• Click here - to select or create a menu
Жерұйық

Kazakhstan, Semey

Home
Міне, қызық!

Н.Қоянбаевтың сыңары табылды (видео)

Ақпан 14th, 2017 Жерұйық comments 342

Лос-Анджелесте қазақтың шоумені, «Түнгі студия» бағдарламасының жүргізушісі Нұрлан Қоянбаевқа қатты ұқсайтын ер адам видеоға түсірілген.

Қоянбаевтың сыңары түсірілген видеожазбаны қазақстандық биші қыз Софи Манасян жариялады. Айта кетейік, Софи Манасян қазіргі уақытта ата-анасымен бірге Америкада тұрып жатыр екен. Қыздың айтуынша, Қоянбаевқа ұқсайтын америкалық поштада қызмет етеді екен.

«Маған Лос-Анджелестегі пошта қызметкерінің Қазақстанда танымал адамдардың біріне ұқсайтынын айтты. Сіздердің ойыңызша, кімге ұқсайды?», — деп жазған қазақстандық биші видеоның сипаттамасына.

Ал Нұрлан Қоянбаев Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында өзінің видеожазбадағы америкалыққа расында да ұқсайтынын айтып өтті. «Мен де таңғалдым. Иә, қатты ұқсайды. Осы видеоға жазылған пікірлерді қарасам, шамамен 247 пікір білдірушінің барлығы «Қоянбаев» деп жазып жатыр. Мен де былай қарасам — ұқсастық бар. Адамдарды алдай алмайсың», — деп күлді шоумен Америкада туыстары жоқ екенін айта отырып.

Сондай-ақ, тележүргізушінің айтуынша, ол Қазақстанда өзіне қатты ұқсайтын адамды кездестіріп көрген емес.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың 9 ақпанында Нұрлан Қоянбаев «Қазақстан» РТРК бас продюсері болып тағайындалды. Қоянбаевтың айтуынша, бұл қызметке ол ақпанның басында келген. Шоумен телерадиокорпорацияның бас продюсері қызметі мен «Түнгі студияда» шоуының жүргізушісі жұмысын қатар атқарады.

© Жасқазақ

 

В сторис мне сказали, что работник почты в Лос-Анджелесе похож на одну казахстанскую знаменитость, вам напоминает кого-то?!

Публикация от Софи Манасян (@sofimanasyan) Фев 13 2017 в 6:19 PST

Әлеуметтік желіге хабарлау

FacebookTwitterGoogleVkontakteLinkedInOdnoklassniki Whatsapp


Бағалау: 0

Facebook пікір

Жерұйық

Жерұйықпен бірге болыңыздарЖазба қосу

Осы тектес:

Елбасы “Түнгі студия” бағдарламасында не айтты?

  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
  • Back to top
Рейтинг
Ескерту
Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Байланыс:

E-mail: [email protected]
Веб-редактор:
+7 747 545 1548
Куәлік
Мемлекеттік тіркеу №16182 - СИ. 2016 жыл
© "Жерұйық" ақпараттық-танымдық порталы
ДизайнЖерұйық
  • Жаңалықтар
    • Жаһан
    • Аймақ
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
Бас бет
Кіру
Кіру
Тіркелу
Тіркелу