«Ұлы Дала елі» жобасы аясында киелі Абай жерінде облыстық Ішкі саясат басқармасы «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Жігіт сұлтаны – 2016» байқауы өтті.
Жастарға ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді, ұлттық ойындарды дәріптеп, қазақстандық патриотизмді насихаттауға бағытталған бұл байқауды көрген де, көрмеген де арманда,-деп жариялады ФБ парақшасында Сымбат Рамазанов.
Сәйгүлік жүйрік атқа мініп, қасында құмай тазысын ертіп, артынған берен мылтығы, қансонарда аңға шығатын қыран бүркіті бар бөрікті жігіттердің дүбірлі додасы жұрттың рухын бір көтеріп тастды.
“Байқаудың бірінші бөлімінде жігіттер жамбы ату, теңге алу, аударыспақ, қазақ күресі, қол күрестіру, гір көтеруден білектері мен күштерін сынасса, екінші бөлімде күмбірлетіп домбырада ойнап, ұлттық әндерімізді шырқап, мың бұралып биледі, «Абай жолы» эпопиясынан, тәуелсіздік, ұлттық салт-дәстүр тақырыбы асында қойылған сұрақтарға жауап берсе, ерекше өнерімен таң қалдыруы сайысында автокөлікке арқан тартып тісімен орынынан сүйреді…
Бас жүлдені сөз жоқ аса басымдықпен Абай ауданы жеңіп алса, екінші орынды Жарма ауданы, үшінші орынға Аягөз ауданы ие болды. Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының арнайы 20 000 теңгелік сертификатымен Ұлан және Күршім аудынан келген жігіттер марапатталды”