Шекара…

112

Жалпы шекаралық аймақтарда екі жақ салыстырмалы түрде көрініп тұрады ғой.

1991-2000 жылдары Қытаймен шекаралас аймақтарымызда екі жақта да аса бір ерекше өзгерістер байқалмады.

2000-2005 жылдары Қытай жағында халық шоғырланып, жиі қоныстана бастады. Жаңа ауылдар, аудандар пайда бола бастады. Қытай ауылдары түнде жұлдыздай жамырап жатты. Шекара бақылау жаңа жүйелеріне көшіп, жаңа ғимараттар тұрып көзге көріне бастады. Ал біздің шекаралық аймақтарда керісінше халқы үлкен қалаға қашып, қаңыраған бос үйлер қалып, жұлдыздары сиреп сөне бастады. Шекара заставаларымызда орыс калачниковын асынған солдаттар мен ескірген орыс әскери техникалары, баяғы кеңес дәуірінде соғылған ескі әскери ғимараттар…

2005-2010 жылдары Қытай жағында коммуникацияларды дамытып, жолдар төселіп, тіпті қытай интернетін шекаралас біздің ауылдар тегін пайдалана бастады. Қытай жағы шекара қызметтерін мобилдендіріп, модернизациялау бастады.

Ал біздің шекаралық аймақтарда бәрі керісінше орын алып жатты. Тіпті өзіміздің телефон, интернетіміз өзімізге бұйырмай, төбешіктер не жүгіріп, бір палочка, екі палочка деп антенна қуып жүрдік. Қайта қуаты күшті қытай интернеті амалым тауып пайдаланатындар болды (бұл әрі информациялық тұрғыда қауіпті). Аулдарымыздағы театр, клуб сияқты мәдени ошақтар қиратылып, орнымен жоғалып жатты.

2010-2015 Қытай жағында үлкен қалашықтар пайда болып, үлкен ғимараттар бой көтеріп, үлкен жолдар, жол айрықтары салына бастады. Тіпті шекараға тақап тақап келіп бір күні қосылып кететіндей көрініс. Шекара бақылау жүйесінде сырт көзге көрсетіп жасалған жаңалықтарының өзі таңқаларлық еді. Енді сырт көрінісіне қарап, оның көзге көрінбейтін құпия жағын елестетудің өзі қиын. Ал біздің шекаралар сол баяғы калачниковын асынған сарбаздар мен тозығы жетіп босаған ауылдар…

2015-2020 Қытай шекараларында үлкен қалалар тұрып, керемет модернизациялар жасалып, шекаралық бақылау жүйелер толық автоматтандырыла бастады. Шекара аумақтарына жиі жиі ерекше құрылғылар орнатып, автоматтандырылған бақылау және дабыл жүйелерін орнатты. Көргеннен ақ үрейленесің. Тіпті енді жетеді… дегендей интернетін де бақылауға алып, біздің ауылдарға интернет жайылмайтын блок қойып тастады. Ал енді бұл жылдары біздің шекаралық аймақтарға аздап, сәл-пәл көңіл бөлінгендей нышан байқалды. Ауылдар енді енді қайта жандана бастады. Бірақ шекаралары сызба әлі сол ескі әскери ғимараттар мен калач асынған сарбаздар мен санаулы орыстың ескі әскери техникасы…

Serik Omirtay

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз