Бектаев бұрыс айтып, Дәленов дұрыс айта ма?

Көп оқылды

Тарихтан тағылым – өткенге тағзым

Семейдегі орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Алаш» қозғалысының 100 жылдығы аясында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихтан тағылым –...

РУХАНИЯТ ЖҮЙЕЛІ САЯСАТҚА ЗӘРУ

Қоғамдық құрылым төңкеріліп түскенде тұтас қоғам да, жеке адам да   өзгеріссіз қала алмайды. Осылайша тәуелсіздіктің екі тізгін, бір шылбыры...

Билік турасында Лао-цзы не дейді?

Ең жақсы билеуші - халық оның бұл өмірде бар екенін ғана білетін билеуші. Ал, халық біліп, мақтан тұтатын билеушілер...

Жуықта ғана Сенат депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаев былай деді:
-…Ең бірінші мәселе – ауылдарды сақтау. Ауылдарды сақтағанда, әсіресе, шекарада жатқан ауылдарды сақтау. Біз жиі көтеріп жүрміз, бұл популизм емес. Ол халқымыз үшін, мемлекетіміз үшін ең үлкен қажетті мәселе. Бізге Ұлттық экономика министрлігіндегі, Қаржы министрлігіндегі мамандар оның бәрі шығыны өте көп, қаржыны мол талап ететін шаруа деп айтады. Жол салу керек, инфрақұрылым мәселесі, халықтың саны деген мәселелерді көлденең тартады. Бірақ оның да жолын табуға болады.
Екіншіден, шекара маңындағы ауылдардың мектептерін сақтап қалу үшін адамдарды сонда көшіріп апару керек. Ол үшін ондағы тұрғындарға өмір сүретін жағдай жасау керек. Жұмыс істейтін жағдай болса, халық көшпейді. Керек болатын болса, көшіп барып тұрады. Осындай нәрсені атқарса деген біздің арманымыз бар.
Өмір және өңір басқару тәжірибесі аса мол Бектаев осылай десе, ондай тәжірибеден ада-күде алыстау Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов биылғы 4-ші желтоқсанда «Ауылдағы өмір жақсырақ, тартымдырақ бола түседі» деп мәлімдеді.
Қалайша?
Былайша дейді: 2026 жылға қарай Қазақстандағы урбанизация деңгейі 62 пайызға жетеді екен. Сонда тұрғындардың кірістері 25 пайызға өседі екен. Ауылдағы елдің тоқсан пайызы тұрып жатқан 3 477 ірілі-орташалы ауылда модернизация жүргізіледі. Яғни, су-, электр,- жылу желілері жақсарады, жол салынады, мектеп, аурухана жайы түзеледі дейді. Осы мақсатқа 1,3 трлн. теңге бөлінеді дейді.
Осыдан бес-алты жыл бұрын осы Семейде аты анда-мында гүрілдеп шығып жүрген бір қайраткер бірде дүрілдеп әңгіме соғып отырды. Баласы Түркияда оқиды екен. Сол баласы бір жолы елге демалысқа келгенде, білгішсініп мынандай пәлсапа айтыпты: Қазақстан халқын жедел арада ірі қалаларға шоғырландыру керек, Түркияда солай істейді екен-мыс. Өйткені, ауылдарды ұстап тұруға көп қаржы кетеді. «Мен де осы ақылды баламның ойын қолдаймын», – деді әлгі қайраткер. Өзі осы өзіміздің Ақсуатта өскен азаматқа: «Ойбуй, сонда шалғайдағы, шекарадағы ауылдардымызды жалаңаштап, жауға тастап кетеміз бе?!», – дедік жан дауысымыз шығып. «Қазір заман басқа, заң басқа, шекараңды жау алмайды, Астанада отырып, төбесінен қарап отырамыз!», – деді қайраткер міз мақпай.
Экономика министрінің айтқаны да осыған ұқсас бір нәрсе ме, қайдам деген шүбә басым бізде.
Күн өткен сайын бір нәрсе ап-айқын болып келеді. Ауылды, яғни, ауыл шаруашылығын дамыту, осы саланың өнімін өндіріп, дүниежүзілік саудаға шығару – Қазақстанның маңдайына жазылып қойған бағы мен бақыты. Мұны жылы кабинетте отырып, әлдеқандай бағдарламалар шимайлап отырған шенеуніктер емес, Қазақ Елінің әр түкпірінде мыңғыртып мал өсіріп жатқан Жақсылық (Үшкемпіров), Зейнолла (Кәкімжанов) сияқты ондаған, жүздеген қазақ жігіттері дәлелдеп отыр.
Сондықтан, ең алдымен Әли Бектаев секілді ауыл жайын жақсы білетін Елағаларының сөзіне құлақ асқан жөн болар….

S.Omir,
«Жерұйық»-ақпарат».

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Мұқаба

Түмен облысында үшінші қазақ тілі сыныбы ашылды

Рессейдің Түмен облысында таяуда қазақ тілі сыныбының ашылуы – ерекше жағдай. Бұл туралы Түмен облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясының президенті...

Шенеунікке пара бергенше…

«Шенеуніктерге пара бергенше, кәсібіңді адал жүргіз» деген оймен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Арман Бердалин «Бизнесті және...

Иран президенті Украина елінен кешірім сұрады

Иран президенті Хасан Роухани украиналық Boeing 737-800 ұшағын атып жерге құлатқаны үшін кешірім сұрады. Хасан Роухани Украина халқына және қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. Сондай-ақ,...

Максим қазақ тіліне қажеттілік туады дейді…

Қазақ тілін қалайша ұлтаралық тілге айналдыруға болады? Осы сұраққа Максим Споткай деген жігіт дөп жауап қайтарды. Ол жігіттің орысша жазған постын қазақшаласақ, былай болып...

Семей былғары-мех комбинаты қайта «тіріле» ме?

Экономиканың аксиома-заңы айтады: кедейшілікті, төмен тұрмысты жеңу үшін жұмыс орындарын барынша көптеп ашу керек. Бүгін ғана орыстың «Комсомольская правда» деген атақты газеті жазды: «Бізде жаңа...

Бектаев бұрыс айтып, Дәленов дұрыс айта ма?

Жуықта ғана Сенат депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаев былай деді: -...Ең бірінші мәселе – ауылдарды сақтау. Ауылдарды сақтағанда, әсіресе, шекарада жатқан ауылдарды сақтау. Біз...

Сондай ақ!