АҚШ билігі қателесіп 858 босқынға азаматтық берді

АҚШ билігі қателесіп 858 иммигрантқа азаматтық беріп қойған. Кейін босқындардың Америкаға қауіп төндіретін елдерден келгені анықталды, деп хабарлайды BNews.kz.

Босқындар азаматтық беру туралы өтініштерінде аты-жөндері мен туған күндерін өзгерткен. Олардың кейбіріне қатысты депортациялау туралы шешім де шығарылыпты, деп жазады lenta.ru.

Саусақ іздері сандық каталогтарда болмағандықтан, арнайы қызмет алаяқтарды бірден таба алмады. Билік қандай қауіпті елдер туралы сөз болып отырғанын нақтылаған жоқ, алайда бұл мемлекеттер АҚШ-тың біртұтастығына нұқсан келтіретінін атап өтті.

Сонымен қатар, қателікпен АҚШ азаматы атанған үш иммигрант көлік саласына жұмысқа тұрып, әуежайлар мен порттардағы жабық аймаққа кіруге мүмкіндік алғаны белгілі болды. Ал біреуі полицей болып орналасқан. Қазір олардың барлығы анықталып, жабық аймақтарға кіруге тыйым салынды. Көші-қон ведомствосына дерекқорды тез арада сандық форматқа көшіру туралы тапсырма берілді.

FacebookTwitterGoogleVkontakte Whatsapp


[main-questions-list]

Тағы оқыңыз:

Facebook пікір