Түмен облысында үшінші қазақ тілі сыныбы ашылды

230

Рессейдің Түмен облысында таяуда қазақ тілі сыныбының ашылуы – ерекше жағдай. Бұл туралы Түмен облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясының президенті Есенгалий ИбраевтыңТүмен облысында үшінші қазақ тілі сыныбы ашылды  Facebook парақшасында жарияланған.

Е.Ибраевтың мәліметіне қарағанда бұл осы облыстағы үшінші қазақ тілі сыныбы екен. Голышманово ауылындағы №4 орта мектеп базасында ашылған қазақ сыныбы жегрілікті ағайынның зор қуанышы. Сол себепті, сыныптың тұсаукесеріне концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, соңы мерекелік дастарханға ұласқан. «Түмен облысы қазақтары ұлттық-мәдени автономиясының бұл бастамасына Голышманово қалалық округінің басшысы Александр Ледаков қолдады. Қазақ тілінің алғашқы сабағына 40 оқушы, сондай-ақ ата-аналар, аталар мен әжелер келіп қатысты. Сыныпқа адам жинау әлі жалғасып жатыр. Ауылдарда қазақ тілін үйренгісі келетіндер баршылық» деп жазады Есенғали Ибраев.Түмен облысында үшінші қазақ тілі сыныбы ашылды

Сонымен бірге ол Голышманово қазақтары ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетті қадірлеп әрі өз өмірлерімен сабақтастыра білетінінін және бұрынырақта дәл осы жерде Түмен облысы қазақтарының алғашқы құрылтайы өткенін сөз еткен. «Бүгінде біздің автономияның жергілікті бөлімшесін Дүйсенбай аға Бекқожинов басқарады. Олар ұлттық-мәдени жобаларды белсене жүзеге асырып жүр. Жергілікті оқушыларға қазақ тілін үйренуде сәттілік тілеймін», – дейді Түмен облысы қазақтары ұлттық-мәдени автономиясының басшысы.

Түмендік туыстарды ендігі жоспары – дәл осындай қазақ тілі сыныбын Ишим қаласынан ашу көрінеді. Лайым ойлары оңынан болсын дейік.

 Жерұйық-ақпарат.

 

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз