• Click here - to select or create a menu
Жаңалықтар. zheruiyq.kz. Бүгінгі жаңалықтар. Жаһан, әлем жаңалықтары.

Kazakhstan, Semey

Home
Бас баған

Бекет ата аруағы немесе екі жыланның құпиясы

Ақпан 10th, 2017 Жұмабек Айқынұлы comments 1740

Жыланға қатысты аңыздардың соңғы ғасырларда қалыптасқан, тіпті соңғы кездері қалыптасқан мысалдарына тоқталып көрелікші. Солардың біразы Бекет атаға байланысты. Тек қана қағазға түсіріліп, хатталған оқиғалардың өзінен біз Бекет ата аруағының жылан немесе екі жылан кейпінде көрінгені туралы 4 мысалды көрсете аламыз. Біріншісі бойынша – Бозащы түбегіндегі Тобықтының ойындағы Бекет ата мешітінде болған делінеді, көзі тірі адамдардың бірі сарыүйек жыланының жерден жартылай көтеріліп, басын шайқап түрғанын көрсе, екінші біреу Бекет атаның Жылойдағы, яғни Ақмешіттегі кесенесін жаңадан салу қарсаңында қатар тұра қалып билегендей қимыл жасаған екі ақшыл сары жыланды көрген екен, үшінші болған оқиғада Оғланды басында болған жай баяндалады, мұнда Бекет атаның қонақ үйіндегі заттардан ала кетпек болған бір тоғышарды екі жыланның жолатпай қойғаны айтылады, ал төртіншісі де – сол Оғланды басында көрінген жалғыз сүр жылан жөнінде***. Жалпы, Бекет атаға қатысты жылан көру туралы ауызекі әңгімелер де көп айтылады, оны осы кітаптың авторы да бірнеше адамның аузынан естіген, мұндай жылан көру оқиғаларының мәтіні бір-біріне үқсас келіп жатады, сондықтан біз тек осындай әңгімелердің кітап бетіне түскен төртеуін ғана келтіріп отырмыз.

Міне, осы әңгімелердегі көрінетін бір немесе екі жыланды айтушылар мен түсіндірушілер Бекет ата аруағының көріну кейпі деп есептейді. Бұл жерде осындай әңгімелерге сену немесе сенбеу – әркімнің өз шаруасы, ал біз нақ солай болғанына сенгіміз келеді. Ең бастысы осындай “жылан кейпіндегі рух, аруақ” деген түсініктің қазақ сенім-нанымында тұрақты, орнықты болуы әрі кеңінен таралуы, өйткені тек Бекет атаның ғана емес, қазақ жерінің түпкір-түпкіріндегі молалар мен әулиелер жөніндегі құлақ естіген, баспасөз бетінде жарияланған әңгімелерде де көбіне-көп сол әулиелердің жылан кейпінде көрінгендігі баян етіледі. Яғни осындай сенім – қазақ арасында кеңінен таралған құбылыс.

Әдетте, күнделікті тірліктегі қазақтың жыланға деген көзқарасы біржақты. “Сұр жылан” деп атасаң, ол адам осы атауды ұната да қоймас, өйткені бұл сөз тіркесі зымияндықты білдіреді, сыртқы келбеті көлгірсіп тұрғанымен, ішінде небір зұлым ой жатқан адамға қатысты қолданылады. Міне, осындай жыланға деген жаман көзқарасты болып келген “орташа” қазақмоладағы, үйдегі, әулие басындағы, үңгірдегі жыланды көргенде екіұдай күйге түседі, қорқып тұрса да, жыланды әлдебір күштің, аруақтың кейпі ретінде қабылдап, оған санасынан тыс күйінде табынып тұрғанын аңғармай қалады. Бекет атаның аруағы сұр жылан немесе екі ақшыл сары жылан бо- лып көрінді дегенде қазақ “ол неліктен басқа мақұлық түрінде емес, нақты жылан болып көрінуі тиіс, жылан дегеніңіз сұрқиялықтың символы емес пе?” деп сауал қойып жатпайды. Өйткені оның санасында не түйсігінде сақталып қалған ежелгі жыланға табыну, жыланды өзінің бабасы деп түсіну ақпараты автоматты түрде ықпал ете бастайды.

*** Мырзабекүлы И. Бекет ата. Алматы: Дэуір, 2000.165,177,191,216-бб.

 Сол сияқты екі жыланға қатысты қазақтың ертегі, дастандарында да кездесіп жатады. Тіпті, жыланға қатысты қазақтың ырымдары да жетерлік. Бала кезімізде үлкендерден өте көп естуші едік. Жылан үйге кіріп кетсе, ақ құйып шығарып тастау керек, өлген (немесе өлтірген) жыланды тізеңнен асырмай, тез арада жеті шұңқырға көміп тастау керек, т.с.с ырым-тыйымдарды естіп өстік. Енді төмендегі болған оқиғаға назар аударыңыз (бұл материал да осы кітаптан алынды):

«Қызылорда облысының Мөлдір Жақсылықова деген кісінің естелігінен: Бір кісі әйелі және қызымен келе жатып, жолда бір-біріне ширатылып, құйрықтарымен топырақты шаңдатып жатқан ақ жылан мен қара жыланды көреді. Әкесі шалт қимылдап екеуін де өлтіреді. Арада бір аптадай уақыт өткенде, әлгі отбасы адамдары кері қайтып келе жатып, сол көріністі қайта көреді. Сол екі жылан тағы да қосақталып, топырақты аспанға атып жатыр екен. Бастапқы да бәрі қорқып кетеді. Бәрінен бұрын ес жиған отағасы сонда: Қап, әттеген-ай, бекер өлтірген екенмін. Бұл бір үлкен қателік болды. «Екі жылан айқасып, оратылып жатса, баланың көйлегін үстіне жауып кете беру керек, сонда ұрпағың бақытты, дәулетті болады» деуші еді қариялар*.

 ***Жақсылықова М. Біздің жерде айдаһарлар әлі бар. «Мыңнан бір мезет» беті.//Жас Алаш.2002 ж

Жылан жайлы әңгімелердің бұл бір шеті ғана…

“Жерұйық” порталы

VK
Facebook
Twitter
Google+
Odnoklassniki
Mail.ru
E-mail
Бағалау: 0

Facebook пікір

Жұмабек Айқынұлы

Жазба қосу

Оқуға ұсынамыз:

Қазақстан-Сербия достық қарым-қатынасы нығаймақ

Е.Сыдықов: Еуразия ұлттық университеті физика пәнінен әлемнің үздік университеттерінің қатарында

Сурып салма ақын, қуырып салма журналист «Шығыс ақпарат» шылбырын қолға алды

Әмірені улаған кім?

«Анашыма сыйлық» атты акциясы ұйымдастырылды

1938 жылдың зобалаңында Сәкен ақын атылды ма?

Аналар мерекесі құтты болсын!

Арыстар арасындағы хаттар (құнды дерек)

“Жоқтың” да жақсылығы болады

Жолымбет Мәкіш: Ертең тағы осылай бармақ тістеп қаламыз…

  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
  • Back to top
Рейтинг
Ескерту
Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Байланыс:

E-mail: [email protected]
Веб-редактор:
+7 747 545 1548
Куәлік
Мемлекеттік тіркеу №16182 - СИ. 2016 жыл
© "Жерұйық" ақпараттық-танымдық порталы
ДизайнЖерұйық
  • Жаңалықтар
    • Жаһан
    • Аймақ
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
Бас бет
Кіру
Кіру
Тіркелу
Тіркелу