Экономикалық өсiмдi қамтамасыз ету үшiн Қазақстанға революциялық шаралар қабылдау қажет

Ораз Жандосов: Экономиканы революциялық шаралар құтқарады

Таяуда Алматыда Young Presidents’ Organi­zation ұйымының қазақстандық бөлiмшесi және Сентрас қаржы холдингiнiң ұйымдастыруымен дәстүрлi Kazakhstan Growth Forum ұйымдастырылды. Форумға кәсiпкерлер, түрлi деңгейдегi компания жетекшiлерi, iскерлер, сарапшылар қатысып, өз тәжiрибе­лерiмен бөлiстi. Жаһандық экономикадағы келелi мәселелердi қозғап оның шешiмi жөнiндегi ой-ұсыныс, пiкiрлерiн ортаға салды. Биылғы басқосу “Қазақстандық басқару моделi” деген тақырыпқа арналды.

Форумда халықаралық сарапшылар әлемдiк қар­жы-экономикалық дағдарыс тұсында тығырықтан шығу жолдарын айтып, бағыт-бағдар көр­­­­сеттi. Мысалы, EY серiктесi Михаил Романов жаһандық экономика қарқынды дамып жатқан кезеңде Қазақстан ескi­ше жұмыс iстеп жатқанын атап өттi. Ол өз сөзiнде: “Қазiр креа­тивтi жобалар заманы. Кiмнiң басында тамаша идея бар, соның тасы өрге домалауда”, – дедi. Отандық сарапшылар арасынан монополия­ға қарсы күрес комитетi төрағасының орынбасары Асан Дәрбаевтың баяндамасы қызық болғанын мамандар айтып жатыр. Ал Астана халықаралық қаржы орталығының басшысы Қайрат Келiмбе­тов: “Қаржы дағдарысынан сәттi шығуға Қазақстанның мүмкiншiлiгi мен қоры жеткiлiктi. Үкiмет бұл тұр­­ғыда дұрыс бағыт ұс­тануда. Күнi кешеге дейiн оңтайлы шешiмдер қа­был­дады. Мәселенi шешуде әрi тұрақты дамуда бұрынғыша мемле­кеттiк корпорациялардың рөлi мен орны ерекше. Бiз соларға иек артамыз”, – дедi. Бұған қарсы пiкiрдi бiлiктi экономист, бiлгiр сарапшы Ораз Жандосов бiлдiрдi. Ол отандық экономиканың қат-қабат түйт­кiлдерi барын, ең бас­тысы, ел экономикасын тұрақтандыру үшiн революциялық шаралар қа­былдау қажеттiгiн баса айтты. Ол өз сөзiнде былай дедi:
–             Егер 2017-2021 жыл­дарға болжамдалған ЖIӨ өсiмiн негiзге алып қарайтын болсақ, демо­графияны есепке алғанда Қазақстан бәсекеге бе­йiм әлемнiң 30 елiнiң қатарына енбейдi. Менiң ойымша, экономикалық өсiмдi қамтамасыз ету үшiн Қазақстанға радикалды, тiптi революциялық шаралар қабылдау қажет. Кәрiм Мәсiмов кезiндегi үкiметтiң жасаған болжамы бойынша, 2017-2021 жылдардағы бесжылдыққа экономикалық өсiмнiң орташа қар­қыны 2,4-2,5 пайыз көле­мiнде белгiленген. Егер халықтың орташа өсiмiн 1,4 пайыз деп алған күнде ЖIӨ-нi жан басына шаққанда бiр пайыздық өсiмге ие боламыз. Экономиканың өсiмi бойынша Қазақстан үкiметi өз алдына амбициясы кем мiн­дет қойған. Мысалы, Түркия, Малайзия ЖIӨ өсiмiн 4-5 пайыз көлемiн­де болжап жатыр. Қо­сымша құнды тек жеке бизнес беруде, ал үкiмет оны бөлумен ғана шекте­ледi. Тағы бiр мемлекет­тiк компанияны құрудың қажетi жоқ. Жалғыз, бi­рақ тиiмдi мемкомпанияның болғаны жақсы. Сiз­дер тиiмдi бiр мемкомпанияны атай аласыздар ма? Ме­нiңше, бұл күрделi жағдай. Қазiр үкiмет бизнеспен келiсе отырып, ЖIӨ өсiмiн қамтамасыз ете алатын радикалды ше­шiм­дер қабылдауы тиiс. Егер Қазақстан экономикасы 4-5 пайызға өспесе, онда бiз кедей­шiлiк, урбанизация мәсе­лесiн шеше алмаймыз. Мысалы, қосылған құн салығы құрылымы жағынан өте нашар салық. Мүм­кiн одан бас тарту керек шы­ғар? Егер бiз одан құтылсақ, онда бизнес кәдiмгiдей жеңiлдеп қа­лады, жемқорлық азая­ды. Мен зейнетақы жинақ жүйесiнiң авторы болсам да, күнi бүгiнге дейiн жиналған салымды мемле­кет­­тендiруге қарсы емес­пiн. Мүмкiн, осы жи­нақ жүйесiнен бас тартармыз, дегенмен үкiмет са­лық түсiмiнiң деңгейi төмендейдi деп қорқатын болса, онда әлгi 10 па­йызды қалдырайық. Тә­уелсiз Қазақстанның тарихында ең жоғары экономикалық өсiм – 13,5 пайыз 2001 жылы болды. Онда мен үкiмет басшысының орынбасары едiм.
“Жас Алаш”

FacebookTwitterGoogleVkontakte Whatsapp


Тағы оқыңыз:

Facebook пікір