Көркем әдебиеттің межесі (шегі) әдебиеттанудың межесіне қарағанда айқын емес, осы айқын еместік оның мәнінің болмысынан тұрады. Кәсіби сында болсын, тұрмыстағы пікір айтымдарда болсын, «мынандайда-мынадай (автор, мәтін дегеніміз) – бұл енді әдебиет емес (поэзия емес)» деген реппеттегі сөз саптау қалыпты болып келеді. Басқа жағынан алғанда, «әдебиет» ұғымының өзі рухани жағынан қабілетсіз «әдебиетсымақтың» (П. Верленше тіл безесек, «қалған барша – әдебиеттің») синонимі қызметін атқарады. Осылайша, барлық уақытта әдебиеттің шекарасы дау-дамайға арқау болып, барлық уақытта оны не ана жаққа, не мына жаққа қарай жылжытуға тырысушылық орын алып отырады.
Атап айтар болсақ, әдебиетке ғылыми анықтама беруге тырысушылық та, оған қатысты нысандар шеңберін сипаттауда қиыншылық туғызады. «Әдебиет дегеніміз – бұл ойдан шығарылған хикаяттау», «әдебиет дегеніміз – бұл әсем сөз», «әдебиет дегеніміз – бұл сөз образ арқылы ойлау»: міне, бұның бәрі бірқатар анықтамалар, олардың әрқайсы әлдебір айқын мәнді, әдеби фактінің әлдебір реалды қырын ашып көрсетеді, солай десек те, олар нақты өлшемді айқара ашпайды да, кейде тіпті қарама-қайшылыққа да ұрындырады. Осының бәрін ескере отрып, ХХ ғасырдың біршама терең ойлы әдебиет пен өнер назариятшылары мәселенің өзін басқа қырынан қоюды ұсынды.
Өткен ғасырдың 20-шы жылдарының басында Р.О. Якобсон: “әдебиет теориясының нышанаты әдебиеттің өзі емес, әдебилік (литературность) болуға тиіс», яғни, мәтіннің белгілі бір сапасының арқасында ол әдебиетке тән болып танылуы шарт деген формуланы алға тартты. Әдебилік тарихи жақтан алып қарағанда аумалы-төкпелі: бір мәтіндерде ол белгілі тұсқа шоғырланса, енді бірінде мүлдем басқа жаққа назаршаланады (концентрируется). Тап осындай өлшемдегі жылжымалық әдебиет төңірегіндегі күрестің, белгілі бір құбылысты не әдебиетке, не бейәдебиетке жатқызыушылықтың тұрақты назарияттық алғышартын туғызып отырады.
Әдебиліктің түрлерінің қандай болып келуі керек, әрі қалайда болмасын, олар үшін әлдебір жалпы, тұрақты критерийді ойлап табуға бола ма? Ж. Женетт өз кезегінде якобсондық ұғымдарды дамыта әм тәпсірлей отырып (интерпретируя) әдебилікті шектеудің екі типін; конститутивтік (мәністік) әдебилік және кондиционалдық (жағдаяттық) әдебилікті ұсынды. Әдебиет – өзінің орталығы мен шеткері (периферилік) өңірлері бар аймақтық құрылым. Оның орталығында қашанда жауапты тұлғаттарының сөз саптамдары (міндетті түрде «сөз жауһарлары» болмаса да) әдеби деп танылатын мәтіндер орналасады. Осы шеткеріде белгілі бір жағдайда әдеби болып танылатын мәтіндер ірге тебеді. Женетт бұл орайда осы мәселені өнерге қатысты қарастырып, эстетика мен өнертанудағы дәстүрлі «What is art?» («Өнер деген не?») деген сауалды «When is art?» («Өнер қай кезде орын алады?») деген мүлдем басқа сауалмен алмастырған Н. Гудменнің ойына сүйенді, Яғни, аталған ғалым өнердің мәнін тұрақты іздестірудің орнына: жағдай мен шарттылықты анықтайтын болсақ, онда: әлдебір артефакті, мәтін, тіпті табиғи нысанның өзі өнердің шеңберіне еніп кетеді дегенді ұсынды. Егер мәністік (конститутивтік) әдебилік мәтіннің ойдан шығарылуы сынды критерий арқылы, ал, оның ұйымдастырылуы белгілі бір формалдық (құрылымдық) канондар (атап айтар болсақ, өлең өлшемі) арқылы анықталса, онда, жағдаяттық (кондиционалдық) әдебилік көптеген ауыспалы тарихи факторлардың ойындарының нәтижесінде туындайды.
Осылайша, мәтінді міндетті түрде әдебилендіретін әдебиліктің әлдебір нышаны бар болып келеді, олардың әдебиет саласын толық қамтуы және мәтіннің осы салаға жатуының қажетті шартты болып табылушылығы енді басқа нәрсе. Дұрыс үлгіде жазылған трагедия, сонеттер және т.б. бөлек, әдебиетте тұрақты жанр ретінде басы ашылмаған көптеген мәтіндер бар, бірақ олардың бәрі де әдебиетке қатысты болып келеді. Дәл осы жерден жағдаяттық әдебилік өз іс-әрекетін бастайды: бір ғана мәтіннің өзі бір жағдайда – бейкөркем, енді бір жағдайда – көркем деп танылады. Цицеронның Катилинге қарата қарсы айтылған сөзі өз кезінде көркем мәтін емес, тікелей саяси мағынасында айтылған болатын.
Дегенмен араға ғасырлар салып, Цицеронның Катилинге қарата қарсы айтылған сөзі басқа қырынан қабылданып, латын тіліндегі шешендік сөз таласына қатысушыларының үздік үлгісі ретінде жұрт жадында таңбаланып, басқаларға өнеге ретінде оқытылды. Мәтінді бағалаудағы жылжымалық орын алды: әу басында бейәдеби болып табылған осы бір мәтін жағдаяттық әдебилікке иелік етті.
Дәл осындай өтпелілік әдебиеттің түрлі шегінде орны алады. Цицерон жағдайында осындай әдебиет пен саясат арасындағы межелену орын алып отыр. Өте жиі мәтіндердің тұрмыстық жағдайдан әдебиетке өтуі (немесе керісінше жағдайы да) орын алады.
Ю.Н. Тынянов өзінің «Әдеби факті» атты мақаласында: «әдебиет төңірегіндегі тірілік туралы құбылыс әдебиет тарихындағы функцияға ие болады, не болмаса одан айрылып қалады»,- деп жазды. Оның жарқын мысалының бірі – хат жазысулар. Орыс әдебиетінің тарихында ХІХ ғасырдың бірінші жартысында жек бастық хат жазысымдар әдеби функцияға ие болып, әдеби стильді танытатын үлгі ретінде танылды. Уақыт аясында аталған жанрдың әдебилігі өзінің әдеби функциясын жойды: ХІХ ғасырдың екінші жартысында тіпті аты дырдай жазушының хаты (атап айтар болсақ, Толстойдың хаттары) әдебиеттің өздік фактісі ретінде қарастырылудан қалып, тек әдебиет төңірегіндегі құжат деп қана саналды. Осылайша, «әдеби факті» үнемі өз шекарасын өзгертіп отырады.
Міне, тап осындай әдебиеттегі шекаралық өзгерушілік оның өмір сүрімін танытытады да, егер осындай межелесу орын алар болса, онда әдебиет бұндай мұнтазданудан тіл тартпай өмірден баз кешер еді.
Тағы бір маңызды межелену тұрақты орын ауыстырушылық. Тап осы орын ауыстырушылық асқақ және төменшік әдеби дамуға зор серпін береді. Ю.М. Лотман өзінің «“Көркем әдебиеттегі” мазмұн мен құрылым ұғымдары туралы» мақаласында: «әдебиет ешқашан сөз өнері шығармашылығының барша қырын қамти алмайды, қай кезде болмасын (қанша жерден ойдан шығарылғаны айқын болып тұрса да) қоғамдағы бейәдеби аймақ өзінің барлығын таныта алады»,- деп атап көрсетеді. Тарихи тұрғыдан алған шақта тап осындай бірінші бөлініс әдебиет пен фольклор арасында орын алды. Фольклор дегеніміз – бұл әдебиетке қарағанда белгісіздікке, қайырымы көп қайталамалыққа (Ф. де Соссюрдің лингвистикалық терминіне бағдар ұстанатын болсақ, «сөзге» емес «тілге») ие болып келетін, мәтіндері айқын таңбалылыққа иелік етпейтін, керісінше, мәтіндері өте жиі жұрт есінде қалу үшін бірін-бірі қайталаушылықпен байланыстылықтағы халық шығармашылығы.
Төлтумалық пен жеке авторлыққа бағдар ұстанған жазба әдебиеттің пайда болуына байланысты фольклор көркемдік аядан түре қуылмайды, қайта көркемдік аймағының шеткері аумағынан өзіне орын табады. Фольклорға қатысты тап осындай ұстаным романтизм мәдениетінің «қайта өрлеуіне» дейін сақталып келді. Кейігромантикалық дәуірдің әдебиетінде (литературе постромантической эпохи) әдебиет алаңын қайыра бөлушілік орны алды: тіпті жазба сөз өнерінің аясында жоғарғы және бұқаралық әдебиеттің шекарасы, яғни, орталық және шеткерліктің межесі айқындалды. Тіпті кейбір жағдайларда туындының жарық көруінің өзі әдебилікке қатысты түрлінше қарастырылып әм бағалана бастады. Лотман осы орайда тамаша мысал келтіреді: түрлі жағдаяттарда бір-біріне қарама-қарсы екі дүниені ойға оралтуға болады, атап айтар болсақ: «Ол жазғандары жарық көрген – тамаша ақын» және «Ол жазғандары жарық көрмейтін – тамаша ақын.» Осылайша, әдебиет пен бейәдебиетті шектеушілік тек қана қозғалмалы ғана емес, сонымен қатар, кері әсерлі дүние: өйткені, белгілі бір жағдайларда бір ғана өлшенім әрі әдебиеттің, әрі бейәдебиеттің (немесе «бағасы төмен әдебиеттің») ерекшеленетін нышан-белгісі болып қызмет атқара алуы ықтимал.
Якобсон өзінің «Лингвистика мен поэтика» мақаласында Әдебилікке жалпылама анықтама беруге тырысты. Ол функционалдық әдісті қолданып: әдебилік дегеніміз – сөз саптамның поэтикалық функциясы деген ой айтады. Сөз саптамның қандай функциясы болуы керек, әрі онда поэтикалық функция қандай орын алуы ықтимал?
Әрбір сөздік айтылым алты компонентінің болуымен айқындалады; олар түрлі сөз саптамдарда түрлі реңкке иелік етіп, не қосымша мағыналықпен артқа сырғиды, не болмаса, үстем жағдайға ие болады.
Әр сөз саптамның ең кемдегенде екі қатысушы: кімнің сөйлеп тұрғаны әм кімге қаратыла сөздің айтылуы (адресант пен адресат) болуы шарт.
Сөз сапталым адресанттан адресатқа жетуі үшін олардың арасында контакт (түйіндей айтар болсақ, екеулері бірін-еститін) болуға тиіс. Ол түсінікті болуы үшін аралас-құраластыққа (коммуникациияға) қатысушылар сонымен қатар кодты, ортақ тілді керек етеді. Ол мәнге ие болуы үшін бұрыннан белгілі әлденеге иек сүйейді, яғни, кейбір жалпы білім жиынтығына жатуы қажет. Және ең соңында, тап осы жағдайда өздік хабарлама, яғни, жаңа ақпарат орын алуы да әбден мүмкін. Якобсонның коммуникациялық актісінің басты алты компоненттері тап осындай.
Осы алты компонентке сай сөз саптам әрқайсы ең басты бола алатын алты түрлі функцияны иеленеді.
Аадресантпен сөз саптамда тікелей арналған сезім мен сөйлеушінің көңіл күйі (мысалға, одағай) басым болып келетін экспрессивтік функция байланысты болып келеді. Адресатпен конативтік (түрткілік) функция басым болып келеді; императив формалары және бұйыра сөз етулердің басқада формалары тап осындай. Қарым-қатынас орнатуға фатuкалық функция қызмет етеді: қарым-қатынас орнату мен оны тексеруге «Алло!», «Сіз мені естіп тұрсыз ба?» сынды сөз саптам типтері бағдар ұстанады.
Кодқа бағдар ұстанған функция метатілдік немесе металuнгвuстuкалық деп аталады. Бұл функция әңгімелесушілер арасындағы орын алатын тексеруден, қарым-қатынас орнатудан, кодты байықтырудан тұрады. Бұл жайт қай кезде әңгімелесушілер өте нақты ұғыным төңірегінде келісімге келген шақта (мысалы, «бұл нені білдіреді?») басымдыққа ие болып келеді. Осы функция мүлдем басымдыққа иелігін танытатын тұтас жанрлар, мәтін типтері –тіл оқулықтары, сөздіктер бар. Олар тек тіл турасында ғана сөз етіп, сыртқы реалдылық сөзді ұғындыру мәнінде ғана қызғылықты болады. Кез келген ұғынықтылық дегеніміз ұғынбаушылық, әңгімелесушілер әрбір ұғыну кезінде әлденені ұғынады, бір сөзбен айтқанда, әрқайсы өзінше түсінеді, осы ұғынбауды қысқарту мақсатында тілдің металингвистикалық функциясы қолданылады.
Тілдің ең кең тараған басты функциясы конмәтінге бағдар ұстанып, Якобсонша референтuвтік деп аталады. Референт дегеніміз – бұл тілдегі сөзге және фразаға сілтеме жасайтын реалдылық. Референтивтік сөз саптам бізде сыртқы болмыс туралы түсінік бойынша қалыптасады. Барша әңгіленімдер, түсіндірулер (біршама мөлшерде олар сөзге қатысты емес, затқа қатысты), диалогтардың көпшілігі және т.б. осы функциялардың басым болуымен сипатталады. Оның көмегі арқасында біз өзіміздің әлем жайындағы білімімізді молықтырамыз.
Соңғы функцияға орын тауып беру оңай шаруа емес. Хабарлама дегеніміз – бұл не конмәтінге мән сыйдыратын мазмұндық білімге де қатысы жоқ, тілдің түсіндірме мүмкіндігімен байланысты болып келмейтін өзімен өзі тұйықталған сөз саптам.
Бұл хабарлама тап осындай. Оның функциясы тап-таза хабарламаға бағдар ұстанып, Якобсонша поэтикалық деп аталады. Поэтикалық сөз саптам – өзіне-өзі, өзінің хабарламасына, яғни, оның формасына бағдар ұстайтын сөз саптам. Ондағы мәтінішілік интенция мәтіннен тысқарылықтан басым болып келіп, өз мәтіні ішінде өзі тұйықталады.
Түрлі жағдайда бір ғана сөз саптам түрлі функцияларға ие болып келеді, тіпті бір мезетте алты функцияның да қызметін атқара алады. Оны түрлінше оқуға болады. Мәтінге бұлайша түрлінше бағдар ұстану әдісі назардың оның не референттік, не болмаса, поэтикалық функциясына аууынан тұрады: өйткені, кондиционалды әдебиліктің мәтіндері не амаляттық хабарлама түрінде оқылады, ал өзінің конмәтіндемелік мақсатынан өзге болып танылуыда ықтимал. Бұл дегеніміз өз кезегінде оқырман назарын түрлі қырынан өзіне аудартатын мазмұн мен пішіннің проблемасы болып табылады.
Поэтикалық функция амаляттық жақтан қалай жұмыс істейді? Р.О. Якобсонның ағылшын тілінде жазылып, орыс тіліне әрқилы аударылған мақаласы бар: оның осы тәржімалануының бір нұсқасында «Тілдің екі аспектісі және афатикалық бүлінудің екі типі» Афазия туралы клиникалық мәліметтерді зерделеген Якобсон тілдік қызметтің екі түп қазықтық аспектілерінің бірі селекция немесе комбинация ұшырайтын басып тастаушылық пен езіп-жаншуға ұшырайтындығының екі түрін бөліп шығарды. Аталған жағдайда сөйлеушінің тілдік қызметі өз алдына тілдік бірліктердің: дыбыстар, фонем, морфем, сөз және т.б. кейбір мөлшеріне таңдау жасаушылықты қояды. Осындай тілдік элементтердің (кейбірде бір-біріне мағынасы жағынан сәйкесе бермесе) бірін-бірі ауыстырушылық принципі оларды бір-біріне теңдестіреді, ал бұл дегеніңіз енді – селекция.
Басқа жағынан алғанда іріктеп алған элементтерді тілдің уақыттық шеңберіне орналастыруға тиіспіз, бұл үшін оларды бірінен кейін бірін орналастырып шығамыз, ал, енді бұл дегеніңіз өз кезегінде комбинация болып табылады. Селекция жүргізілген элементтер бір-біріне теңдес болып келгенімен, шындығында бір-бірімен еш үйлеспейді, біз оларды ойда ұстап, тек біреуіне ғана тоқтам жасаймыз, қалғандары болса «кадрдан тыс» қала береді. Кезектестікпен тілдік шеңберге қойылған элементтер де өзара (синтаксистік қатынастағы және т.б.) байланыстылықта болып келеді де, біздің көз алдымызда қылаң береді. Тілдік қызмет екі өлшемдік координаталардағы графикалық құрылымды еске салады: әрбір нүкте бір жағынан сөз тізбегіндегі, комбинация шеберіндегі белгілі бір орынға иелік етсе, келесі жағынан алғанда, селекция осінде орналасқан виртуалды элементтердің кейбір мөлшерімен үйлеседі. Бұл остер сонымен бірге парадигматикалық және синтагмалық деп те аталады. Біз ауызша айтатын сөзіміз – синтагмалар болса, олардың ішінен біздің өзімізге таңдап алатынмыз – парадигмалар болып табылады.
Бұл терминдердің барлығы – тіптен әдебиеттанудікі емес. Олар – лингвистиканың терминдері. Бұлардың барлығының әдебилік проблемасына қатысы қандай? Істің шын мәнісінде сөз саптамның поэтикалық функциясының басым болып келуі селекцяның осі мен комбинацияның осінде ерек бейстандарттық қарым-қатынасқа ие болады: селекцияның осі өзінің эквиваленттік nринциnі жағынан комбинацияның осін проекциялайды. Бір текті, шын мәнісінде өздерін-өздері алмастыра алатын виртуалды қатыстылықтағы элементтер бірінен кейін бірі комбинация осінде орналастырылады. Парадигма синтагмаға айналып өрістейді. Мысалға – өлең ырғағы: барша күшті элементтер бір парадигма түзсе, барша әлсіздер өзгесін құрайды да, ақын парадигманың барлық элементтерін бірінен кейін бірін қойып, синтагмалық өрістеуді жүзеге асырады. Сонымен қатар барша ұйқасатын сөздер парадигма түзеді; олар бір-бірімен тіркескен шақта, әлбетте бұндай қолданыстар поэтикалық функция атқармайтын шақта күлкілі естілуі де ықтимал; егер бұл сөз саптам өзіне-өзі бағдар ұстанған шақта бұндай қайталаным көркемдік фактор болып қабылданды.
Якобсонның критерийін амалятта қолдану қай кезде болмасын оңай дүние емес. Версификация немесе стилистика жағдайындағы (мәселен, сөзге әр беру үшін бір ғана синонимдік қатардағы сөздерді кезектестікпен өрістете қолданушылық) көзге бірден танылатын болса, әңгімелеуші сюжетте немесе интермәтіндемелік байланыстарда бұны аңғару мүлдем қиын.
Солай бола тұрса да, тап осындай критерий конститутивтік әдебиліктің, яғни, әу бастан мәтіннің бойында ұшырасып, оған сырттан телінбейтін әдебиліктің мәнісін ашып бере алады.
Әбіл-Серік Әбілқасымұлы