Астананың атауы “Нұрсұлтан” бола ма, “Сұлтан-Ата” атана ма?

Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов Астана қаласының атауын Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланыстыруды ұсынды.

astana

“Тәуелсіздікке қалай жеткеніміз мәңгі есте қалуы керек. Осыны ескере отырып, елордада “Тәуелсіз Қазақстан” монументін орнату керек. Конституциямызда Мемлекет басшысы әрі Қазақстанның тұңғыш президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекетімізді салуға қосқан үлесін атап көрсетуді ұсынамын. Сондай-ақ, елордаға және еліміздегі басқа да маңызды нысандарға берілетін атауларды Назарбаевтың есімімен байланыстыруды ұсынамын. Біздің мақсатымыз – ынтымақта өмір сүріп, Мәңгілік Елдің құндылықтарын нығайта отырып, соның барлығын ұрпақтарымызға қалдыру. Бізде тәуелсіз Қазақстан бар. Тәуелсіздік – біздің басты мақсатымыз және солай болып қала бермек”, – деді депутат Сұлтанов.

Астана қаласын өзгерту туралы ұсыныстар 2013 жылы да болған еді. Онда Ұлттық ғылым академиясының академигі Сұлтан Сартаев елорданың атауын Нұрсұлтан деп қоюды ұсынған болатын. Ал 2009 жылы Әзірбайжан елшісі Астана қаласын Сұлтан-Ата деп өзгертуді ұсынды. 

FacebookTwitterGoogleVkontakte Whatsapp


Тағы оқыңыз:

Facebook пікір

Блог бетіне кіру
*
*

Желімен кіру:



*
*
*
Кілтсөздерді растау