450 шөбере сүйген әжей бақытты болудың құпиясын ашты

Түрік елінің Диярбакыр қаласында тұратын Шахи Тайюрак есімді әженің бұл күнде шөбелеренің өзі бір қауым елге айналып отыр. Қазіргі таңда әжейдің 450 шөбересі бар көрінеді деп жазады Muslim.kz.

Ғасырдан ұзақ жасаған Шахи әжей осы кезге дейін үш рет тұрмысқа шығып, жеті рет құрсақ көтерген. Үлкен ұлы Джемаль Тюйрактың өзі бүгінде 96 жасқа келген екен.
Оның айтуынша, анасының тура жасын ешкім білмейді. Жобалап есептеу бойынша, кейуана қазіргі кезде 130-дан асып кеткен.

Әжей өзін өте жақсы сезінеді екен және ақыл-есі де, есте ұстау қабілеті де тамаша дейді туысқандары. Қарт ана өзінің ұзақ өмір сүрудегі құпияларының бірі ретіне қуатты және мол таңғы асты ішу екенін айтады.

FacebookTwitterGoogleVkontakte Whatsapp


Тағы оқыңыз:

Facebook пікір