Жемқорлықтың әрбір алтыншы фактісі мемлекеттік сатып алуда жасалады

147

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Antikor ortalyǵy» сервистік ғимараттың алаңында облыстық басқармалардың қызметкерлерімен мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордағы сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және жою туралы семинар-кеңес өткізді.Жемқорлықтың әрбір алтыншы фактісі мемлекеттік сатып алуда жасалады

Департаменттің алдын алу және парасаттылық басқармасының басшысы Бақытжан Әмірханов өз баяндамасында атап өткендей, мемлекеттік сатып алу көлемі жыл сайын артып келеді. Мәселен, 2016 жылмен салыстырғанда жалпы бюджет бұл салаға жұмсалатын шығындарды 3 есеге арттырды (1,4 трлн-нан 5,8 трлн-ға дейін). Бүгінде бұл сома 6 трлн теңгені құрайды. Бұл елдің барлық шығындарының жартысы (12 трлн). Бюджет қаражатының мұндай айналымы тиісінше жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындатады.

Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу үдерісіне 18 мыңнан астам тапсырыс беруші мен 80 мыңнан астам өнім беруші тартылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тіркейтін әрбір алтыншы сыбайлас жемқорлық фактісі (1706-дің 305-і) мемлекеттік сатып алу саласында жасалады. Олар бойынша шығын көлемі 2,5 млрд теңгені құрады.

Жалпы қылмыстық схемалар – нақты жеткізушілердің мүдделерін қолдау, техспецификациясы бар махинация, жалған актілерге қол қою. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін негізгі фактор бағаны көтеру жүйелілігі болып табылады.

Спикер осы саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою мақсатында Департамент талдау және мониторинг нәтижелері бойынша заңнамалық сипаттағы ұсыныстар мен ұсынымдар енгізу бойынша жүйелі жұмыс, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордағы сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша практикалық жұмыс жүргізілетінін атап өтті.

Динара Нуртаз,

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

 Агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті.

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз