Шенеунікке пара бергенше…

203

«Шенеуніктерге пара бергенше, кәсібіңді адал жүргіз» деген оймен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Арман Бердалин «Бизнесті және инвестицияларды қорғау» жобасы аясында аймақ кәсіпкерлерімен «Antikor» сервистік орталығының алаңында өткізілген іскерлік кездесуде өз сөзін бастады.

Кездесу барысында облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығы кәсіпкерлерге көрсетШенеунікке пара бергенше...ілген сенім мен ынтымақтастық үшін алғыс білдіріп, бизнес-қауымдастық өкілдерін жан-жақты қолдауға дайын екендігін айтты. Өз кезегінде, кәсіпорындар заңды бизнесті жүргізуі тиіс.

Бұл жолы «Ақсай нан» наубайхана кәсіпорны, «ARMANDAS.STAR» зығыр қайта өңдеу және экспорттау кәсіпорны, «Агро КЗ 2017» ЖШС және «TEMIR BARLAU ЖШС әкімшілік кедергілердің алдын алуға және құқықтық қорғауға үміт білдірді.

Айта кету керек, өткен жылы жоба аясында Департамент облыс кәсіпорындарымен 30-дан астам келісімге қол қойды, олардың ішінде «Кокшетауминводы» АҚ, «Тыныс» АҚ, «Новопэк» ЖШС, «Көкшетау автобус паркі» ЖШС, «Нәтиже» сүт фабрикасы» ЖШС, «Айдабол Көкше» ЖШС, «Натур продукт» ЖШС кәсіпорындары.

Кездесуге қатысушылардың өзара тиімді ынтымақтастығы бизнесті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдау туралы келісімдерге қол қоюмен бекітілді. Сүйемелдеу құқықтық кеңестерді, мемлекеттік қызметтерді сапалы ұсынуды қамтамасыз етуді, НҚА жетілдіруді қамтиды. Жобаның негізгі бағыттары кәсіпкерлерді құқықтық қорғау, бизнес үдерістерді оңтайландыру, реттеушілік ықпал ету, қоғамдық бақылау және инвесторлардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылығын арттыру болып табылады.

Айта кетейік, ағымдағы кезеңде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жоба аясында жалпы сомасы 12 трлн.теңгеден астам 402 шетелдік және отандық инвестициялық жобаны сүйемелдейді. Өткен жылдың басынан бері республиканың барлық бизнесмендері мен инвесторларынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке түскен 684 өтініштің 614-і немесе 93%-ы оң шешілді.

Агенттіктің Ақмола облысы бойынша

Департаментінің баспасөз қызметі.

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз