Бұл заманның батыры

Арақ деген әзәзілді жеңіп едім,шылым деген шайтанмен де күресім нәтижелі аяқталған сияқты.Ашу деген албастымен айқасу қалды енді.Адам баласы бойын шайтанға билетпей өзі билеуі керек.Құдай берген сабырлылық,имандылық сияқты керемет қасиеттерін сақтап,Ашушаң,имансыз болып шайтанға ермеуі керек.Арақты қойып жүрген кезімде күнде арбайтын,кеттік жүр біреуден сұрап алып беремін деп.Мазамды алма деп қуып жібердім.Жарайды онда шылым тартып тұр деп шылымын ұсынып жүрді.Дос болғым келмей кетті ештеңең де керек емес енді келме деп қуып жібердім.Көшеде көрсем қарамайтын болдым.Құдай шайтанмен дос болмаңдар деп айтты ғой.Қыздардың қылығын кетіріп шешіндіріп сылқым сайқалға,еркектің есін кетіріп ессіз есекке айналдырғаннан өзге не пайдасы бар. Адамдар шайтанның досы емес Алланың құлы екенін түсініп өздерін қолға алуына уақыт ешқашан кештік етпейді.Арақ ішкенде керемет батырмын деп ойлап кім көрінгенмен төбелесесің.Арақ ішпей-ақ спортпен айналыс сонда өзіңді батыр сезінесің.Ішкенде қатынға да қадірің болмайды.Арақ ішкішпін мақтанған еркекті көрсем де,байым ішкіш деп мақтанған қатынды көрмедім.Шайтанның бұзық батыры болғанша,Құдайдың момын құлы болайық.

FacebookTwitterGoogleVkontakte Whatsapp


Тағы оқыңыз:

Facebook пікір