Құнанбай мен Сапақ би намаз оқып тұрғанда Сапақ би білмеді ме, ұмытты ма, кім білсін, қолын кеудесіне қоймайды. Құнанбай намаз арасында Сапаққа: «Намазыңыз бұзылды», – дейді. Сонда Сапақ би: «Құнан шырақ, мен байқағаным жоқ. Менің көңілім Құдайда тұрса, сенің көңілің менің қолымда тұрған екен»,- дейді.
Намаздан соң бата қылғанда Сапақ би жеңіменен бетін сипайды. Жаңағы тосылғанын қайтарып, Сапақты тоспақ болып Құнанбай: «Сапекең бізге ғана үлкендік қылады екен десек, патша Құдайдың өзіне де үлкендік қылады екен ғой», – дейді. Сонда Сапақ би: «Құнан шырақ-ай, неше қабат тасболаттан өткен Құдайдың рахметі менің бір қабат жеңімнен өтпес деп ойладың ба?» – деген екен.
Жажекенің Қоқыш ақсақалдан естігені
“Алаш көсемсөзі”