• Click here - to select or create a menu
Жерұйық

Kazakhstan, Semey

Home
Міне, қызық!

Міне, қызық! Бала Димаш қандай болды? (ФОТО)

Қаңтар 30th, 2017 Аяулым Өмірбаева comments 126

Ақтөбенің перзенті Димаш Құдайберген қазағымыздың даңқын аспан асты еліне асқақтатты. Димаштың бала кезде қандай болғанын Ақтөбе газетінің фотосюжетінен байқап қалдық.  Анасы Светлана Айтбаеваның айтуынша Димаштың азан шақырып қойған аты – Дінмұхаммед екенін де білдік.

«Есімі аян беріп қойылды»

Республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы қалың жұртқа Димаш Құдайберген есімімен танымал. Алайда, оның төлқұжатындағы шын есімі «Дінмұхаммед Құдайберген» деп жазулы тұр.

«Димаштың есімі аянмен қойылды. Оның қысқаша тарихы былай: атамыздың студенттік кезінен бері сыйластығы үзілмеген Бақтығали Сандыбаев деген досы болды. Соның тоқсаннан асқан әжесі сол кезде түс көргенін, түсінде дүниеге келетін баланың есімін Мұхаммед қойыңдар деп аян берілгенін айтты. Содан ата-енем бар, жолдасым Қанат бар, Пайғамбар есіміне тіліміз тиіп кетіп жүрер деген оймен, әрі әженің де көңілін қалдырмай, сәл өзгертіп, баланың есімін «Дінмұхаммед» деп қойды. Содан бері Дінмұхаммед деген аты құжатта ғана жазылады, ал үйде, қазір тіпті сахнада да Димаш боп айтылып жүр. Бұлай еркелету көрнекті қайраткер Дінмұхаммед Қонаевтан басталған үрдіс қой. Біз де содан аспадық. Қазақстандағы барлық Дінмұхаммедтер — Димаштар ғой. Ол — жазылмаған заң», – дейді Димаштың анасы.

Аспаптың күйін бес жасында байқаған

Ата-анасы Димашты бес жасынан бастап Ақтөбедегі А.Жұбанов атындағы музыка колледжіндегі балалар студиясының фортепиано класына беріпті.

«Үйімізде бір пианино болды. Димаш үйде сонымен дайындалып жүретін. Негізі фортепианоның бір жерден екінші жерге көшіргенде, қозғағанда, бұрауы, яғни, күйі өзгеріп кетіп жатады. Бір қиыны, бұл аспаптың құлақ күйін тек арнайы мамандар ғана келтіреді. Бір күні жаңағы аспапты бір бөлмеден екінші бөлмеге көшіргенімізде күйі өзгеріп кеткен ғой. Оны былайғы жұрт аңғара бермейді, әдемі дыбыс шығарып тұрғанға, сырт көзге бәрі дұрыс көрінеді. Бірақ, есту қабілеті жоғары музыканттар аспаптың күйі кетіп тұрғанын бірден байқап қалады. Кәнігі мамандар әдетте қандай да бір аспаптың құлақ күйі сәл өзгерсе, бірден кері әсер етіп, бас ауыртатынын айтып жатады. Содан Димаш сол аспаппен сабағына дайындалып жүрді. Бір күні студияда сабақ беретін мұғаліміне барып, шағымданыпты: «Үйдегі аспаптың дыбысы маған түк ұнамай жүр, басымды ауыртады» деп. Небәрі бес-ақ жаста екен. Сонда да болса, дыбыстың әдеттегіден сәл өзгергенін сезіп тұрғаны ғой. Мұғалімінен сол әңгімені естіп, дереу аспаптың күйін келтіруші маманды шақыртып, дұрыстап бергеніміз бар», – дейді Светлана Айтбаева.

Сондай-ақ, бала Димаш анасы Света сахнаға шығып ән салып тұрғанда, қасына жүгіріп барып, әншілердің ортасында тұратын болған. Кішкентай кезінде өзге балалар үйдің, түрлі көліктің, гүлдің суретін немесе комикстер салып отырғанда, Димаш үнемі ақ қағазға сымы шұбатылған микрофон, кассеталар, дауыс ұлғайтқыш колонкалардың, сондай-ақ, міндетті түрде өзінің үлкен сахнада ән айтып тұрғанын бейнелейтін суреттер салатын болыпты.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ

VK
Facebook
Twitter
Google+
Odnoklassniki
Mail.ru
E-mail
Бағалау: 1

Facebook пікір

Аяулым Өмірбаева

Жазба қосу

Осы тектес:

Қанша ақылды болса да Баяндікі бәрібір дұрыс емес!

Әсет Найманбаевтың домбырасы табылды

Димашты Қытай халқы бірінші орынға лайық көріп отыр – дауыс жинау қорытындысы

Қазақтың өнеріне қайта-қайта бас иіп тұр (ВИДЕО)

The singer: Джеки Чан қазақтың күйіне тәнті болды (ФОТО)

  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
  • Back to top
Рейтинг
Ескерту
Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Байланыс:

E-mail: [email protected]
Веб-редактор:
+7 747 545 1548
Куәлік
Мемлекеттік тіркеу №16182 - СИ. 2016 жыл
© "Жерұйық" ақпараттық-танымдық порталы
ДизайнЖерұйық
  • Жаңалықтар
    • Жаһан
    • Аймақ
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
Бас бет
Кіру
Кіру
Тіркелу
Тіркелу