Ақтөбеліктер көп көшенің “КӨЗІН АШПАҚ”

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында Ақтөбеде Мұстафа Шоқай, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаев көшелері пайда болады. Сонымен бірге, ақтөбеліктер ендігі уақытта Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров атындағы көшелерге де құлақ үйрете бастағандары жөн. Бұл туралы «Тілшіге» қалалық әкімдіктен хабарлады.

Мерейтой қарсаңында бірқатар көшеге Сұлтанмахмұт Торайғыров, Есет Көтібарұлы, Қайрат Рысқұлбеков, Мұхамеджан Тынышбаев, Мұқағали Мақатаев, Әлкей Марғұлан, Әміре Қашаубаев есімдері берілмек. Левон Мирзоян көшесі енді болмайды. Ол Ораз Тәтеұлы атындағы көше болып өзгертіледі.

Ескі, кеңестік атаумен аталып келген көшелер енді Әбубәкір Кердері, Жанша Досмұхамедұлы, Өзбекәлі Жәнібеков, Хиуаз Доспанова, Баубек Бұлқышев, Хамит Ерғалиев атындағы көшелер болып өзгертілмек.

Әзірге, жергілікті билік 25 көшенің атауын өзгерткелі отыр. Тұрғындар тарапынан болашақта Чернышевский, Снайперский, Кошевой, Чекалин сынды көшелерге де өзге атаулар берсе деген ұсыныстар бар.

Қалалық әкімдіктен хабарлағандай, қала көшелерін қайта атау бойынша тұрғындардың пікірі ескерілетін қоғамдық тыңдау өткізілді. Аталған қоғамдық тыңдауға қала тұрғындары қатысып, жаңа өзгерістерге қолдау білдірді.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай, 2016 жылдың 6 қыркүйегінде Астана қаласында өткен «Ономастика және көрнекі ақпарат: міндеттер мен ұсыныстар» атты семинар-кеңестің хаттамасында көрсетілген тапсырмаларға сәйкес, қала көшелері мен оның құрамдас бөліктеріне атау беру және атауларын өзгертуге бір мәрте рұқсат берілді. Осының негізінде Ақтөбе қаласындағы ономастика саласын жүйелеу мақсатында, әрі қазіргі идеялық көзқарас бойынша көнерген атауларды өзгерту мәселесі көтеріліп отыр», — деп хабарлайды қалалық әкімдіктен.

Бұдан былай Ряхов, Киселев, Кобозев, Париж коммунасы, Коростылевтар, Разин, Зинченко, Краснощеков, Чапаев, Жуковский, Советский, т.б. көшелер болмайды.

Аталған ұсыныс қалалық мәслихаттың кезекті сессиясына ұсынылды. Бұл мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы республикалық ономастика комиссиясы қорытынды береді.

дереккөзіАсқар Ақтілеу, «Тілші»

FacebookTwitterGoogleVkontakte Whatsapp


Rating: 0

Publiction author

offline 1 hour

Жерұйық

0
Comments: 2Publics: 501Registration: 08-05-2016

Тағы оқыңыз:

Facebook пікір

Авторлық жіберу
*
*

555:



*
*
*
Кілтсөздерді растау