• Click here - to select or create a menu
Жерұйық

Kazakhstan, Semey

Home
Ал, ендеше!

Әлеуметтік желіге әуен жүктеймін деп 5 жылға сотталып кетті

Желтоқсан 10th, 2016 Жерұйық comments 327

Әлеуметтік желіге әуен жүктеймін деп бес жылға сотталып кетті. Әңгіме 18 жастағы жігіт жайлы болғанымен, келесі тақырып бәріне қатысты. Себебі барлығымыз әлеуметтік желіге тіркелгенбіз. Сарапшылар фейсбук, ВКонтакте секілді сайттарда ән, сурет жүктерде абай болуды ескертеді.

 Әуезі әдемі. Ұнады. Кейін, тағы бір тыңдармын деп, «Вконтакте»-дегі парағына көшіріп алды. Сосын басы бәлеге қалды. Сөйтсе, әлгі аудио-жазбалары жихадқа шақыратын әндер болып шықты.

Мұны сотта бір-ақ білді. Ақтөбелік Мәуліт Еменов терроризмді насихаттады деп айыпталғанда, көптеген газет-журнал осылай ақпар таратып еді.

«Биылғы жылы 26 азамат сотталды деп отырмыз ғой. Олардың барлығы күнделікті терроризмге, жиһадқа шақырып, түрлі сондай теріс діни сипаттағы материалдарды жариялап отырған», – дейді ҚР Бас прокуратурасы аппараты жетекшісінің орынбасары Нұрділдә Ораз.

Яғни ешкімді абайсызда, білместіктен бөліскені үшін абақтыға жаппаған. Кінәсі болғасын жазасы кесіліп тұр ғой. Жә, маған бұл тақырыптың қатысы жоқ деп еркінсуге әлі ерте. Тәртіп сақшылары желіде отырғанда абайлауға, лайктарға сәл сараңдау болуға шақырады.

Ұнайдыны басар алдын ойланыңыз. Бұл қандай адам, мынау әні, видеосы не жайында. Көз жеткізген соң ғана бөліссеңіз мархабат. Әйтпесе Қылмыстық кодекстің 256 бабы бар. Терроризмді насихаттағаныңызға титтей дәлел табылса, жеті жылға жейін абақты арқалап кетуіңіз мүмкін.

«Террористік немесе экстремистік сипаттағы материалдар болса, оларға өте мұқият болып, басқаларға таратпауды, абай болуды сұраймыз. Жеке мессенджерлер, ватсап арқылы, телекоммуникациялық желілер арқылы заңға қайшы материалдар болса, басқа азаматтарға таратпауға тырысу керек», – дейді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің өкілі Азамат Қабдешов.

Интернет сайттың тілшісі болғандықтан, Абзал көп уақытын әлеуметтік желіге жұмсайды. Жазған материалын жарнамалайды, одан қалды қызықты деген деректерімен бөлісіп тұрады. Бірақ мүлде жоламайтын тақырыптары да бар.

«Мүмкіндігінше, діни тақырыпта блог жазбауға, жарияламауға тырысамын. Себебі бізді үлгі тұтып жүргендер бар, біз егер дұрыс емес нәрсені жариялап қоятын болсақ, олар иланып, сеніп қалуы мүмкін. Сосын соны өмірлік ұстанымы ретінде алып қалуы да мүмкін», – дейді ол.

Жеке парақша. Көбіміз ол жерге не жазсам да, не жарияласам да ерік өзімде дейміз. Бірақ парақша жеке деп аталғанымен, онда жазған әрбір сөзіміз миллиондарға жол тартады. Олай болса, нені жарияладың екен соның насихатшысы болып саналасың.

kaznews.kaztrk.kz

Әлеуметтік желіге хабарлау

FacebookTwitterGoogleVkontakteLinkedInOdnoklassniki Whatsapp


Бағалау: 0

Facebook пікір

Жерұйық

Жерұйықпен бірге болыңыздарЖазба қосу

Осы тектес:

Димаш алғаш ән айтқанда кім не деді?

Димаш “Айтуға оңай” бағдарламасында қандай ән орындаған?

Димаш”Опера 2″ әнімен тағы да таңқалдырды (Видео)

Қыз алып қашқан жігіттің жылап айтқан әні – дігідік-дігідік

Қалмақ әншісі Шәмшіден ән ұрлаған ба?

  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
  • Back to top
Рейтинг
Ескерту:
Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Байланыс жасау:

E-mail: [email protected]
web-қызметкер:
+ 7 775 759 29 92
+ 7 747 545 15 48


Мемлекеттік тіркеу
№16182 - СИ. 2016 жыл
Сайт дизайны:

"Жерұйық медиа" ақпараттық агенттігі

  • Жаңалықтар
    • Жаһан
    • Аймақ
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
Бас бет
Кіру
Кіру
Тіркелу
Тіркелу