(Болған оқиға ізімен)
Мамыр айы махаббат айы. Сонымен қатар мамыр айы қашанда мерекеге толы. Қазақстан халықтарының бірлігі күнінен бастау алатын атаулы күндер ай бойы жалғаса береді. Оның арасында орыстардың «Ата-ана күні» діни мерекесі бар. Мерекеде басқалар дем алғанмен полиция үшін қашанда карбалас тірлік болып кетеді. Өзінің кезекшілігі осы мереке қарсаңына 5 мамырға сәйкес келген Семей қаласы ІІБ кезекші бөлімінің оперативтік кезекшісі майор Қуанов Төлеген күнделікті қарбалас жұмыстан бас көтерер емес. Телефонда да мазат жоқ. Қаланың әр бұрышынан көмек сұраған тұрғындардан түсіп жатқан хабарлар. Уақыт талғамайды. «102» телефоны арқылы кейде болмашы нәрсеге бола телефон шалып жүйкеге тиетіндер де бар. Жұмыс уақыты аяқталып, күндізгі қарбалас сәл саябырсыған сәтте күн бойы түскен қылмыстық оқиғаларға қатысты хабарларды жүйелеп, жинақтауға отырғаны сол еді алдындағы телефон безілдей жөнелді. Трубканы көтергенде ар жақтан абыржыған әйел қоқыс төгуге шыққан күйеуін есік алдында белгісіз біреулердің пышақтап кеткенін аптыға баяндады. Төлеген дереу Затон полиция бөлімінің кезекші тергеу тобын аталмыш мекен-жайға аттандырып, ІІБ бастығы полиция полковнигі Исадилов Жумабектің қалта телефонына хабарласып Дальный көшесіндегі пышақтау оқиғасы туралы баяндады. Жұмыстан келіп кешкі асын енді алдына ала берген басқарма бастығы оперативті кезекшіге қылмыстың ізін суытпай ашу үшін «Боран» орталықтандырылған байланыс желісі арқылы шұғыл түрде оқиға орын алған жерге кезекшілік атқарып жүрген жол полициясы, патрульдік полиция экипаждарын, полицияның аумақтық полиция инспекторларын аттандырып, оларға оқиға орнын кіші шеңберге алып, қылмыскерді тұзақтау мақсатында жәбірленушінің сипаттауына келетіндерді дереу Затон полиция бөліміне жеткізуді міндеттеуді тапсырды. Өзі қызмет көлігін шақырып оқиға болған жерге аттанды. Машинада келе жатып қылмысты ашу ісіне жауапты орынбасары Ақылхан Қасқабаев пен КПБ бастығы Қайрат Будановқа хабарласып аталмыш мекен-жайға келуін ескертті. Оқиға болған жерге келгенде жәбірленушіні жедел жәрдем әкеткелі жатыр екен. Ат үсті тілдескенде ұққаны кешкілік үйінен қоқыс шығаруға шыққан кезде белгісіз біреу подьезде шабуыл жасап пышақ сілтеген. Кейін ауыруханада жауап алған тергеушінің «Кімдерден күдіктенесіз?», «Бас араздығы бар жандар бар ма еді?», «Қылмыскерді сипаттай аласыз ба?» тәрізді сұрақтарына ол бұл басбұзарлықты кім істеуі мүмкін екенін білмейтіндігін, өздерімен қастық ниеттегілерді тап басып айтып бере алмайтындығын, қараңғы және оқиғаның қас қағымда болғандықтан күдіктіні байқап үлгермегенін айтты. Оның әйелінен де жауап алынып, күдіктінің кім болуы мүмкін, өз тарапынан күдіктенетін тұлғалардың бар жоғын туралы сұралды. Әйелдің жауабы да күйеуінікіндей. Айтатыны өздеріне көз алартқандардың болуы мүмкін емес. Жусаннан аласа, бетегеден биік қоңырқай тіршілік иесіміз. Қызығатын бизнесіміз, қомақты ақшамыз жоқ. Әйтсе де, жиналған материалдарды ой елегінен өткізе келе тергеушілер мынандай қастандықты көлденен көк аттының жасауының мүмкін еместігін, мынау бас араздығы бар біреудің қитұрқы әрекетіне болуы керек деген жорамалға келеді. Осыны нақтылау үшін тергеу әрекеттерін терен жүргізуді жоспарланып бөлімге күйеуі мен әйелін кайта шақырды. Талай істің түйінін тауып жүрген тергеушілер жорамалын жолбасшы етіп алып жауап алғанда жарақат алған жігіттің әйелі Анастася қанша түлкі бұланға салса да амалсыз бұл бейбастақтықты өзінің бұрынғы сүйіктісі Ни Ринат жасауы мүмкін деген күдігімен бөліседі де, полиция қызметкерлеріне өзінің Ринатпен қалай танысқанын, араларында өрбіген махаббат дастаны туралы баяндап береді.
Бірде Анастася интернеттегі «Өз әлемі» сайтына келіп түскен хаттарды қарап отырса достық қолын созған бірнеше хабарлама бар екен. Соларды ой сарабынан өткізе отырып Ринат дегеннің ұсынысын кабылдауды құп алды. Фотада бидай өңді, көзі күлген, сүйкімді жігіт тұр. Адам сөйлескенше, жылқы кісінескенше дегендей екеу ара таныстық сырластыққа ұласты. Күнделікті байланыс жиілеп, бара-бара олар етене жақын болып үлгереді. Бірін бірі баяғыдан білетіндей. Небір жүрек қылын тербетер, сағыныш самалы есер сырлы сөздерден кейін Настя оған ғашық болып қалғанын байқамады. Бір әттегенайы оның осы мезетте түрмеде отырғандығы ғана. Ол болса «жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ»- дегендей өзінің жастық желікпен шатасқанын ,баска тиген сон бостандықтың не екенін түсінгенін , енді тек Настя үшін өмір сүретінін, еркіндікке шыққан соң міндетті түрде оны бақытты ететінің қайталаудан жаңылған емес. Настя бүгін ерекше көңілді. Колледжде сұраған сабақтарынан жақсы баға алып ұстаздарынан жылы сөз естіген оның шадыман көңіліне шуақ шашқан күн де әсер етуде. Күндегі әдетімен сабақтан соң жедел басып баспалдақпен көтеріліп келе жатып көзі почта жәшігіндегі хатқа түсті. Кілтімен ашып хатты алып, оқығанша асығыс пәтеріне енді. Дәлізге аяқ киімін шешкенмен, сырт киімін шешпестен тумбаға отырып хаттың конвертін ашты. Хат өзіне арналыпты .
Ринат өзінсіз таңының атпайтынын жаза келіп кездесуге шақырыпты. Қабырғасымен кеңесе келе ол түрмеге Ринатты көріп, жолығуға бел байлады. «Хат арқылы махаббат телефон арқылы ішкен түскі астай»- демекші не де болса барып барлығын байжайлап, байқап қайтпақ. Екеуінің осы кездесуі жақсы тәртібі үшін мерзімінен бұрын босап шыққан Ринаттың колледжді бітіріп Астанада жұмыс жасап жүрген Настямен жолығып, бірге тұруына ұласты. Бірді бір біліп болмас асқаралы Астанада жәй-күйлері келіспеген жас семья бір жылдан соң Семейге қайтпақ боп шешті. Онда Настяның анасының қосымша пәтері бар. Жүзіктің көзінен өтердей жылпос Ринаттың да бизнес жасауына орайлы. Тоғыз жолдың торабы. Семейге келген соң олар қыздың анасының үйінде тұрып жатады. Ринат бір автокөлік жуу салонын жалға алады. Жағдайлары түзеліп не ішем, не кием демейді. Жағалары жайлауда. Тәтті, тату тірлік жыл өте құйын желдің құдіретіндей өмір дауылының екпініне шыдамай шытынас береді. Жасынан жылдамдыққа үйір Ринат бірде желмен жарыса жүйткіп келе жатып Настяның шешесінің «Мерседес» автокөлігін аударып қиратады да жөндеуге келгенде тайқып шығады. Осыдан ұшқын алған жанжал оты кейін алаулы өртке айналып ақыры олар ажырасып тынды.
Жәбірленушінің әйелінің осы жауабынан кейін бірден ІІМ орталықтандырылған дерек базасынан тексерген кезде Ни Ринат Леонидович 1989 жылы Қарағанды қаласында туған. 2008 жылы Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 185 бабы (бөтеннің көлігін заңсыз айдап кету) бойынша 6 жылға сотталған деген деректі алдыға жайып салды. Полицейлерге оның азғана уақыт Семейде тұрғаны, тіпті тақау арада оны Семей қаласында көрген жандар бар екені де белгілі болады. Оның осындағы таныстарынан, бұрынғы нақсүйерінен т. б дерек көздерінен алынған ақпарды сараптан өткізе келе жоғарыдағы қылмысты жасады деген күдікпен оған қылмыстық іздеу жариялау қажет деп шешіледі. Хабарсыз кеткендермен кылмыскерлерді іздеу бөлімшесінің бастығы Тілек Хамза оның қазіргі таңда Семейде жоқ екеніне көз жеткізген соң орентировка жасап ШҚО барлық аудандық ІІБ мен облыстарға жіберді. Фотасы көбейтіліп барлық полиция қызметкерлеріне табысталды. Темір жол, автобус бекеттерінің кассаларына үлестірілді. Яғни бұзақыны бұғалықтау әрекеті толық сипатта іске қосылды. Оқтың-оқтын барады-ау деген жерлерге қатынас қағаздар жолданады.
Диірменнің тасындай шыр айналған дүниеде тоқтау жоқ. Сынаптай сырғыған уақыт батқан күндей тарих қойнауына жылжуда. «1-ші мамыр», «ата-ана күні», «9-мамыр» мерекелері өтіп мамыр айының мамыражай күндері де келіп жетті. Қыстың қамын жазда ойла қағидасымен көктем шығысымен жертөлелерді қысқа қамдау жұмысымен айланысып жүрген тұрғын үй коперативінің төрайымына Дальный көшесі бойындағы 62 үйде тұратын бірнеше тұрғындар келіп осы үйдегі 2-пәтер иелерінің біраз болды көрінбейтіні, пәтер сыртынан жабық болғанмен ішінен бір жаман күлімсі иіс шығатындығы туралы шағым айтты. Тіпті көпті көрген Валя әжей әлгі иістің өлік иісіне ұқсайтындығы туралы айтты. Коператив төрайымы бірден осы аумаққа қызмет жасайтын полицияның учаскелік инспекторын шақырып, акт жасап, пәтер есігін ашады. Ішке еңгенде қолқаны атар жағымсыз иіс сыртка лап берді. Ол дереу ІІБ мен Затон полиция бөлімінің арнайы тергеу тобын шақырды. Оқиға болған жерге суыт жеткен басқарма бастығы Жұмабек Исадилов өзінің қылмыспен күреске арнаған саналы ғұмырында неше түрлі жағдайды көріп жүрсе де дәл мына жай оның жағасын ұстауға мәжбүр етті. Бөлмені кернеген қан иісі мен бұзыла бастаған адам мүрделерінің иісі тынысты тұмылдырықтауда. Жатын бөлмедегі төсекте белгісіз қанішердің құрбандары қанға бөккен екі азамат пен әйел денесі бұзыла бастаған. Оқиға орын алған жерді көзбен шолып өткен Жұмабек, қылмыс болардың алдында мұнда армансыз арақ ішіліп, көңілді отырыс болғанын пайымдады. Ас үйдегі стол үсті босаған шиша мен тамақ қалдықтарына толы. Күлсалғышта темекінің қалдығына толған. Ол дереу учаскелік инспекторды өзіне шақырып одан аталмыш пәтердің ішкі істер органдарында тіркеуде бар жоғын ,пәтер иесінің кім екендігін сұрады. Инспектордың өздерінің тізімінде бұл пәтердің ішімдікке әуес жандардың жиі бас қосар жері ретінде , ал пәтер иесі Тамара ішімдікке үйір тұлға ретінде есепте екенін баяндады. Оқиға орнын қарау хаттамасын толтырумен айланысып жаткан тергеушіге мұқият болуын, қандайда бір осы ауыр қылмысты ашуға мұрындық болар айғақтын аяқ асты болмауын қадағалауды, криминалист-сарапшыға саусақ іздері болмаса баска да зат бедерлерлерін жете зерделей қарау қажеттігін тапсырды. Оперативтік қызметкерлерге қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлерінен қалауларынша көмекке адам алып, маңайды аралап сұрастыру жасауын, сұрау барысында қырағы көз карияларды қалыс қалдырмай жәбірленушілерді соңғы сәтте кім қашан көргенің соңғы мезеттерде қонаққа кімдер келгенін нақтылау кажетті туралы тапсырма беріп, кабинетіне оралды. Кешкілік мезгілде бүгінгі күн нәтижелерімен тергеу және қылмысты іздестіру істеріне жауапты орынбасарлары Ербол Искаков пен Ақылқан Қасқабаев кірді. Олар қылмыс болған жерден криминалистер мұқият қарау жұмыстарын жүргізіп 12 саусақ бедерін тапқанын, олардың өлімі шамамен апта бұрын орын алғанын, оқиға болған жерден марқұмдардың ұялы телефондарының қолды болғанын, сонымен қатар маңайдағы тұрғындардың бәрінен түсінік алынып, жәбірленуші әйелдің бөтелкелес достары, сол маңда тұратын бұрын сотты болғандар, нашаға әуестердің барлығы бөлімге жеткізіп тексеру жүріп жатқанын баяндады. Сөз арасында Қасқабаев әзірге оқиғаны нақтылайтын дерек ұшы табылмай тұрғанын, тек қылмыс болған үйдегі бір қарияның айтуы бойынша Светаны соңғы рет «ата-ана күні» мерекесі қарсанында көргенін, қасында бойы орташа жіңішке келген бидай өңдес сылыңғыр, сары курткалы жігіт болғанын айтты. Аталмыш азаматтың кім екенін анықтау бағытында жедел іздестіру жұмыстары жүріп жатканын жеткізді. Олар кетісімен жуық арада сол маңда болған оқиғаларды зерделеп отырған басқарма бастығының көзіне манағы кемпір сипаттаған адамның кескінімен киген киімі осыдан 10-күн бұрын Дальный көшесінде орын алған бұзақылық әрекеті үшін өздері іздеу жариялаған Ни Ринатқа сәйкес келетіні оттай басылды.
Дереу өзіне криминалистика бөлімінің бастығы Сергей Лебедовпен криминалдық полиция бөлімінің бастығы Қайрат Будановты шақырды. Олар кірген мезетте:
-Сергей үш кісі өлімі орын алған жерден алынған саусақ іздері иелерін анықтадыңдар ма?
Алынған 12 саусақ іздеріңің көбі жәбірленушілерге тиесілі екенің тек 1-2-і ғана сапасы нашар нақтыланбай жатканын айтканда:
-Сергей сен, сол саусақ бедерлерін Ни Ринаттікімен салыстыршы, сол саусақ іздерінің біреуі Ниге тиесілі болу мүмкін екенін ішкі түйсігіммен сезіп тұрмын соны мұқият қарашы әсіресе стақандардан деген соң , Қайратқа бұрылып жұмыс бағытын өткенде орын алған пышақтау оқиғасымен катар өрбітіп, уақыт хронологиясын жасап, бір күнде Нидің екі қылмыс жасау мүмкіндігін салыстырып, және жәбірленуші мен әйелінің және кісі өлімі болған жердегі кария көрген жігіт сипаттамасы мен киімді жетте талдаудан өткізіу керектігін тапсырып, қылмыстық іздеу жарияланған Ринатты іздеу жұмысы қай деңгейде екенін сұрады. Будановтың іздеу жұмыстары жүріп жатканын Павлодар каласына барған қызметкерлердің құр қайтқанын айтты. Бұл жұмыстың өте сылбыр жүріп жатканын, дереу Карағандыға, Астанаға іс-сапарға қызметкерлер жіберу керектігін, мойнында кісі қаны бар кәнігі қалайда біз құрған тордан сытылып кетуге тырысатынын, сондықтан қашқынның сайын далада еркін жүруіне мүмкіндік бермей барар жер басар тау қалдырмау үшін іздеу аумағын кеңейтіп қара тұтып барар туыс, достарының бәрін астыртын тексеру қажеттігін , ол үшін астыртын қызмет мүмкіндігін кеңінен пайдалану керектігін міндеттеді. Осы істің барлығына бір апта мерзім белгіледі.
Ринаттың әкесі есінде жоқ. Көзін ашып көргелі ана тәрбиесі . Мектеп кабырғасында жүргенде-ақ әке шешер шаруа шырмауын өзі шиыршықтауға дағдыланып, арқа тұтар әке болмаған соң көптеген шаруаны өздігінен шешуге бейімделді. Нәтижесінде жасынан-ақ, елмен тез тіл табысатын жылпостықты, ел ішіне тез кіретін иненің көзінен өтер икемділікті, қу сөзден куырдақты майсыз қуыратын кулықты бойына жинақтады. Жас кезінен техникаға бейімделді. Техниканың құлағында ойнап, ішкі құрлысын қопарудың майталманы болды. Көлікті жылдам жүргізіп желмен жарыса жүйткеуді бала жасынан жақсы көрді. Ол мектепті бітірісімен бәз біреулер тәрізді жоғарғы оқу орнының табалдырығын тоздырмай бірден көлік жөндеу шеберінің көмекшісі кейіннен өзі көлік жөндеу шебері болып көлік жөндеу стансасында жұмыс істеді. Бір жолы кай түлен түрткенін кім білсін, жөндеуге тастап кеткен клиент машинасын ұлықсатсыз кала сыртына айдап шығып дрейф жасамақ болғанында құлатып, қиратып тынды. Клиентің арызы бойынша зансыз қөлік ұрлап мініп кетіп, қиратқаны үшін Қарағанды облыстық сотының шешімімен 6 жылға бас еркінен айырылып, солтүстік Қазақстан облысының түрмесіне тоғытылды. Бұл 2008 жылдың қоңыр күзі болатын. Адамның іші бауырына кіріп тұратын жылпостығы, сөйлегенде сөздің майын тамызатын шешендігі, білім деңгейінің жан-жақтылығының арқасында түрме әкімшілігімен де, әлекедей жалаңдаған қылмыс әлемінің серкелерімен де тез тіл табысып, түрме тамұғының тезіне салынбады. «Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызды» деп ғасыр бұрын ғұламамыз Ыбырай армандаған казіргі заман мүмкіндігі интернеттің арқасында түрме кабырғасында жүргенде-ақ Семейлік сұлу Настямен танысады. Қолы босағанда «Қыз құлағымен сүйеді» қағидасын жадына түйген ол жас қыздың шіләпасын шыр айландырады. Жүрек жібітер ,жан жадыратар небір лапшадай есілген жылы сөздермен қыз сезімін қытықтай оны өзіне құлатады. Тіпті Настя Сібірге айдалған декабристердің жарлары сияқты мұны түрмеге де іздеп келеді. Мерзімді жазасының 3 жылын өтеген соң жақсы мінездеменің, қылығының арқасында мерзімінен бұрын шартты түрде босап шығып 2011 жылы ғаламтор арқылы ғайыптан пайда болған ғашығының құшағына Астанаға тартады. Кейіннен Семейге оралады. Жылдан аса сонда тұрады. Настямен болған ұрыс-керістен соң Павлодар қаласына келген ол енді қалталы, бизнес саласында жүргендер арасынан таныстар тауып, сеніміне кіріп сондағы түңгі клубтардың бірінде диджей, даяшы, бармен болып жұмыс істейді. Жағдай жақсарады. Қалталы достар табады. Былайша айтқанда қағанағы қарқ, сағанағы сарқ. Тек, денеге шыққан сыздауықтай Семейде қалған сұлуы ғана жанын мазалайды. Семейдегі дос-жарандары арқылы оның басқаға тұрмысқа шыққаны, балалы болғанын естіп біледі. Басында мамыр айы махабат айы деп текке айтпадық. Табиғаттың осы бір мазатты сәтінде жұпты жандардың бойына желік пайда болып, мазасыз күйге енетіні ежелден елге аян.
Сенің от құшағында, дүниені үмытып талықсыдым
Жүрегімді өртеді жан ыстығың
Мынау байтақ әлемде сен екеуміз,
Жүргендейміз айланып ғарышты мың.- деп Фариза ақын жырлағандай Настя есінен шықпай, оған деген сезім Ринатты Семейге жетелейді. Келе Настяның ұялы телефонын тауып, кездесуге шақырып , тілдеспек болады. Басқа үйдің от анасы болған Настя одан басын қанша алып кашса да, сүліктей жабысып қайта-қайта мазалап қоймаған соң осы жолы бір жола ат құйрығын кесіспек ниетте онын кафеде кездесейік деген ұсынысын қабыл алады. Кездескен сәтте ол Ринатқа «қалған көңіл шыққан жанға пара-пар» екендігін, сынған айнаны қандай шебер кайта құрастырса да сызат қалатындығын шегіне жеткізе шегелеп, енді өзін қайта мазаламауды өтініп қайырылмастан кайтады. Настяның тоқ етер жауабы жанына түрпідей тиіп, шымбайына батқан Ринат ашуын енді арақтан алды. Кафеде шыққан ол отырысты қаладағы түңгі клубтардың бірінде жалғастырады. Клубта таңғы 5-ке дейін болған Ринат өзінің Настя тұратын Дальный аймағына қалай барғанын сезбей қалады. Ниеті Настяны көргісі келеді. Бұл жерге өзін қандай күш бұйдалаған бұзаудай жетелеп келгенін білмейді. Ойы далаға шыққан Настямен болмаса оның қазырғы сүйіктісімен сөйлесу. Настяның үйінен онша алыс емес дүкеннің жанында тұрған оның ойын «Жігітім мерекеңмен! Ата-анана құдайдың шарапаты тисін» деген әйел дауысы бөлді. Бұл серіктерімен сілтеген ашшы су аз болып дүкенге арақ алуға шыққан Тамара болатын. Мүләйімсй өзінің Қарағандыдан келгенін, бейтаныс қалада барар жері болмаған соң осы жерде байыздап тұрғанын айтқанында бойында спиртті ішімдіктің ілкі бар Тамара оны өзіне қонаққа шақырды. Дүкенге кеткен Тамара шөлмекпен бірге жігіт жетелеп келгенде шөлмектестері таңданса да бәлендей қарсы болмады. Таныстық үшін, марқұм болған туыстарының аруағы үшін тос көтере шөлмекті тауысқан олар зират басына жиналды. Онда да арақ ішу өз жалғасын тапты. Одан күн еңкейе қайтқан олар жолдан тағы да бірнеше бөтелкені бөктере үйге келеді. Түні бойы ұйқтамаған, ішкен арақ буынына кете масайған Ринат көрші бөлмеге барып қор ете түседі. Тамара мен Славик отырысты ары қарай жылжытып отырғанда Тамараның некесіз күйеуі Славиктің досы Вадим жұмыстан келеді. Қызып отырған Тамараның қасынан досын, бөлмеде ұйқтап жаткан бөтен жігітті көрген оның қызғаныштан қаны басына шығып төсекте тәтті ұйқының құшағында жатқан Ринатты борбайынан суырып алады да, құйрықтан бір теуіп үйден қуып шығады. Албасты да қабаққа қарап басады, бұл қай басыңғандығың деп. Істің мән-жайын толық ұғынып үлгермеген ұйқылы-ояу Ринат амалсыз далада қалады. Сол маңда сенделіп жүреді де араға біраз уақыт салып жаураған соң амалсыз қайта сол пәтерге бас сұғады. Пәтер есігі ашық. Ол кіргенде Славик бір төсекте Тамара мен Вадим екінші төсекте армансыз ішілген арақты жастық қылып түңгі тәтті ұйқының қойнына кіріпті. Бойын суық алып жаураған Ринат оларға назар аудармастан ас үйге енеді де дереу стол үстіндегі шишаға қол созып екі стаканды көмейіне қотарады. Арақпен бірге оның санасына сайтан, бойына жын жүгіре бастайды. Босаған стақанға тағы арақ құймақ болған оның көзі стол үстіндегі пышаққа түседі. Одан көзін алар емес. Бағанағыдай емес бойы жылынған оның есіне мыналардың бағана өзін желкелеп шығарып жібергені түседі. Түлен түрткен ол пышақты қолына алып жатын бөлмеге енеді. Көзіне қан толған жендет жаналғыш әзірейлідей келе қолындағы пышақты құлаштай Славикке сілтеді. Тәтті ұйқы құшағында жатқан жігіт оянбастан тіл тартпай о, дүниелік болып кете барды. Тамара мен Вадим де Славиктің жолын құшты. Қолы қанға бөккен Ринат қайта ас үйге бас сұғып ,қалған арақ пен шарапты бір демде тауысты да темекі тұтатты. Темекісін тартып болған соң қайта жатын бөлмеге оралды. Көзін шел, санасын арақ басқан ол бағана-ақ жан тәсілім еткен Тамараның бар лыпысын сыпырып тастап онымен жыныстық қатынасқа түсіп, бойын жеңілдетті де, кіре берістегі тоңазытқыш үстінде тұрған екі құлыппен есікті құлыптап тысқа шықты.
Ол енді сүйіктісі Настя тұратын үйге қарай бағыт алады. Ойы оларды да келмес сапарға аттандыру. Тылсым түнді түңілдірік еткен ол подьезде бой тасалап пәтерден біреудің шыққанын тосады. Араға көп уақыт салмай ойында ештене жоқ Настяның күйеуі қоқыс төгуге сыртқа шығады. Қоқыс төгіп кіре бергенде бағанадан бой тасалап, атылар жолбарыстай дайын тұрған Ринат пышағын жалаңдата тұра ұмтылады. Абырой болғанда қолындағы шелек қалқан болып пышақ оған бойлап кірмей ішінен жанай өтеді. Жан беру оңай ма, ол қарсыласа жүріп пәтерге еніп, темір есікті жауып үлгереді. Ойға алғаны орындалмаған Ринат енді ашумен олардың терезесін кірпішпен сындырады да онсызда талай шу жасағанын сезіп сытылып кете береді. Иесіз батпақты алаңқаймен кашып отырып, Красный кардон аумағындағы танысынан карызға ақша алады да кездескен көлікке отырып Павлодарға тартады.
Ізін қуа барған полицияның із кесушілері оны Павлодардан таппай қалады. Олар келердің алдында ғана ол құйрығына қалжауыр байланған тышқандай белгісіз бағытқа қашып үлгереді.Полицейлер болса оның бас сауғалап барар жерінің жорамал картасын жасап, жаушы аттандырып, аяқ жетпеген жерге хабарлама жіберіп қылмыскердің мойнына қыл бұрау салу жұмыстарын қарқынды түрде қолға алған болатын. Оның барады-ау, бас сұғуы мүмкін жерлер анықталып, тосқауылдар құрылды. Осындай Қарағанды қаласындағы немере апайының үйінің маңын торауылдап жүрген Семейлік із кесушілер ақыры танертең аулаға шығып турникке тартылып жаттығу жасап жаткан Ринатты ту сыртынан келіп бас салады да қолына кісен салып Семейге жеткізеді. Аңдыған жау алмай қоймайды. Аш бөріше түнде жүріп, ізін қанша шиырламақ болғанмен амалы іске аспай қолға түсті. Қазір ол камауға алынып жасаған аса ауыр қылмыстары үшін жауапқа тартылмақ.
Елубек Оспанов,
полиция подполковнигі,
Семей қаласы.