Еріктілер елдімекендерге бармақ

123
  Еріктілер жылына орай Шығыс Қазақстан облысында «Ауылдғы жаз» жобасы іске асып, жазғы демалыста кәсіби жаттықтырушылар ауылдарға барып, балаларды жаттықтырмақ.
         Қазақстан халқы Ассамблеясының «Tarbie» бағдарламасы аясында «Ауылдағы жаз» жобасы жасалды.
–       Жоба барысында жаттықтырушылар жазғы демалыс орындарына, балалар үйіне және ауылдарға барып, жаттығу жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ, олар жергілікті жаттықтырушыларға да дәріс өткізеді. Бірінші кезекте аудан орталықтары мен қалаларға емес, шалғайдағы елді-мекендерге бапкерлер жіберілетін болады, – деді ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Денис Рыпаков.
Қазірде ауылдар өтініштерін жіберуде. Келген өтініштерге орай арнайы тізім жасалып, жұмыс жүргізіледі.
ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы,
Баспасөз қызметі

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз