Фейсбук желісінен “СУЫҚ ЖЕЛ” соқты ма? (Б.Тілеуханның пікіріне орай)

fejsbuk

«Отандық бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекелестігі және дамуы мәселелері туралы» өткен Мәжілістегі Үкімет сағатында депутат Бекболат Тілеуxан фейсбук желісінің Қазақстанда саяси аренаға шыққанына қынжылыс білдірген екен. 

Ол былай деді: – Баяғыда мінбеге шығып, сөз алу үшін, ақпарат тарату үшін дәлелденген еңбегің, қоғамда пікір айтатын беделің болуы керек еді. Баяғыда, ең болмаса пікір айту үшін 100 қойдан 101 қозы алуың керек болатын. Ал қазір ерінбеген етікші, ұялмаған әнші болатын заман туды. Шексіз майдан басталып кетті. Тізесіне ноутбугын қойып ойына келгенін жаза береді. Еліне құрметі қалған жоқ. Мұның бәрі, біріншіден, мәдениеттің жоқтығынан. Тектіліктің болмауынан деп ойлаймын. Мысалы, фейсбук АҚШ-­та отбасымен балық аулауға барғандары секілді демалыстарының суретін салатын әлеуметтік желі болып саналады. Ал, бізде, Қазақстан қоғамында бұл саяси аренаға айналып отыр. Осыны ауыздықтау үшін не істеу керек деген мәселе Ақпарат министрлігінің алдында тұр.

PS. Дұрыс-ақ. Сонда демократия қайда қалмақ? Сөз бостандығы, ой еркіндігі ше? Тек “теріскей” бетін көріп қалмай, “күнгейін” де ескерген жөн-ау. Сол ФБ арқылы кейбір тілі шұбар, дәстүрі мен тарихынан “дүбәрә лек” қайта қатарға қосылып жатқанын көріп жүрміз. Ал, Қытайда бұл желіге әлдеқашан құрық салынған. Қытай халқы ФБ парақшасында отырмақ түгілі Wechat (What Sapp) желісінде саяси әңгіме айтудан “қорқады” екен. (Қытайлық ағайындардың айтуынша медиа файлдардың өзі сүзгіден өтеді дейді). 

Ал, бұл қалай болады екен?

Жұмабек АЙҚЫНҰЛЫ

FacebookTwitterGoogleVkontakte Whatsapp


Тағы оқыңыз:

Facebook пікір

Блог бетіне кіру
*
*

Желімен кіру:



*
*
*
Кілтсөздерді растау