Кез келген ғылымның нышанаты (предмет) құрылымданады, осы ғылымдағы реалды феномендердің мибылығының арасынан мүшеленеді. Дәл осы мәнісінде ғылыми қисындылық тұрғысынан өз пәнінен бұрын туындайды, өйткені, әдебиетті зерттеу үшін ең алдымен әдебиеттанудың не екендігі турасында сауал қойған оңды.
Әдебиеттану өзінен-өзі ұғыныла салатын дүние емес, өзінің мәртебесі жағынан ең мәселесі көп ғылымға жатады. Шындығынадағ көркем әдебиетті, яғни, неге бұқаралық өндірістік әм қасақана ойдан шығарылған мәтіндерді қолданушылықты оқып үйренуге тиіспіз? Иә, оны тіптен немен ақтап аламыз (Ю.М. Лотман)? Осылайша, әдебиеттің нышанатының өзі түсіндіруді қажет етеді.
Басқа шартты-«ойдан шығарылған» (условно-“вымышленную”) болмыс-бітімге ие мәдени біліктерге қарағанда (атап айтар болсақ, мысалға, шахмат ойыны сиықты), әдебиет қоғамға қажетті дүние болып табылуының дәлелі – түрлі өркениеттердегі міндетті түрде мектепте оқытылатын пән де саналуы. Романтизм дәуірі кезінде В эпоху а (немесе “заманалық дәуірдің”, modernity бас кезінде) Еуропада әдебиет қоғамның әрбір мәдениеті мүшесі игеруге тиісті міндетті білім қоры ғана емес, сонымен қатар, қоғамдық күрес, идеологияның формасы деп пайымдалды. Әдеби бәсекелестіктің спорттық бәсекеден айырмашылығы қоғамдық маңыздылыққа ие екендігінде; бұдан шығатыны: әдебиет турасында сөз қозғаған шағымызда шын мәнісінде, өмір туралы (“реалды сын” жайында) пікір айтамыз. Тап осы дәуірде түрлі мәдениеттердің шартты қатыстылығы ашылды, ал, бұл өз кезегінде әдебиет туралы нормативтік ұғынымнан (идей “жақсы талғам” идеясынан, өлең өлшеміндік “түзік тіл”, сюжеттүзілімнің канондық формаларынан) бас тартуды білдіреді.
Бұл варианттарды сипаттап жазу үздікті анықтау мақсатында емес (тұқырта айтатын болсақ, жеңімпазды анықтау үшін емес), адами рухты шынайы ұғындыру қолданылады. Романтика дәуірінде өмірге келген әдебиеттану тап осымен айналысты. Сонымен, ғылыми әдебиеттанудың екі тарихи алғышартты бар – әдебиеттің идеологиялық маңыздылығы мен мәдени қатыстылығын тану.
Әдебиеттанудың өзіндік ерекшелігінің күрделілігі әдебиеттің бір жағы – «өнердің» бір түрі болса да, өзінің материалы ретінде тілдік материалдарды пайдаланушылығынан өзгелерден еректенушілігінен тұрады. Мәдениет туралы ғылымда кейбір метатіл ілкі тілді сипаттау үшін амалятқа сай келеді.
Метатіл мен тіл-нышанаттың арасындағы қисындылық талап ететін ерекшелік бейнелеу өнері мен музыканы зерттеген шақта өзінен-өзі белгілі болса, (табиғи) тілді өз қәдесіне жаратын әдебиетті зерттеуге қатысты өзін керек етпейді. Әдебиет туралы рефлексия өзі қарастыратын тіл өнерінен асып түсетін асып түсетін өздік концептуалды тілді жасап шығу жолында күрделі жұмыстар жсауға мәжбүр.
Тап осындай рефлексияның формаларының көпшілігі ғылыми сипатты иелене алмайды. Тарихи тұрғыдан алғанда олардың ішіндегі ең біршама маңыздысы әдебиеттанудан көп ғасыр бұрын өмірге келген сын және мәдениетте соңғы кезде институционалданған басқа бір дискурс – риторика. Заманалық әдебиет теориясы көп жағдйада дәстүрлі сын мен риториканың идеяларын пайдаланғанымен, бағыт-бағдары мүлдем өңге болып келеді. Сын мен риторика қашанда не аз, не көп мөлшерде нормативтік сипатқа иелік етеді. Риторика – адамды мәтінін дұрыс, әуезелі әм иланымды қылып құруға үйрететін мектеп пәні. Аристотелден бастап ақиқатқа талпынатын философия мен пікір түзу үшін жұмыс жасайтын риториканың арасында шектеушілік жасалынып.
Риторика тек қана ақын мен жазушыға ғана керек емес, сонымен қатар, педагогқа, адвокатқа, саясаткерге, тіптен әлдекімді иландыруға тырысатын кез келген адамға қажет. Риторика дегеніміз – шахмат ойынының теориясымен немесе әскери өнермен бір қатарда тұратын тыңдаушысын сендіру жолындағы күрес өнері: бұның барлығы бәскелестік кезінде табысқа жетуге көмектесетін тактикалық өнер. Сынның өзгешелігі ол риторика сияқты ешқашан мектепте оқытылған емес. Ол қоғамдық ойдың еркіндік шеңберіне жататындықтан, оның бойында индивидуалдық, төлтумалық бастау көз басым болып келеді. Заманалық дәуірде сыншы – мәтіннің еркін тәпсірлеушісі болып табылатын «жазушының» түр ерекшелігі. Сын риторикалық және әдебиеттанушылық білімнің жетістіктерін кәдеге жаратқанымен, әдеби немесе қоғамдық күрестің мүддесі үшін іске асырады. Қалың бұқараға қарата ой толғауы оны әдебиетпен бір қатарға қояды.
Сонымен, сын риториканың, көсем сөздің, көркем әдебиет пен әдебиеттанудың шекараларын бір арнаға тоғыстырады.
Метаәдеби дискурстарды (металитературный дискурс) жіліктеудің (классификациялаудың) өзге әдісі – мәтін талдаудың үш типін: комментарийді, интерпретацияны, поэтиканы “жанрлық” шектеу. Комментарий үшін әдетте мәтін аясын кеңейту үшін келсін-келмесін беймәтіндік (вне-текст) сипаттамалар (дәл солай автор биографиясы немесемәтін тарихындағы фактілері, оған басқалардың берген бағасы; атап өтілетін жағдаят, мысалға, тарихи оқиға, мәтіннің ақиқат деңгейі; мәтіннің бізге ескірген сөздер секілді онша түсінікті бола бермейтін дәурілік тілдік және әдеби нормалармен арасалмағы; норадан ауытқудың мәнісі мен автордың олақтығы, басқа норманың соңында кету немесе саналы түрде норманы бұзу) тән болып келеді. Мәтінге түсініктеме берген шақта ол осы сөздің кең маңынасында конмәтінге қатысты шексіз элементтерге бөлшектеніп кетеді. Интерпретация мәтіндегі не аз, не көп мөлшердегі (қашанда қажеттілікке орай жекенің тұтас мәтінге қатысын білдіретін) байланысқан және тұтасқан мәнді анықтайды; ол қашанда кейбір әм саналы, әм бейсаналы идеялық алғышарттардан туындап, қай кезде болмасын саяси, этикалық, эстетикалық, діни және т.б. бедерленеді. Ол кейбір нормалардан бастау алады, яғни, бұл сынның өзіне тән қызметі. Әдебиеттің ғылыми теориясы конмәтінмен емес, мәтінмен айналысатындықтан оның еншісіне көбіне мәтіннің көркемдік сапасы еш керексіз болып табылатын поэтика – көркем форманың типологиясы, дәлірек айтар болсақ, дискурстың формасы мен жағдаяты (ситуациясы) тиеді. Поэтикада мәтін хикаяттаудың, композицияның, персонаждар жүйесінің, тілдік ұйымдастырудың ортақ заңдарының бедерленуі деп қарастырады.
Әуел баста әдебиет теориясы – дискурстың мәңгілік типтері жайындағы транстарихи пән болып табылды, ол Аристотелден бастап дәл солай болып саналды.
Заманалық дәуірде оның мақсаты қайыра пайымдалды. А.Н. Веселовский тарихи поэтиканың қажеттілігін тұжырымдап берді. Бұл қосынды – тарих+поэтика – мәдениеттің вариативтілігін мойындап, ондағы түрлі формалар мен дәстүрлердің алмасып отыруын білдіреді. Бұндай алмасулардың процесінің өзі өздік заңдарына иелік етіп, оларды танып білу әдебиет теориясының міндетіне жатады.
Демек, әдебиет теориясы дегеніміз – тек қана синхронды болып қоймайды, сонымен қатар, диахронды да болып келеді, бұл тек қана әдебиеттің ғана емес, сонымен бірге, әдебиет тарихының да теориясы болып есептелінеді.
Әдебиеттану аралас ғылыми пән болып табылады. Оның біріншісі – лингвистика. Әдебиеттану мен лингвистиканың арасындағы шекаралық меже өте нәзік, тілдік амаляттың көптеген құбылыстары өзіне тән көркемдік қасиеті тұрғысынан және одан тысқары, таза тілдік фактілер, мысалға, хикаяттау, троптар мен фигуралар, стиль түрінде қарастырылады. Әдебиеттану мен лингвистиканың пәндік қарым-қатынасын өзараларында кондоминиум ортақ айлағы бар, осмос (өзара кірігісу) түрінде сипаттауға болады. Оның үстіне, лингвистика мен әдебиеттану тек пәни-нышанат жағынан ғана емес, әдіснама жағынан да бір-біріне жіпсіз байланған. Заманалық дәуірде лингвистика әдеби зерттеулер үшін әдіснамалық амал-тәсілдерді ұсынады, бұның өзі екі ғылымды бір ортақ пән аясына – филологияға біріктіруге негіздеме болып табылады.
Салыстырмалы-тарихи тілтану тілдердің ішкі сан алуандығы идеясын жасап шықты, ол кейін көркем әдебиеттің теориясына арқау болса, структуралдық лингвистика құрылымдық-семиотикалық әдебиеттануға негіз болды.
Әрқашан әдебиеттанумен бірге өзара әрекет жасасып келеді. Шындығында, оның әсерінің басым бөлігі назариятық-әдеби (теоретико-литературной) емес, конмәтінді сипаттаумен байланыстылықтағы түсініктемелік жапсарда. Дегенмен тарихи поэтиканың дамуы барысында әдебиеттану мен тарих арасындағы қатынас күрделене түстіп, екі жақтылық қасиетті иеленіп: тек қана бұрынғыдай тарихтан идея мен мәлімет алып қана қоймай, әдебиетте оған қажетті материалдарын бере бастады.
Дәстүрші тарихшы үшін мәтін – өңдеу мен еңсеруді керек ететін аралық материал; ондағы дәйексіз (ойдан шығарылған) элемент жарамсыз етіп, тек қана аталған дәуірге сәйкесетіндерін ғана екшеп алатын «мәтін сынымен» айналысады. Әдебиеттанушы барлық уақытн мәтінмен жұмысқа арнап, оның құрылымынан қоғамдағы реалды тарихпен байланыстылыққа қатысты өзінің аңғарғанын табады. Тұрмыс-тірішілік поэтикасы ішін ара тап осындай: көркем әдебиетте жазылған тіршілік кешудің заңдылықтарына арқа сүйеп, бейәдеби амалятта жүзеге асырылатын ұқсас модельдерге бөлшектейді. Қоғамның бейәдеби тарихы көп жағдайда мәтін ретінде сипатталады, яғни, әдебиеттану өздігінен бейәдеби тіршілікте көрініс табатын идеялар мен структураларды жасап шығады.
Осындай әдебиеттану мен тарихтың арасындағы екі жақты қарым-қатынасты жасап шығуға семиотиканың пайда болып дамуы түрткі болды. Семиотика (таңбалар мен табалық процестер жайындағы ғылым) сложилась как расширение лингвистикалық теориялардың кең ауқымдануы нәтижесінде өмірге келді. Ол мәтінге тиімді талдаудың, мысалға, теңіздің кодтық байрағы мен электрондық кодтарға дейінгі арнайы ақпараттық жүйелерді сөз етпегенде, бейнелеу өнерінде, кинода, театрда, саясатта, жарнамада, үгіт-насихатта әрі ауызша (вербальный), әрі бейауызша (невербальный) амалятын, жасап шықты. Бұндағы ең маңыздысы көркем әдебиетте жақсы байқалатын коннотация құбылысы болып табылды, яғни, әдебиеттану бұл орайда өзге таңбалық амалят түрлеріне идеяларды туындата таңатын басымдыққа ие аймаққа айналды; дегенмен әдеби туынды тек қана семиотикалық болмысқа иелік етіп қана қоймайды, әрі таңбалық дискреттік процестермен шектеліп қалмайды.
Бұдан өңге қос аралас пән – эстетика мен психоанализ бар. Эстетика әдебиет пен өнердің назарияттық рефлексиясы философиялық эстетик формасында (Шеллинг, Гегель, Гумбольдт) өте жиі жүзеге асырылған XIX ғасырда әдебиеттанумен өте зор өзара әрекеттестікте болды. Заманалық эстетика өзінің мүддесін өте позитивті, эксперименталды аяда (Түрлі әлеуметтік топтар арасындағы сұлулық, ұсқынсыздық, күлкілілік, асқақтық туралы ұғымға нақты талдауды) орнықтырды, ал, әдебиеттану өзінің дербес әдіснамасын жаспп шығып, олардың қарым-қатынастары біршама алшақтай түсті. Психоанализ соңғы кезде әдебиеттанудың бір жағы амаляттық, бір жағы ғылыми «серіктерінің» біріне ретінде танылып, әдебиеттану үшін интерпретациялық идеялардың ең маңызды дерек көзіне айналды: психоанализәдеби мәтіндерден мүшеленетін санасыздық процестерінің тиімді кестесін түзеді. Бұндай кестенің негізгі екі типі бар: біріншіден, нышандарын З. Фрейдтің өзі әдебиеттен тапқан фрейдтік “кешендер”; екіншіден, әдеби мәтіндерде молынан ұшырасатын ұжымдық санасыздықтың ілкі(пра)образы юнгтің “архетиптері”. Бұл арада қиындық кешендер мен архетиптердің молынан кезігуінен туындайды да, олардың құнын түсіріп, мәтіннің өздік ерекшелігін анықтауға мүмкіндік бермейді.
Әдебиеттану өз орынын тапқан метаәдеби дискурстар шеңбері тап осындай.
Ол сын мен риториканың өңдеуге ұшырауы процесінің нәтижесінде өсіп шықты; оның үш әдісі бар: комментарий, интерпретация және поэтика; ол лингвистика, тарих, семиотика, эстетика, психоанализдермен (сондай-ақ, психология, әлеуметтану, дінтану теориялары және т.б.) өзара әрекеттестікте болып келеді. Әдебиеттанудың алатын орны айқын емес, ол өте жиі басқа ғылымдар айналысатын дүниелермен айналысып, кейде ғылым өнерге айналып шыға келетін межеге таяп келеді (“көркемдік” немесе амаляттық әскери “өнер” мәнісінде). Бұл әдебиеттің өзінің біздің өркениетіміздегі мәдени амаляттың өзге тектері арасында алатын орталық орнымен, ол туралы ғылыми жағдайдың проблемалығы байланысты.
Әбіл-Серік Әбілқасымұлы