Қарашаға қарай «Қара пимаға» барайық…

«Қара пима»  спектаклі сахналанады

Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық драма театрында,   Ұлықбек Есдәулеттің  «Қара пима»  поэмасының  желісімен  жазылған   Айбек Сапышевтің драмалық туындысының премьерасы өтеді.

 

Шығарманың халыққа ой салатын көріністері өте көп. Жақсылық пен жамандық, махаббат пен ғадауат, қарама-қайшылықтың бәрі көрініс арқылы суреттелген. Дер кезінде қол ұшын созу, уақыт қадірі, адам құндылығы спектакльді әсерлі етіп, қуатын молайта түскен.

Театр маусымы ашылғаннан бері қызыу дайындықта жүрген, бабы келіскен актерлер қауымы спектакльге тыңғылықты дайындалуда. Әсіресе, бүгінгі қоғамның тыныс-тіршілігін тамырдан басқан шығарманың шиленісі, әртістерге шабыт беріп, спектальдің көркем қойылуына, шынайы шығуына, молынан әсер етуде.

 Сіз өмір сүріп жатқан қоғамның кейбір әлсіз тұстарын, сабақ алатын жағымды, жағымсыз жақтарын суреттейтін спектакльді көргіңіз келсе, премьераға келіңіздер!

20-30 қазан күндері Абай театрында

Мерей Қартов, Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық драма театрының әдеби бөлімнің меңгерушіңсі.

FacebookTwitterGoogleVkontakte Whatsapp


[main-questions-list]

Тағы оқыңыз:

Facebook пікір