• Click here - to select or create a menu
Жерұйық

Kazakhstan, Semey

Home
Ел-жер

Б.Сапарбаевқа “ерекше стилдегі баяндама” жасалды

Ақпан 9th, 2017 Жерұйық comments 960

Халықаралық Ақпараттандыру академиясының академигі, Мәдениет қайраткері, публицист-жазушы Шархан Қазығұл Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаевтың (1953 жылы 9 ақпанда Қызылорда облысының Жаңақорған ауданының Бесарық ауылында дүниеге келген) туған күніне орай “ерекше стилдегі баяндамасын” жариялады,-деп хабарлайды “Жерұйық” порталы.

Берен басшы Бердібекке «Б»-дан бедерленген бір бет баяндама

Біссіміллалап бастайық, бағаналы байтақ Батысымызды біліктілікпен биязы басқарып, берекетке бөленген, беделді, белсенді, берекелі, белді, белгілі Бердібек баһадүрге бұқараның берер бағасы да, батасы да баршылық. Бұлай бейнелейтініміз, бұқараға бүкпесіз бүтіндей бүйрегі бұратын Бекең – бейнетке бағзызаманнан бетін берген берек те берен басшы. Басқару баспалдақтарының барлық барьерлерін байыппен бағындыра білген байламы берік Бекең басыбайлы бастамашылдығымен баршаны батпан батагөйлігімен болашаққа бастап барады.
Бесікте-ақ буыны бекіген, болаттай берік Бекең – бұқараның бағына байланғанын бұлдамайды, бұқараның басындағы батпаннан бұлтартпайды, бұқараның бұйымтайын бұлжытпай бітіруге баяғыдан бейімделген басшы. Басты белестерімізде басымызды биікке бағыттаған Бекең бұғалығын басқаларға бұрып, біздің бәрімізді бір бүйіріндегі бауырларына балайтынын баяғыда-ақ басқаларға білдіртпей байқататын. Бойынан бейқамдылық байқалмайтын Бекеңнің бейкүнә бейнесінен бейбітшілікке бейімділіктің барлық белгілері білінетінін баршаңыз білесіздер!
Бұйығылыққа, біржақтылыққа, боскеуделікке, бойкүйездікке, боссөзділікке бойын бұрмаған Бекең баяғыдан бекзаттылығымен бедерленеді. Бейтарап Бекең – баққұмарлыққа да бармай, бақталастыққа да бой бермеген басшы. Босағасы берік Бекең бағасын білмейтіндерге бекерден бекер бақшасын бүлдіртпейді. Болмыс-бітімі бөлек, бірсөзді, біртоға, Бірінші Басшысымен біртұтас Бекең бүгін де бедерлене береді.
Бекең – байсалды да, байыпты бабындағы батыр. Биографиясын бюджеттік бақылау бөлімінің бастығы болып бастаған Бекең бүгін бір белестен бір белеске беттеп барады. Бағытыңыз бұрыс болмағай, Беке!
Бекеңе басты бата: Бауырларыңызға беделіңіз, байсалдылығыңыз, білгірлігіңіз, болжамшылдығыңыз, біліктілігіңіз, балажандылығыңыз, басқасының бәрін былай бұрғанда, бейбітсүйгіштігіңіз береке бергей.

Бақытты болыңыз, Беке! Бауырыңыз бүтін болсын!

 

Әлеуметтік желіге хабарлау

FacebookTwitterGoogleVkontakteLinkedInOdnoklassniki Whatsapp


Бағалау: 0

Facebook пікір

Жерұйық

Жерұйықпен бірге болыңыздарЖазба қосу

Осы тектес:

“Мынау мені түсініп отырма өзі?!” Б.Сапарбаев қазақша түсінбейтін тілмаштың “тілін суырды”

Бердібек Сапарбаевтың Айдын Егеубаевқа қарсы арызы негізіндегі сот отырысы 19 қазанға белгіленді

  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
  • Back to top
Рейтинг
Ескерту:
Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Байланыс жасау:

E-mail: [email protected]
web-қызметкер:
+ 7 775 759 29 92
+ 7 747 545 15 48


Мемлекеттік тіркеу
№16182 - СИ. 2016 жыл
Сайт дизайны:

"Жерұйық медиа" ақпараттық агенттігі

  • Жаңалықтар
    • Жаһан
    • Аймақ
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
Бас бет
Кіру
Кіру
Тіркелу
Тіркелу