдар ойшылдың халық қамқоры болғанының айғағы. Ақылгөй аға 1896 жылы Шыңғыстың сыртында, Жон деп аталатын кең жайлау төсіне қонған Абай ауылында алқалы ...
Толық оқу...
Толық оқу...
Биік мақсатқа жету қамында қоғамдық-саяси істерге табандылықпен араласқан, сол мақсатына жеткен адам - қоғам қайраткері. Бірақ Гете, Абай сынды тұлғаларды қайраткер деу аздық етеді, олар нағыз көсем, тұтас ұлттың егелері. Абайды осынау көсемдік, көш басшылық қырынан қарастыру кезегі келді. Құтты мекен Жидебайда 1894 жылы Абай Жидебайға біржола орнықты. Ғажабы, Абайдың ...
Толық оқу...
Толық оқу...
1891-1897 жылдары поэзиясына қара сөздері қосылған соң, Абай нағыз ұлт ұстазына айналған. Бұл кезеңді поэзиялық деуден гөрі «прозалық» деген дұрысырақ. Ұлтына жанашыр Абай енді қара сөзден қамшы өреді. Реттілік үшін алдымен асыл мұраның сақталу, таралу тарихына айналып, онан кейін ұлы ұстаздың «Ғақлия» кітабын сараламақпыз. Асыл мұраның сақталу тарихы Ойшыл ақын ...
Толық оқу...
Толық оқу...
1892 жыл Абай иығына сан алуан ауыртпалық артты. Осы жылғы ақынды ашындырған оқиғалар аз емес. «Абай кісі мінін айтып, өлең шығарғыш болғанда, - дейді Мұхаң, - осы құралды еш уақытта нағыз жауына қарсы жұмсамаған. Өлеңмен мысқыл қылатыны ылғи өз жақыны, өз достары болады». Абайдың жалғыз ағасы Тәңірбердіні, тұңғыш баласы Ақылбайды ...
Толық оқу...
Толық оқу...
Абайдың тұтас әлемі екі шартты бөлікке сұранып-ақ тұр: ағартушылық және ойшылдық деген. Тәуелсіздік алғанға шекті, шыны керек, Абайдың ағартушылық қыры баса айтылды, ал ойшылдық жағы қағажу қалды. Бұл олқылықтың орнын толтырам деген адамға ешқандай да кедергі жоқ қазір. Төмендегі сөз Абайдың ойшылдық қырын саралаудың басы. Ойшылдыққа бет бұру кезеңінде Абай ...
Толық оқу...
Толық оқу...
Аға буын өкілдері мен өз тұрғыластары арасында Абай өзін жалғыз сезінді. Сондықтан 1890-жылдары назары іні буын өкілдеріне ауады. Адал досты, сөзін ұғар адамды солардың арасынан іздейді. Төменде жақын айналасы - отбасы, ағайын-туыс һәм шәкірттерімен қарым-қатынасын сөз етпекпіз. Қонақжай шаңырақ Абайдың ағартушылығы тек інжу-маржан творчествосымен ғана өлшенбейді. Халық арасында өткізген сан ...
Толық оқу...
Толық оқу...
(1891-1897 жж. аралығы) «Ол мұсылманша һәм орысша ғылымға жүйрік һәм Алланың берген ақылы да бұл қазақтан бөлек дана кісі еді. ... Тұрағы қазақ іші болғандықтан, қадірі азырақ білінді. Олай болмағанда, ол данышпан хакім философ кісі еді». Шәкерім Құдайбердіұлы, «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі» атты еңбегінен. «Өмір жолында Абайдың айтпағаны аз ...
Толық оқу...
Толық оқу...
«Ақын Абай» мейлінше мол зерттелген тақырып. Ахаң (Ахмет Байтұрсынов) берген «Абай – қазақтың бас ақыны» деген бағаға ешбір қазақ күмән-күдікпен қарап көрген емес. Өйткені, ұлы ақынның поэзиясы - ұлттық болмыстың тұнығы, халықтың арман-аңсары, қазақ өмірінің айнасы. Осыған көз жеткізелік. Ұлт ренессансының қайнары 1885-1889 жылдар ақын Абай үшін шабыты маздаған жылдар ...
Толық оқу...
Толық оқу...
Расы, ұлы Абайдың поэзиясы жайлы зерттеулер ұшан-теңіз. Бірақ оны толық танып болдық деу асығыстық, жұмбағы мен сырын ішіне бүккен шығармалар әлі баршылық. Төменде соның бірі - 1886 жылғы «Көжекбайға» («Бөтен елде бар болса») деген белгілі өлеңін сөз етпекпіз. Сенсеңіз, ол күштеп қосылған үш бөлек өлеңнен тұрады (оған үңіле оқыған әр ...
Толық оқу...
Толық оқу...
Абай – шын мәнінде жаңашыл тұлға. Ол сыншылдық қабілетіне жаңашылдық қасиетті қосты. Ешкімге ұқсамаған мінез содан. Сол сияқты Абайдың формуласы болып табылатын рух пен заттық арасындағы үйлесім (гармония) қазақ поэзиясы дамуының алтын арқауы, жалпақ тілмен айтқанда, ат шаптырар алаңы болды. Жаңашылдық майданында ХІХ-ғасырдың екінші жарымында қазақ даласында екі идеология бетпе-бет ...
Толық оқу...
Толық оқу...
СЫНШЫ АБАЙ Ел басына күн туған тарихи хәлді, «ағызды сығып жасымды» деп өзі айтқандай, Абай жан-жүрегімен сезінді. Қараңғылық пен бодандық қос бүйірден қысқан сынақты шақта халықтың сыншысы да, тәрбиешісі де бір өзі болды. «Абай сол заманда, сол ортаны соя сынаған адам. Абайдың әдебиеттегі сыншылдығының түп тамыры осында жатыр» (Қ.Жұбанов). Тәуелділіктің ...
Толық оқу...
Толық оқу...
Батыс Еуропадан таралған ағартушылықтың қуатты толқыны Ресей патшалығын, онан кейін қазақ даласын да орап алды. Осылайша ХХ-ғасырдың басындағы ояну дәуірі Абай мұрасынан нәр алды, алаш арыстары сол құнарлы топырақта өсіп-өнді. Ағартушылық арнасында ХІХ-ғасырдың екінші жарымында қазақ даласын жаңа көзқарас, жаңа идея елесі кезіп жүрді. Еті тірі, зиялы адамдардың ойлары қазақ ...
Толық оқу...
Толық оқу...
ТӨБЕ БИ АБАЙ Абай алты жыл, шамасы 1882-1888 жылдар аралығында, долынжы би (должностной би, яғни «жалақылы ресми би» деген мағынаны білдіреді) болған. Бұл кездерде ел билеудің тарихи қалыптасқан жүйесі біржола күйрегенімен де, Абай ел басқару жұмысында Кеңгірбай, Өскенбай, Құнанбай іздерін басты. Ол келте дауда алғызбай, ұрымтал сөзбен қапыда қалдыратын даугер ...
Толық оқу...
Толық оқу...
1885 жыл Абай өмірінде айырықша орын алады. Осы жылғы Қарамола съезінде «төбе би» сайланып, жаңа Ережені жазды. Ақындық қызметіне шындап кірісуі - сол съездің әсерінен дейміз. Қазіргі жинақтардан Абай ақындық қызметіне 1886 жылы кіріскендей көрінеді. Бұл жаңсақтық. Шындығында, «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» сияқты әйгілі ...
Толық оқу...
Толық оқу...
1878-1884 жылдар аралығы Абайға ештеңеге алаңдамай, талмай-жалықпай білім қорын жинауға мүмкіндік берді. Кітап атаулыны оқып-тоқу тек алғашқы баспалдақ. Онан жүйелі білімге, талғап оқуға жетісу – оқымыстылық. Әрі қарай өрлеген адам сара ғылым соқпағын табады. Ой еңбегіне құлай берілу – сол ғалымдықтың белгісі. Олай болса, Абайдың ғылымдағы қияға шыға бастаған уақытын ...
Толық оқу...
Толық оқу...
Бұл жобада ұлы Абайды тануға, тереңіне бойлауға арналған 29 танымдық дәріс қамтылған. Онда ұлт тұмары хәкім Абайдың өмірі, өсу жолдары, тұлғалық қасиеттері рет-ретімен баяндалады. Толысу, данышпандық деңгейге жету жолдары, ақынның ашылмаған қырлары ғылыми зерделенген. Дәрісті білікті абайтанушы ғалым Асан Омаров жүргізеді. Дәріс әр аптаның сәрсенбісінде жалғасып отырады. ОҚЫМЫСТЫ АБАЙ 1878-1884 ...
Толық оқу...
Толық оқу...