• Click here - to select or create a menu
Жаңалықтар. zheruiyq.kz. Бүгінгі жаңалықтар. Жаһан, әлем жаңалықтары.

Kazakhstan, Semey

Home
Желідегі жүйрік ой

Қанат Исламның жекпе-жегінен кейін көңілде бір дық қалды

Қараша 2nd, 2016 Жерұйық comments 6445

Қанат Исламның жекпе-жегінен кейін көңілде қалған дық бар еді. Электронды қойын дәптеріме түртіп қояйын. Сыртқа шығармасам, шерге айналар.
Бардық. Гимнді он бес мыңға жуық ел түрегеп тұрып тыңдадық, қосылдық. Боксшылардың әдемі ойындарын көрдік. Тіпті үйдегі екі метрлік көк байрақты да алып бардым. Желбіретіп отырдым. Айқайлап ұрандадым. “Қанат!”, “Қазақстан!”, “Әруақ!”, “Ұр!”, “Құлат!” деумен тамағым да қарлықты.
Жеті жекпе-жектің соңынан рухтанып шықтық. Неге рухтандым? Айналамда тек қазақтар болды. Бәрі қазақша сөйлеп жүрді. Қазақы әзіл-қалжыңдар болды арамызда. Рингте қазақтың жігіттері атойлап, қазақ комментаторлар қазақша сайрап жатты. Қазақтар маған рух берді.
Үйге келе жатқанда ғана басқа диаспора адамдары мен этностарды көрдім. Олар “Алматы – Аренаның” ішінде неге болмады?
Ал қазақтар Гена десе, мақтанады. Василий Жировқа да шапан жапқан. Ольга Шишигинаны төрге шығарып, Парламентке отырғызып қойды. Отгонцэцэгті де еркелетіп, тіземізге отырғыздық. Ендеше олар неге бізбен бірге шаттанбайды?
Неге қазақтың біреуі қылмыс жасаса орыстілді сайттар шулайды? Басқа этностан болса үндемей қоя салады?
Жауабым бар. Олар қазақты түсіну үшін қазақ тілін білуі тиіс. Білмейді. Білмеген соң бізді түсінбейді. Түсінбеген соң бізбен бірге қуанып, мұңая алмайды. Ал біз орыс тілін түсінеміз, сөйлейміз, жазамыз, яғни оларға жанымыз ашып, өзімізге жақын тартамыз.
Қазақстанның қазіргі татулығы мен бірлігі ассамблеяда емес, қазақтың кеңпейілдігі мен дархандығында. Адамгершілігінде, дәстүрінде.
Бүкіл Қазақстан бір кісідей қуануы әрі бірге қайғыруы үшін бір тілде болмақ керек.

VK
Facebook
Twitter
Google+
Odnoklassniki
Mail.ru
E-mail
Бағалау: 0

Facebook пікір

Жерұйық

Жерұйықпен бірге болыңыздарЖазба қосу

Оқуға ұсынамыз:

Қазақстан-Сербия достық қарым-қатынасы нығаймақ

Е.Сыдықов: Еуразия ұлттық университеті физика пәнінен әлемнің үздік университеттерінің қатарында

Сурып салма ақын, қуырып салма журналист «Шығыс ақпарат» шылбырын қолға алды

Әмірені улаған кім?

«Анашыма сыйлық» атты акциясы ұйымдастырылды

1938 жылдың зобалаңында Сәкен ақын атылды ма?

Аналар мерекесі құтты болсын!

Арыстар арасындағы хаттар (құнды дерек)

“Жоқтың” да жақсылығы болады

Жолымбет Мәкіш: Ертең тағы осылай бармақ тістеп қаламыз…

  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
  • Back to top
Рейтинг
Ескерту
Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Байланыс:

E-mail: [email protected]
Веб-редактор:
+7 747 545 1548
Куәлік
Мемлекеттік тіркеу №16182 - СИ. 2016 жыл
© "Жерұйық" ақпараттық-танымдық порталы
ДизайнЖерұйық
  • Жаңалықтар
    • Жаһан
    • Аймақ
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
Бас бет
Кіру
Кіру
Тіркелу
Тіркелу