Тұңғышбай Жаманқұлов кінәлі емес пе?

542473Тұңғышбай Жаманқұлов ағамыздың ұсталуына байланысты не айтуға болады? Қазіргі биліктің ұраны (əлде ұстанымы?) “Бардым. Ұстадым. Соттадым” – болып тұр. Сондықтан мен заңгер ретінде Тұңғышбай ағамыздың сотталатынына толық сенімдімін. Мəселе оның кінəсінің болу, болмауында емес, мəселе мемлекет ұстанымында. Ол үшін мемлекеттің Дамоклав қылышы – Қожамжаров басқаратын агенттік (əлде министрлік) бар. Ол мекемемен қозғалған істер бойынша міндетті түрде айыптау үкімі шығарылады. Мəселе тергеудің сапасы артып кеткенінде емес, мəселе мемлекеттің ұстанымында.
Ағамыз үшін құтылудың жалғыз-ақ жолы бар, ол – қылмысын толық мойындап, бір адамнан кешірім сұрап, материалдық залалды (ұрласа да ұрламаса да) мүмкіндігінше төлеу. Құтылудың басқа жолы жоқ. Ал, шулап жатырған жұртқа байланысты айтар болсам, осылай шулап-шулап басыламыз, бірінші рет ел жақсылары сотталып жатқан жоқ, бірінші рет шулап жатқанымыз жоқ…

Абзал Құспан, заңгер 

FacebookTwitterGoogleVkontakte Whatsapp


[main-questions-list]

Тағы оқыңыз:

Facebook пікір