Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайының ғылыми қоры Ұлы ақынның монғол тіліне аударылған шығармалар жинағымен толықты,-деп хабарлайды Жерұйық сайты аталмыш мұражай баспасөзіне сілтеме жасап.
Семейдегі М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж директоры, ф.ғ.к., Шаған Алдамжарқызы Жанаева Монғолиядағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен шыққан Абай Құнанбайұлының шығармалар жинағын Абай мұражайының қорына табыстады.
Абай есімі – қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының символы болып табылса, көршілес туысқан халықтардың да Абайға көрсетіп жатқан бұл ерекше ілтипаты, құрметі екі ел арасындағы достық, ынтымақтастықтың белгісі. Баға жетпес Абай мұралары бүкіл әлем кеңістігінде әлі де жарық көріп өз орнын табады және таба бермек.