• Click here - to select or create a menu
Жерұйық

Kazakhstan, Semey

Home
Жаңалықтар

Абай жерінде «Жігіт сұлтаны – 2016» анықталды

Қазан 14th, 2016 Жерұйық comments 196

«Ұлы Дала елі»  жобасы аясында киелі Абай жерінде облыстық Ішкі саясат басқармасы «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Жігіт сұлтаны – 2016» байқауы өтті.

Жастарға ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді, ұлттық ойындарды дәріптеп, қазақстандық патриотизмді насихаттауға бағытталған бұл байқауды көрген де, көрмеген де арманда,-деп жариялады ФБ парақшасында Сымбат Рамазанов.

Сәйгүлік жүйрік атқа мініп, қасында құмай тазысын ертіп, артынған берен мылтығы, қансонарда аңға шығатын қыран бүркіті бар бөрікті жігіттердің дүбірлі додасы жұрттың рухын бір көтеріп тастды.

“Байқаудың бірінші бөлімінде жігіттер жамбы ату, теңге алу, аударыспақ, қазақ күресі, қол күрестіру, гір көтеруден білектері мен күштерін сынасса, екінші бөлімде күмбірлетіп домбырада ойнап, ұлттық әндерімізді шырқап, мың бұралып биледі, «Абай жолы» эпопиясынан, тәуелсіздік, ұлттық салт-дәстүр тақырыбы асында қойылған сұрақтарға жауап берсе, ерекше өнерімен таң қалдыруы сайысында автокөлікке арқан тартып тісімен орынынан сүйреді…
Бас жүлдені сөз жоқ аса басымдықпен Абай ауданы жеңіп алса, екінші орынды Жарма ауданы, үшінші орынға Аягөз ауданы ие болды. Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының арнайы 20 000 теңгелік сертификатымен Ұлан және Күршім аудынан келген жігіттер марапатталды”

 

VK
Facebook
Twitter
Google+
Odnoklassniki
Mail.ru
E-mail
Бағалау: 0

Facebook пікір

Жерұйық

Жерұйықпен бірге болыңыздарЖазба қосу

  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
  • Back to top
Рейтинг
Ескерту
Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Байланыс:

E-mail: [email protected]
Веб-редактор:
+7 747 545 1548
Куәлік
Мемлекеттік тіркеу №16182 - СИ. 2016 жыл
© "Жерұйық" ақпараттық-танымдық порталы
ДизайнЖерұйық
  • Жаңалықтар
    • Жаһан
    • Аймақ
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
Бас бет
Кіру
Кіру
Тіркелу
Тіркелу