Хаттары арқылы оқырманға етене жақын болып кеткен – Мейірханның жүрегі сыр беріпті. Қазіргі уақытта ол ауруханада жатыр. Әрине, біздікі – алаңдаушылық, оның тағдыр сынына төтеп беретін қажырлы жан екенін білеміз. Мейірханның “ЖҮРЕК КӨЗІМЕН” көрген өмірі бізді тәнті етті. Себебі, “тағдыры ерекше жан” адам пендесіне “жат көзімен” қарамайды. Қайта адам үнін жанына жақын тартады. Ол жүрек көзімен қалам ұстап, өзінің көңіліндей аппақ параққа сезімдерін төгілтуде. Біз осы жолы Мейірханның хаттарын қарыппен емес, өзі жақсы көретін “ҮНМЕН” оқырмандарына жолдап отырмыз. Жаратқан жанына демеу болсын деген тілектеміз.
Бұл жолы Мейірханның лебізі Әнуарбек Жәлелұлына (ән ағасына) арналады. Қабыл алыңыздар!
Жаз жаңбыры
Фериде Аслан ізімен
Жаз жаңбыры секілді,
Шаңын басар жердің.
Жан абзалы сез дертімді,
Жүрекке құйып сенім.
Баратын жерім жоқ,
Қағатын есікте табылмас.
Айтатын сөзім шоқ,
Жан күйдірмей тынбас.
Қараңғыдан соң күн секілді,
өмірімді жарық еткенсіз.
Бергенмін өмірге сертімді,
Сіз – маған мәңгілік көктемсіз!!!
Өзгелер еш ұқпас,
Жүректің сөзін нәзік.
Жүрегім сене алмас,
Көргенмен жүз танып…
Жарық
Ангелина Агапия ізімен
Мені айыптап кездескеннің бәрі,
Жүрегімнің жоғалды неліктен нәрі?!
Үн сүйгенім үшін келеке болдым,
Шашылды арсыздың жүзіме зәрі.
Мен көрмесем де көзбен ешкімді,
Жыр етіп өтсем дедім бес күнді.
Адамның үніне іңкәр болдым қатем,
Ұмыттым үн үшін кейде өзімді.
Мен үн үшін жыладым жасым төгіп,
Қалардай бір сәт тірідей жүрек өліп.
Мен үн үшін қуандым жасым төгіп,
Алдымда тұрғандай бақыт көрініп.
Сіз маған керексіз
Шарқ ұрса көңілім,
Бір сөзге алданып.
Тасқын сезімім,
Қиялдан күй танып.
Сіз маған керексіз,
Жанар жасым тамса.
Сіз маған керексіз,
Үніңізбенен тұмса.
Мен сізді көре алман,
Талпынғаныммен сан.
Жанымда көп досым,
Қымбат – жалғыз жан.
Шарқ ұрса көңілім,
Бір сөзіне байланып.
Сізбен көркем өмірім,
Жүрек тұрар толғанып