4-дәріс.  Поэзия мен проза. Өлең теориясы

Поэзияның проблемасымен сөздің ерек түрі «өлеңтану» пәні айналысады. Әдебиеттанудың бұл бөлігі және нысаны толықтай көркем әдебиеттің құрамына кіреді: сөздің өлеңдік құрылымы конститутивтік әдебиліктің негізгі нышандарының бірі болып табылады.

Поэзия дегеніміз – ырғақты сөз.  Ырғақтың тарихи ұғымы өте қатаң дәстүрлі мәдениет жағдайымен және ХХ ғасырдың еркін өлеңдері аралығында өзгермелі.  Бір сақталынып қалғаны мәтінді өзара сегменттерге (өлеңге) бөлген кезде тіпті ең келеңсіз формалық тіркесімдерде де ырғақтың ұшырасуы. Шындығында келгенде, кез келген мәтінді кейбір сегменттерге жіліктеуге болады, бірақ та прозада мағыналық бөлшектелім пішіндік-дыбыстықтан үстем түссе, поэзияда бәрі де керсінше болып келеді.

Өлең ырғағының өрімі тілдік фонетикамен, оның дыбыстық құрамымен байланысты.  Көбіне өлең өрімінің түрлі жүйесі: антикалық поэзиядағы мөлшерленім (ұзақ және қысқа бунақтардың дұрыс кезектесімі), тілдегі силлабикалық екпін түсірім орны (өлең сегментіндегі тұрақты бунақ саны),  орыс поэзиясындағы силлабо-тоникалық еркін екпін түсірілімі (жоғарыда аталынған екі принциптің ұйыса түйісуі) осыған байлаулы болып келеді.

Орыстың силлабо-тоникалық өлеңінің тарихи даму процесі барысында ырғақ (екпінді және екпінсіз өлеңдердің реалды бөлінісі) пен өлшемнің (осы бөліністің идеалды кестесі) үйлеспеуінің фактісі айқын аңғарылады.  Түсіп қалған және «басы артық» (нормативтен асып кетушілікте) екпіндердің саны артады; жүйелі түрде ырғақтық ауытқушылыққа ұшырайтын бунақтар өмірге келеді.  Ырғақ пен өлшем, реалдылық пен норма конфликтілік-диалектикалық қарым-қатынас жағдайына ұшырайды.

Ю.М. Лотман көркем тілдің бастапқы формасы поэзия болды деген ойды айтады. Әлбетте, тілдің дейігкөркемдік  (дохудожественный) ахуалы (мысалға, тілді баланың қалай игеретіні секілді) прозалық болып келді, бірақ та сөз өнеріндегі көркем тілдің қалыптасуы барысында ол бейкөркем тілден ірге ажыратып, тек көркем сөз ретінде танылды. Өлең ырғағы тап осындай ілкі таңба ретінде қызмет атқарады. (Бір мезетте мнемоникалық  фактор әрекет етеді: көркем сөз өнері жазу-сызуы жоқ өркениетте өмірге келіп, оның мәтіндері адамдардың жадысында таңбаланып, ал бұл үшін ырғақ дау-дамайлық қызмет атқарады.) Тек араға ұзақ уақыт салып барып, көркем және бейкөркем сөздердің қарама-қайшылығы анық аңғарылған шақта, поэзияға қарағанда өте-мөте күрделі болып табылатын көркем прозаның өмірге келуі ықтимал болады.  Прозаның бойында жасырын түрде поэтикалық ырғақ бой көрсетеді де, ол  поэзия кейпінде қабылданады; проза дегеніміз – бұл ауызекі тілдің өлең болуға құлық танытпаушылығы. Поэзия тұрақты өлшемнің еркіндікке ұмытылуы жағына қарай дамиды, бұған дейін прозада көркем тілдің еркін формасы ретінде дәл осы жолмен бөлініп шығып, тап солай істеген еді.

Поэзиядағы семантика мен ырғақтанудың өзара әсер етулерінің аспектілерінің бірі өлшем семантикасы болып табылады. Ежелгі поэзияда семантика мен өлшем белгілі бір жанрға: гекзаметр мен қаһармандық аңыздама  (героическое сказание) – эпопеяға, элегиялық дистих пен махаббат мұңы –элегияға, ямб пен қарсыластар сөз салғыласы – инвективтікке нық байланды. Ал, заманалық поэзияда семантика мен өлшем кодтанған дәстүрмен емес, жартылай пайымдалатын дағдылы ассоциацияланумен байланысты:  осыған орай, К.Ф. Тарановский және басқалар мысалға орыстың бес шумақтық  (пятистопный) хорейі  элегиялық медитация тақырыбымен байланысты болып келеді дегенді алға тартады.

Бұл – өлшемнің семантикалық ореолі деп аталады.

Тілдің өлеңдік ұйымдастырылымы не үшін керек?  Заманалық мәдениетте өлең ендігі жерде әдебиет және бейәдебиет деп бөлушіліктің қызметін атқармайды.  Басқа жағынан алып қарастырған шақта, жазба өркениетінде поэзияның мнемоникалық функция әлсірейді.  Ақыр соңында, тілдің өлеңдік ұйымдастырылымының ақпараттық теория тұрғысынан  – парадокстеніп: мәтін біршама ұғынымды, яғни, ақпараттық бола түсті. Демек мәтін оқылуы үшін жүз пайыз түсінікті болуының еш қажеті жоқ, оның бойында ақпарат пен энтропия (толымдылықтың) пропорциясы белгілі бір сақталынуы шарт. Бұл үшін тіпті айтар ойы айқын әдеттегі фразалардың грамматикалық құрылымы болса болды; көркем сөз өнерінде бұл рөлді поэтикалық ырғақ ойнайды. Оның үстіне қайталанушы ырғақтық мәтін автокоммуникация тетіктерін қазғалысқа түсіріп, (Ю.М. Лотман), оқырманды өз назарын ендігі жерде хабарламаға емес, қайта, бұрынғы бәсең хабарламаны жеткізушіден жаңа ақпаратты өмірге әкелуші дербес факторға айналған мәтін кодына аударуға мәжбүр етеді.

Поэтикалық мәтіннің ұйымдастырылуы прозалық мәтіннің ұйымдастырылуынан, сондай-ақ, тілдің дыбыстық тінін пайдаланатын  әдебиеттен тысқаралықтан да ерекшеленеді. Рифма дегеніміз – өлең соңы мен басындағы тікелей қайталаулар – бұл құбылыстың тек қана жеке жағдаяттары. Дыбыстық ойынның басқа да амал-тәсілдері: ассонанс пен аллитерация (дауыстылардың немесе керісінше, дауыссыздардың қайталанулары) іс-тәжірибеде қолданылады.  Ары қарай,  поэзияда грамматикалық құрылымдарды өз қолайына қарай пайдалану: қарапайым жағдайда мәтін бойын кеулеп алған бір ғана риторикалық сауалдардың типтік конструкциялары түрінде жүзеге асады.  Саналы оқырман үшін бірден танылатын Р.О. Якобсон  «поэзия грамматикасы» деп атаған қабылдау заңдылығы да бар. Бұл өзі бір қарағанда ешбір мазмұнға иелік етпейтін тек сөздердің өзара байланысы ғана болып көрінетін: таза реляциялық грамматикалық формалардың ерек бөлінісі.  Осылайша, сонеттің алғашқы екі тармағы (строфа) бір грамматикалық формада, қалған екеуі басқасына құрылады; Лермонтовтың «Дума» өлеңінен Ю.М. Лотман есімдіктердің динамикалық бөлінісін аңғарды: «біз» есімдігі  субъектілік формадан объектілік формаға ауысады.

Бұл «грамматика»  тіптен санасыздыққа ие болып келеді, біз грамматикалық формаларды әлдебір жүйеге түскен дүние ретінде ұғынбай, әдетте, оның мағынасына ой жүгіртіп, сөздердің тізбегі әм конструкцияның дұрыстығына ден қоямыз. Тап осы поэтикалық мәтіннің санасыздық айлағында поэзияның «магиялық» эффектісі сынды факторлар «жұмыс істейді».

Поэзияда прозадағыдан мәтіннің көрермендік формасы өзге белсенділікке ие болып келеді.  Поэзия дегеніміз – ең әуелі сөздің ауызша формасы, онда ауызша орындалымның сілемі (ырғақтама//мелодика) сақталанады, бірақ та заманалық кітәби поэзия оқырманға әсер етудің графикалық тәсілін кәдеге жаратады.  Олардың ішіндегі ең қарапайымы –графикалық форма түрінде суреттелетін заттардың өлеңдік формасы (Симеон Полоцкийдың махаббат лирикасындағы – жүрек, Аполлинердегі – жауын). Өте нәзік нақышта өлең айшығы (графикасы) мәтіндік бейберекетсіздікті, «жүйесіздікті» танытып, оқырманды өзін тәртіпке келтіруге жетелейді. Міне, осындай диалектикада: поэзия бейберекетсіздікті танытып, біз оны ретке келтіру үшін жанталасамыз, тіпті өзіндік ретке келтіруді де ойлап табамыз. ХХ ғасырдың ақындары үтірсіз өлеңдер жазуды жолға қойды. Бір қарағанда тыныс белгісі бар мәтінді ұғыну оңай сияқты көрінеді; керісінше, тыныс белгісінсіз мәтін өзін ұғынуға ден қойғызып, біздің алдымызға жетіспеген таңбаларды өз орнына орналастыру міндетін қояды.

Бұның нәтижесінде мәтін мағыналық жақтан біршама толығып, адаланған байланыстарды түрлінше қалпына келтіруге болады. Бұның жарқын мысалы: С. Малларменің «Сүйектерді лақтыру, ешқашан жағдаятты өзгертпейді» поэмасының бірнеше парағы бейберет суреттеулер түрінде ұшырасады, онда негізгі ірі шрифпен терілсе, басқалары ірілерінен бөлініп шыққандай ұсақтала беріледі. Желілік оқуды жоқ қылатын ағашкейіп немесе жұлдызкейіп құрылымдық кеңестік өмірге келген.

Бұндай мәтінді басынан аяғына дейін оқып шығу мүмкін емес, үнемі бірді оқып, бірге кету орын алады; оның құрылымы – кеңістіктік, уақыттық емес. Бұл біздің мәтінді интерпретациялау іс-әрекетімізді белсенділендірудің амалдарының бірі болып табылады.

Демек, өлең сөздің жалпы принципі – мәтіннің барлық деңгейіндегі белсенділендіруді арттыру, жасанды шектеушілік жолымен өзін ақтап, түптеп келгенде мәтінді ерек ақпараттық сыйымдылыққа айналдырады.  Тап осы себепті поэтикалық мәтіндер жаттауға оңай соғып, біз ондағы әр сөздің терең мән-мәнісін ұғына аламыз.

Поэзия біз үшін шексіз толғынып отыратын сөз мағынасының үлгісі болып табылып, біз оны үнемі үздіксіз қайыра тәпісірлеуге мәжбүр боламыз.

Әбіл-Серік Әбілқасымұлы

FacebookTwitterGoogleVkontakte Whatsapp


[main-questions-list]

Тағы оқыңыз:

Facebook пікір