«ЗАМАН-АЙ» ӘНІНІҢ ТАРИХЫ

Көп оқылды

Тарихтан тағылым – өткенге тағзым

Семейдегі орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Алаш» қозғалысының 100 жылдығы аясында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихтан тағылым –...

РУХАНИЯТ ЖҮЙЕЛІ САЯСАТҚА ЗӘРУ

Қоғамдық құрылым төңкеріліп түскенде тұтас қоғам да, жеке адам да   өзгеріссіз қала алмайды. Осылайша тәуелсіздіктің екі тізгін, бір шылбыры...

Билік турасында Лао-цзы не дейді?

Ең жақсы билеуші - халық оның бұл өмірде бар екенін ғана білетін билеуші. Ал, халық біліп, мақтан тұтатын билеушілер...

Ұлтқа жасалған қастандық. Жазылмас қасірет. Жарымжан жандар. Ұлттық трагедияға айналған Семей полигонындағы жарылыстан бері жетпіс жыл өтсе де, зардабын бүгінгі ұрпақ әлі тартып келеді. Заманы өзгерсе де, ұлтқа төнген қатер тұрғысында мазмұны өзгеріссіз тарихпен қайта келген сол оқиғаның ұранына айналған бір ән бар. Ақын Ұлықбек Есдәулет пен композитор Төлеген Мұхамеджановтың туындысы бүгінде тағдыры ортақ жапон елінде де шырқалып жүр. Зарлы күндердің куәсіндей «Заман-ай» әнінің шығу тарихы туралы сөз болмақ
Семей полигоны жүрекке жазылмастай жара салды. Тұтас халықтың санасын сілкінтті. Көрген азапты ақындарымыз шығармаға, киногерлеріміз кино желісіне, сазгерлеріміз әнге арқау етті.
Әйтпесе, Бекежан Тілегенов «Қара жел» романын жазар ма еді? Роза Мұқанова «Ләйләнің зарын» кітапқа басып, Сатыбалды Нарымбетов «Қыз жылаған» фильмін түсірмес пе еді? Роза Рымбаева «Заман-ай» әнін шырқамас па еді?

«Ұлдарыңның қайда кеткен құрығы,
Қыздарыңның қайда кеткен бұрымы?
Мейірімге зарықтырған заман-ай,
Туған жердің лайланды-ау тұнығы…»

Иә, сай-сүйегіңді сырқыратар ән. Осы ән шырқалса, көз жасына ерік бермейтін, егілмейтін ел жоқ. Сөзін Ұлықбек Есдәулет, сазын Төлеген Мұхамеджанов жазған бұл әннің, жалпы, тарихы қалай еді?

– Ұлықбек Есдәулет, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы:
Ядролық жарылыстардың зардабынан қазақтың даласы мен елі есеңгіреген сонау 1980 жылдардың аяғында халықтың қаны ағарып, аты жоқ аурулар көбейіп, белгісіз қазалар көбейді. Осы тұста Семей-Невада қозғалысын құрып, атқа мініп, топ жарып, Олжас Сүлейменов Жазушылар Одағынан шыққан кезде мен оның орынбасары едім, Жастар ісі жөнінде көмекшісі ретінде мен де сол үлкен қозғалыстың қатарынан табылдым. Семей-Невада қозғалысына Әнұран боларлық ән қажет болды. Ол маған тапсырылғандықтан, оның сөзін жазуды мойныма алып, әнін іздеген кезде алыстан емес, композиторы өзімізбен бірге қозғалыста жүрген, көп әнді бірге шығарған қаламдасым, қатарласым – Төлеген Мұхамеджанов еді. Төлегеннің «мынау менің домбыраға шығарған әнім еді», деген әнін тыңдап, бір түнде мен оған «Заман-ай» деген әнге сөз жазып бердім.
Алматыдағы Республика сарайындағы акцияда да халықтың қолында осы әннің сөзі болды. Мына ән сол замандағы үкіметтің тыйым салуына қарамастан, орындалды. Кейін халық өзі айтып кетті.
Әнші Роза Рымбаева орындайтын «Заман-ай» әні шыққаннан кейін көп ұзамай Жапонияның Қазақстандағы елшілігі әннің авторы Ұлықбек Есдәулетке хабарласқан. «Қазақ пен жапонның қасіреті бір. Екі ұлт та ядролық сынақтан қасірет көрді. Рұқсат етсеңіз, сіздің және композитор Төлеген Мұхамеджановтың авторлық құқын сақтай отырып, жапон тіліне аударып, әнді орындағымыз келеді», – деп келісім беруін сұраған. Ақын мен сазгерден рұқсат алынғаннан кейін ән жапон тіліне аударылып, Томоко есімді танымал әншісі сахна төріне алып шыққанда, жапондар әннің әсерінен селтиіп тұрып қалған. Қос қолын қапсырып, өткенді еске алған өкініш, қайғылары көздерінен көрініп тұрды. Олар одан кейін әнді ағылшын тіліне аударып, жазықсыз елге ядролық қару тастаған АҚШ естісін деп Америкаға да жеткізді.
Ал біз де ше? Бұл қасіретті ән жарыққа шығып, жөргегіне орап алғанда күші тайса да, әмірі қалған кеңестік билік әнді шырқатпауға күш салды. Шектеу қойды. Десе де, Семей ядролық полигонының зардабын көз алдыңызға әкелетін әнді ел өзі жалғап әкетіп орындап жүрді.

Ақпарат Интернет кеңістігінен алынды.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Мұқаба

Түмен облысында үшінші қазақ тілі сыныбы ашылды

Рессейдің Түмен облысында таяуда қазақ тілі сыныбының ашылуы – ерекше жағдай. Бұл туралы Түмен облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясының президенті...

Шенеунікке пара бергенше…

«Шенеуніктерге пара бергенше, кәсібіңді адал жүргіз» деген оймен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Арман Бердалин «Бизнесті және...

Иран президенті Украина елінен кешірім сұрады

Иран президенті Хасан Роухани украиналық Boeing 737-800 ұшағын атып жерге құлатқаны үшін кешірім сұрады. Хасан Роухани Украина халқына және қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. Сондай-ақ,...

Максим қазақ тіліне қажеттілік туады дейді…

Қазақ тілін қалайша ұлтаралық тілге айналдыруға болады? Осы сұраққа Максим Споткай деген жігіт дөп жауап қайтарды. Ол жігіттің орысша жазған постын қазақшаласақ, былай болып...

Семей былғары-мех комбинаты қайта «тіріле» ме?

Экономиканың аксиома-заңы айтады: кедейшілікті, төмен тұрмысты жеңу үшін жұмыс орындарын барынша көптеп ашу керек. Бүгін ғана орыстың «Комсомольская правда» деген атақты газеті жазды: «Бізде жаңа...

Бектаев бұрыс айтып, Дәленов дұрыс айта ма?

Жуықта ғана Сенат депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаев былай деді: -...Ең бірінші мәселе – ауылдарды сақтау. Ауылдарды сақтағанда, әсіресе, шекарада жатқан ауылдарды сақтау. Біз...

Сондай ақ!