“Ақтөбе” футбол клубының футболшылары ай сайын миллиондап жалақы алған. Мысалы, Алексей Щеткин “Ақтөбе” сапында ойнағанда ай сайын 9 миллион теңге жалақы алған. “Ақтөбе” сапындағы легионерлердiң iшiнде Никита Бочаров 2,5 миллион теңге жалақымен күн көрген.
“Ақтөбе” футбол клубын баптаған Юрий Уткльбаев 3 миллион 500 мың теңге еңбекақы алыпты.
Алексей Щеткин осы жазда елордалық “Астана” сапынан “Ақтөбеге” ауысқанда дау туындады. Тiптi 27-турда “Ақтөбе” клубы “Астанаға” қарсы ойнағанда Алексей Щеткин ойынға қосылған жоқ.
Алексей Щеткин “Ақтөбе” сапына ауыса салып алғашқы ойынын “Ақжайық” футбол клубына қарсы өткiздi. Клубтың бас бапкерi Юрий Уткльбаев Щеткиндi негiзгi құрамда шығармай ойынға екiншi таймнан қосты. Щеткин 20-турда “Атырауға” қарсы, 21-турда “Шахтерге”, (1 гол соқты) 22-турда “Ордабасыға”, 23-турда “Ордабасыға” (2 гол соқты), 24-турда “Қайратқа” (1 гол соқты), 25-турда “Ертiске”, 26-турда “Оқжетпеске” (1 гол соқты) негiзгi құрамда алаңға шығып, тоқсан минут бойы ойнады.
“Ақтөбе” футбол клубының сапында ойнаған футболшылардың iшiнде жалақысы қомақты екiншi адам – Самат Смақов. Самат саңлақ “Ақтөбе” намысын қорғағаны үшiн ай сайын 6 миллион теңге жалақы алады екен. “Ақтөбе” сапына биылғы жылдың басында ауысып келген ресейлiк Никита Бочаровқа клуб басшылығы ай сайын 2 миллион 500 мың теңге төлейтiн көрiнедi. Бочаров Ресейдiң бiрнеше клубында жүргенiмен жарқырап көзге түскен жоқ. Биылғы ел чемпионатына әзiрлiк кезiнде “Ақтөбе” сапына жетi келiмсек футболшы келдi. Сол жетеудiң iшiнде Бочаров секiлдi қомақты жалақыны өзбекстандық Бобир Давлатов та алады. Давлатов “Ақтөбеде” ойнағаны үшiн 2 миллион теңге жалақы алған. Иваурлық Куасси Куаджа да 2 миллион теңге жалақы үшiн “Ақтөбеде” ойнаған. Куаджа “Ақтөбе” сапына ауысқанға дейiн Беларусьтiң “Слуцк” клубында ойнады. “Слуцк” клубының мен деген футболшыларының өзiнiң жалақысы бiздiң теңгеге шаққанда екi миллионнға жетпейдi. Көрдiңiз бе, Куаджа “Ақтөбе” сапына ауысқанда қанша жалақыға келiскенiн.
Келiмсек футболшылардың арасында ресейлiк Егор Сорокин де “Ақтөбенiң” намысын қорғағаны үшiн 2 миллион теңге айлық алыпты. Сорокин Ақтөбенiң ауасын жұтқанға дейiн кiм едi? Сорокин дегенiңiз Ресейдiң бiрiншiлiгiнде емес, екiншi лигасында ойнаған футболшы.
“Ақтөбе” футболшыларының iшiнде жалақысы мардымсыз футболшылар – Әбдiкәрiмов, Тамабай, Трофимец қана. Бұл футболшыларға клуб ай сайын 100 мың теңгеден төлейдi екен.
Бiр ғана Алексей Щеткиннiң ала допты қуалап жүрiп табатын айлығымен ҚР Мәжiлiсiнiң 15 депутатын асырауға болады.
Бiздiң мәжiлiсшiлердiң ай сайын алатын жалақысы 497 мың теңге көлемiнде болатын, ендiгi көбеймесе. Бiр футболшысының өзiне ай сайын тоғыз миллион теңге жалақы төлеген “Ақтөбе” футбол клубы биылғы ел чемпионатында жүлдеге iлiне алған жоқ. Олар ел чемпионатын 9-орынмен аяқтады.