Дубай гүлден ұшақ жасады

Дубай даңқы тағы да аспандады. Араб әмірлігінің флористері әлемдегі ең үлкен гүлзар-ұшақ жасап, Гиннес Рекордтар кітабына кірді. Emirates компаниясының А380 лайнері түрінде жасалған гүлзарға 500 мың өсімдік отырғызылыпты. Бұл туралы 31-арна хабарлады.

9172ac7f559e3515413d5cbcfc769205_resize_w_520_h_

Бұл қызықты іске мамандар жарты жылын сарп етіп, 50 тонна бетон мен 30 тонна болат жұмсаған. Флористер оған гүлдің сан түрін отырғызған, енді жақсы күтімнің арқасында таяу уақытта ұшақтың үстінде 5 миллионнан астам гүл жайқалып тұрмақ. Көздің жауын алатын ерекше құрылығы Дубайдың таңғажайыптар бағында орналасқан. Ботаникалық ұшақтың ұзындығы 73 метр, ал биіктігі 20 метрге жуық.

Видео: ecoglobalnews.info

 

FacebookTwitterGoogleVkontakte Whatsapp


Тағы оқыңыз:

Facebook пікір

Блог бетіне кіру
*
*

Желімен кіру:



*
*
*
Кілтсөздерді растау