Қайымға ақырында Интернациональная көшесі бұйыратын болды

14604835_1139033869478223_5592009677204245438_nОсыдан бір сағат бұрын ғана қалалық әкімдік ғимаратында өткен Интернационал көшесін Қайым Мұхамедхановтың атына ауыстыру туралы қоғамдық тыңдаудың күн тәртібіне қойылған мәселесі қала тұрғындарының бірауыздан қолдауымен, қалалық мәслихат депутаттарының мақұлдауымен оң шешімін тапты. Абайтануда айшықты ізін қалдырған Алаштың айтулы ғалымының есімі Семейдің көрнекті көшесінен көз тартып тұратын күн жақын қалды. Бұл жиында жан толқытқан ерекше көрініс қазақ рухының қашан да биіктігі, өз намысын құлатпауға ұмтылғандағы ауызбіршілігінен байқалды. Ал жиыннан қайтып бара жатқанда қартаң тартқан өзге ұлт өкілінің “Зачем надо переименовать Интернациональная? Мы же многонациональние страны” деген күңкіліне ешкім құлақ асқан жоқ. Алайда, жанына еріксіз тоқтай қалып: “Еще тоже надо переименовать улицы Ленина к Алихану Бокейханову” деп айтарымды турасынан қадап кетуіме тура келді. Жасасын қазақтың Қайымы! Біртуар ғалымы!.

Сәтжан Кәріпбаев

 

FacebookTwitterGoogleVkontakte Whatsapp


[main-questions-list]

Тағы оқыңыз:

Facebook пікір