Семей былғары-мех комбинаты қайта «тіріле» ме?

Көп оқылды

Тарихтан тағылым – өткенге тағзым

Семейдегі орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Алаш» қозғалысының 100 жылдығы аясында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихтан тағылым –...

РУХАНИЯТ ЖҮЙЕЛІ САЯСАТҚА ЗӘРУ

Қоғамдық құрылым төңкеріліп түскенде тұтас қоғам да, жеке адам да   өзгеріссіз қала алмайды. Осылайша тәуелсіздіктің екі тізгін, бір шылбыры...

Билік турасында Лао-цзы не дейді?

Ең жақсы билеуші - халық оның бұл өмірде бар екенін ғана білетін билеуші. Ал, халық біліп, мақтан тұтатын билеушілер...

Экономиканың аксиома-заңы айтады: кедейшілікті, төмен тұрмысты жеңу үшін жұмыс орындарын барынша көптеп ашу керек.
Бүгін ғана орыстың «Комсомольская правда» деген атақты газеті жазды: «Бізде жаңа проблема: жиналған триллиондаған рубль-ақшаны қайда жұмсарымызды білмей отырмыз», – деп. Олардың ең мықты деген экономистері осы «артық» ақшаны қайда жұмсау қажеттігін жабыла айтып, жазып жатыр. Сондағы бірінші кезектегі жұмсау қажет дейтін салалары – жол салуға; қазына тұнған алыс аймақтарға инфрақұрылымдар (электр тарту, жол салу, т.б.) құру, кіші өндіріс ашуға микронесиелер беру, т.с.с.
Ал біздің проблема басқаша боп тұр. Кезінде жеңіл өнеркәсібі дүрілдеп тұрған Семейде соның жұрнағындай қалған жалғыз көне зауыт «Семей былғары-мех комбинаты» банкроттыққа жатқызылып отыр.
Қаладағы «Былғары-мех зауыты» мен аяқ киім зауытының 1459 қызметкері мен ардагері Президент Қ.Тоқаевтың атына осы мәселені көтеріп арнайы хат жолдады. Ол хатты Семей қаласының әкімдігі мен қалалық мәслихаттың депутатттары қолдады.
Президент ол хатты үкіметтің арнайы кеңесінде қарауды тапсырды. Сол кеңесте зауыттың бас директоры Жұмағазы Рахымғалиев сөз алды. Ол әлеуетті инвестормен бірігіп, 2024 жылға дейін кәсіпорынның аяғынан тұрып кететінін дәлелдейтін жобаны қорғап шықты. Ол жоба-жоспар бойынша ауыл шаруашылығы шикізатын қайта ұқсатып өңдеу ауқымын біртіндеп ұлғайтуға мүмкіндік бар. 2020 жылдың қазан айына қарай-ақ ай сайын 400 тонна ірі қара терісін ұқсатуға болады. Зауыт оңалтудан өткен жағдайда, 2000-нан астам жұмыс орнын ашуға міндеттенеді. 20-шы жылдан арғы төрт жылдың ішінде кемі 1,3 млрд. теңгенің салығын төлемек. Бұл жерде кәсіпорын басшысы мемлекеттен қосымша қаржы сұрап, болмаса жиналған берешекті «сызып» таста деп отырған жоқ. Тек қана банкроттық туралы шешімнің күшін жойып, кәсіпорынның есебіне салынған тыйымды алып тастауды сұрайды.
«Мен он жыл бойы үндемей келдім….», – деп жұмбақтай сөйлеген Жұмағазы мырзаның айтуы бойынша, егер де барлығы жоспардағыдай жүргенде, былғары-тері зауыты осы бос тұруға мәжбүр болған жылдар ішінде 31 миллион (!) жұп аяқ киім тігуге жететін былғары даярлар еді. Ал бүгінгі күні біздің елде жылына тек 1 миллион жұп қана аяқ киім тігіледі. Осыдан келіп шығатын есеп: мемлекет бұдан түсетін 45 млрд. (!) теңге салықты ала алмай қалды. Жұмысшылар болса, 44 млрд. теңге жалақыдан құр қалды.
Бұған дейін де қалталы инвестор тартқан, бірақ «БРК» банкісімен ортақ мәмілеге келе алмаудың салдарынан іске аспаған сол жоба нәтижесінде 5577 аяқ киім тігуші мен 1234 былғары-тері дайындаушыны жұмыспен қамтамасыз етуге болар еді. Жеті мыңға жуық адам! Бір ғана Семей қаласында.
Зауыттың тоқтап тұрып қалуының кесірі елдегі соның материалына мұқтаж ондаған кәсіпорындардың жұмысына да тиіп отыр. Үкіметтің атына жазылған арнайы хатта елдегі сегіз бірдей аяқ киім фабрикасының басшылары осылай дейді. «Бізге тек өз елімізде шығатын шикізат қана қажет», – дейді олар. Бұл зауытқа ұқсас зауыт ешқайда жоқ: Тіпті, тері-терсек өндірісі өркендеген Түркияның өзінде тек дәл осындай бір ғана зауыт бар екен.
Одан өзге, зауыттың тазалау құрылғыларының жұмысы бірер күнге тоқтап қалған жағдайда, оның аяғы экологиялық апатқа алып келуі мүмкін. Бұл құрылғыларда ақпасуларды биологиялық тазалау жүреді. Су тазалаудан өткеннен кейін Ертіске жіберіледі. Өткен жиырма жылдың ішінде бұдан бір рет те кінәрат шығып көрмеген. Ал егер зауыт банкрот болса, онда зауыттың күшімен жұмыс істеп тұрған тазалау құрылғыларын мемлекеттің мойынына іліп қоюға тура келеді. Бұл қала бюджетіне түсетін қосымша салмақ. Сонымен бірге банкрот болған жағдайда, берешектің тек бір бөлігі ғана бюджетке қайтарылмақ.
«Зауытты банкроттыққа жатқызған сот ісі небәрі қырық минуттың ішінде өтті де шықты. Іс қаралған кезде кәсіпорынның төлем қабілетсіздігіне дәлел болатын бірде-бір дәлел келтірілмеді», – дейді зауыт заңгерлері.
«Қазір штатта екі жүз адам бар. Негізгісі, осы мөлтек ауданда тұратындар. Ертең зауыт жабыла қалса, жұмысшылар тұрып жатқан жатақхана да жылуыз қалмақ. Банкрот болған кәсіпорын оны қалай жылытады?! Осы тұйықтан шығатын жол бар ма?», – деген бас директордың жанайқайы жапандағы жалғыз адамның үніндей жалғызсырай естіледі…

«Жерұйық»-ақпарат».

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Мұқаба

Түмен облысында үшінші қазақ тілі сыныбы ашылды

Рессейдің Түмен облысында таяуда қазақ тілі сыныбының ашылуы – ерекше жағдай. Бұл туралы Түмен облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясының президенті...

Шенеунікке пара бергенше…

«Шенеуніктерге пара бергенше, кәсібіңді адал жүргіз» деген оймен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Арман Бердалин «Бизнесті және...

Иран президенті Украина елінен кешірім сұрады

Иран президенті Хасан Роухани украиналық Boeing 737-800 ұшағын атып жерге құлатқаны үшін кешірім сұрады. Хасан Роухани Украина халқына және қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. Сондай-ақ,...

Максим қазақ тіліне қажеттілік туады дейді…

Қазақ тілін қалайша ұлтаралық тілге айналдыруға болады? Осы сұраққа Максим Споткай деген жігіт дөп жауап қайтарды. Ол жігіттің орысша жазған постын қазақшаласақ, былай болып...

Семей былғары-мех комбинаты қайта «тіріле» ме?

Экономиканың аксиома-заңы айтады: кедейшілікті, төмен тұрмысты жеңу үшін жұмыс орындарын барынша көптеп ашу керек. Бүгін ғана орыстың «Комсомольская правда» деген атақты газеті жазды: «Бізде жаңа...

Бектаев бұрыс айтып, Дәленов дұрыс айта ма?

Жуықта ғана Сенат депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаев былай деді: -...Ең бірінші мәселе – ауылдарды сақтау. Ауылдарды сақтағанда, әсіресе, шекарада жатқан ауылдарды сақтау. Біз...

Сондай ақ!