Таңдай қақтырған «Таңбалы»

Белгілі қаламгер, Халықаралық “Алаш” силығының лауреаты Әділбек Ыбырайымұлының әлеуметтік желідегі парақшасына көңіл аудару әдетімізге айнала бастады. Себебі, онда отандық туризм мен экологиялық тақырыптарға қатысты қызықты материалдар жиі беріліп жүр. Байтақ даламыздың бай табиғатына қатысты алуан дерек алуға болатын жарияланымдарды өз ортамызбен бөлісу мақсатында автордың “Таңбалысын” ортаға салуды жөн көрдік.

“Жерұйық”

Таңбалы тарихи-мәдени және табиғи мемлекеттік қорық-мұражайы Алматы облысы, Жамбыл ауданының өңірінде. Алматы қаласынан 170 шқ солтүстік-батыста орналасқан. Қарабастау ауылына тиіп тұр.

Таңбалы қорық-мұражайының жалпы ауданы 3800 гектарды құрайды, ал көруге ұрықсат етілген аумақ 24 гектар.
Таңбалы шатқалында жүзден астам әр түрлі уақыттағы ескерткіштер бар. Қола дәуірінен 19-20 ғасырларға дейінгі аралықты қамтыған тарихи сілемдерге бай. Онда қоныстар, молалар, ертедегі тас қашалған орындар, петроглифтер және табыну ғимараттары (құрбан шалынатын жерлер) орналасқан.
Осының бәрі бірігіп үш мың жыл бойы біздің еліміздің көптеген ертедегі және қазіргі кездегі халықтарының тарихын нақтылы көрсететін археологиялық кешен құрайды. Ол кешен 3000-ға жуық петроглифтер (1—5 топ) сақталған жақпар тас болып табылады.
Таңбалы петроглифтер галереясы өзіндегі қола дәуірінің тайпаларының ертедегі мифологиясы негізіндегі көркем хикаяны нақтылы түрде көрсетеді.
2005 жылғы 19 қыркүйекте Таңбалыны ЮНЕСКО Бүкіләлемдік Мұралар Тізіміне енгізген болатын. Алайда, адамзат мұрасына айналған орынның алғашқы онжылдығы атаусыз қалды.
Сондай-ақ, орыс тілді ағайындар «Тамгалы» деп жазатынына таң қалам. «Танбалы» деп жазса қайтер екен.
Қалай дегенде де бұл археологиялық ландшафтың таң қаларлық тұсы жетеді.
Ендеше, бірге аралап көрелік.

FacebookTwitterGoogleVkontakte Whatsapp


Facebook пікір

Блог бетіне кіру
*
*

Желімен кіру:



*
*
*
Кілтсөздерді растау