Ресейлік 4 жасар Белла 7 тілде сөйлейді

Ресейлік 3,5 жасар бүлдіршін қыз Белла Девяткина қазірдің өзінде жеті тілде еркін сөйлейді. Бұл туралы «Россия1» телеарнасы хабарлады.

Мәскеуде тұратын Белланың еркін білетін тілдері арасында орыс тілінен басқа, ағылшын, неміс, испан, француз, қытай және араб тілдері бар.

Егер сіз Белланы репетитордың үйретуінде әбден зардап шегіп, запыста болып жүрген бүлдіршін деп ойласаңыз, қатты қателесесіз. Балақай әлі еркетотай. Соған қарамастан, тіл үйренуге келгенде өте қабілетті болып шықты.

Арнайы шоу кезінде одан емтихан қабылдамақ болған тіл мамандары кішкентай полиглот қыздың осыншалықты алғырлығына, сынақтағы әрбір тілді соншалықты табиғи қалыпта, өте еркін деңгейде меңгеріп шыққанына таң қалды.

FacebookTwitterGoogleVkontakte Whatsapp


Тағы оқыңыз:

Facebook пікір