Ақтөбе облысында «Браконьер» жедел алдын алу шарасы аясында 7 күн ішінде облыс аумағында 200-ге жуық әкімшілік құқықбұзушылық дерегі тіркеліп, Ырғыз, Әйтеке би және Ойыл аудандарының ішкі істер бөлімі 3 қылмыстық іс қозғаған. Қызыл кітапқа енген киікті атқандар мен ағаш-талды рұқсатсыз кескендер енді заң алдында жауап береді.
4 қараша күні Ырғыз ауданында браконьерлер мінген «УАЗ Хантер» көлігі күдік тудырып, тінту кезінде көліктен 12 калибірлі аңшы мылтығы, 48 дана оқ-дәрі мен 4 киік мүйізі табылған. Аталған іс бойынша ҚР ҚК 337-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда.
24.кз