Қазақ тілін қалайша ұлтаралық тілге айналдыруға болады? Осы сұраққа Максим Споткай деген жігіт дөп жауап қайтарды. Ол жігіттің орысша жазған постын қазақшаласақ, былай болып шығады:
-Айтуға оңай,- дейді Максим,- іс жүзінде бұған ғаламат көп күш керек. Ең бастысы – қалыптан тыс, бюрократтық емес тәсіл қажет.
Тіл мемлекеттік болуы үшін оның Заң мен Ата Заңда бекуі қажет. Ал адамдарды ол тілде бір-бірімен сөйлесуге қалай мәжбүрлеуге болады? Ешқандай да! Мәжбүрлеу мүмкін емес. Тек оған ынталандыруға ғана болады.
Еуропада ешқашан да «Тіл мәселесі» болмаған. Германияда табысты болғың келе ме – онда неміс тілін үйренуің керек. Бұл – өмірлік қажеттілік. Ал бізде болса, әзірге бәрі де басқаша.
Таяу жылдарды қазақ тілі сәнді-салтанатты (модалы) тілге айналуы тиіс. Ол тілде осы замандық туындылар жазылып, блогерлер, көшедегі музыканттар, жас ғалымдар, т.б. осы тілде сөйлеуі тиіс. Президент Тоқаеавтың «Ұлтаралық қарым-қатынас тілі туралы» идеясын тек солай ғана іске асыруға болады.
Барлығымыз басқа да шет тілдерін біле отырып, бір тілде сөйлейтін кез де алыс емес. Міне, сол кезде біздің ұлтымыздың арасында ділдік, рухани және идеологиялық қарама-қайшылықтар ешқашан да болмайды.

«Жерұйық»-ақпарат».

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here