Дэйзи Дженг есімді дизайнер «Nokia» компаниясы үшін тың дүние ойлап шығарды. Оның жасаған ерекше ұялы телефоны америкалық танымал Кока-Кола сусынымен қуаттанады.
Естіген құлаққа күлкілі болуы мүмкін, алайда, коладан бөлінетін көмірқышқыл газы мен қант қосындысы тың дүниенің жақсы жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Телефонға құрамында қанты бар барлық суды пайдалануға болады.
Дэйзидің айтуынша, аталған байланыс құралы телефонға қуат беріп қана қоймай, суды тазалап, оттегі бөледі екен. Био батарея энергия алудың табиғи жолы болғандықтан ғалымдардың назары ерекше ауып отыр. Болашақта мұндай өнім қолданысқа енер болса, Кока-Кола компаниясының тауар сату көреткіші бірнеше есе артуы мүмкін.