Бүгін – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні

1-желтоқсан

Жерұйық порталы барша қазақстандықтарды еліміздің Тұңғыш Президенті күнімен құттықтайды!

Тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен 25 жыл ішінде буыны енді беки бастаған ел әлемдік деңгейдегі алпауыттармен иық тірестіріп, тың бастамаларға ұйытқы бола алатындығын да паш етіп отыр. Оның жарқын дәлелі 11 жылдық тоқырауда болған ЕҚЫҰ саммитін жоғары деңгейде ұйымдастырып, Азиада ойындарын өткізуі, сонымен қатар көптеген халықаралық шараларға ұйытқы болуы, алдағы уақытта ЕХРО-2017 көрмесін өткізетіндігі дәлел бола алады. Міне осындай ауқымды шаралардың басы-қасында жүрген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі ерен екендігі сөзсіз. Сондықтан да 1 желтоқсан Қазақстан Тұңғыш Президенті күні мерекесі кеңінен аталып өтіліп келеді.

Елбасының өмір жолын қысқаша айтып өтсек, Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасында дүниеге келген. 1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орнын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.

1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
1969—73 жж. — Қарағанды облысы, Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
1977—79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.
1979—84 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.
1984—89 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.
1989—91 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,
1990 ж. ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.
1990 ж. сәуірінде Қазақ КСР президенті болып сайланды.
1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 98,7 % дауыспен жеңіске жетті. 

Содан бері Қазақ елінің мызғымас беріктігін сақтауда тер төгіп еңбек етіп келе жатқан Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан үшін маңызы зор болып саналатын мыңдаған заңдарға қол қойып, жүздеген ірі істердің атқарылуына мұрындық болды. Саясаткер ретінде әлем таныған тұлғаға айналып, алыс-жақын шетелдермен бейбіт қарым-қатынас орнатты.

Тұңғыш Президент күнінде әр шаңыраққа бақыт, денсаулық, береке, шаттық тілейміз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, аспанымыз ашық болсын! Отанымызда орнап тұрған бейбітшіліктің іргесі сөгілмесін!

 

FacebookTwitterGoogleVkontakte Whatsapp


Тағы оқыңыз:

Facebook пікір

Блог бетіне кіру
*
*

Желімен кіру:



*
*
*
Кілтсөздерді растау