«Дамылсыз той жасап дамыған ұлтты көрмедім…»

82

Біз жаңа кезеңге қадам бастық. Қаласақ та, қаламасақ та әлем өзгеріп жатыр. Енді өмір бұрынғыдай болмауы мүмкін. Жаппай жұмыссыздық күнделікті шындыққа айналады. 1999 жылы жер бетінде халық саны 6 млрд болса, 2011 жылы 7 млрдқа жетті. Бар-жоғы 12 жылдың ішінде. Үш-төрт жылдың ішінде 8 млрдқа жетеміз. Адамзат көбейіп барады, демек мәселелер де көбейе бермек. Жұмыссыздық, ресурстың тапшылығы, бұзылған экология мен геосаяси ойындардың соған байланысты өзгеріп отыруы.

«Заманың түлкі болса, тазы боп шал» дейді дана қазақ. Былайша айтқанда бейімдел, адаптация жаса дегені. Біз Еуропа елдерінде машина шығаратын зауыттардың бір күнде маска, ИВЛ аппарат шығаратын қалыпқа ауысқанын көріп отырмыз. Мұндай тенденция Қытай, АҚШ, Жапония және басқа дамыған елдерде орын алуда. Олар жаңа заман сынағына тез бейімделетінін көрсетті. Тез бейімделу – тірі қалу деген сөз!

Бізге де сол бейімделуді бастан өткізу керек. Қажет емес шығындарды азайтқан жөн. Әсіресе мал шашпақтықты доғарайық. Дамылсыз той жасап дамыған ұлтты көрмедім. Бұл дархандықтың емес, ақымақтықтың белгісі. Тойхана салғыш ұлттар зертхана салғыш ұлттарға тамсанумен өтетін болады. Бұл ақиқат.

Асхат Қасенғали

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз