• Click here - to select or create a menu
Жаңалықтар. zheruiyq.kz. Бүгінгі жаңалықтар. Жаһан, әлем жаңалықтары.

Kazakhstan, Semey

Home
Тарих

Бату ханның алтын аттары қайда?

Ақпан 16th, 2017 Жерұйық comments 49

Тарихта аты ерекше аталатын тұлғалардың тұлғасы Шыңғысхан екені әмбеге аян. Оның жаугер төрт ұлының аттары да тарихта танымалдылығы жағынан әкелерінен кем түспейді. Соның ішінде Жошының орны бөлек. Ол туралы аз жазылған жоқ. Жошының өзгелерден (Төле, Шағатай, Үгедей) ерекшелігі – оның ізін жалғастырушы, Жошы негізін қалаған Алтын орданы түпкілікті алпауыт мемлекет етіп құра білген Батудай ұлының болуында.

baq.kz

Бату әкесі құрған «Жошы ұлысы» деген атауға ие болған қырық құрау рудан құралған көшпелі дала мемлекетін қаһарлы империяға айналдыра білді. Керегесін кеңейтті. Шаңырағын тіктеді. Ол басқарған империяның шығысы Ертіс өзенінен басталып, батысы Дунай дариясына дейінгі аралықты алып жатты. Бату әкесінен гөрі, атасы Шыңғысхандай қаһарлы еді. Халықты ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстады.

Тарихқа сәл шегініс жасасақ, 1225 жылы Қарақорымда моңғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдады. Моңғол әскерін Шыңғыс ханның мұрагер немересі Жошының баласы Бату басқаратын болды. Батудың самсаған әскері 1236 жылы Кама өзені бойындағы Булгарияны, Мардваларды талқандап, 1237–1240 жылдары орыс жеріне келді. Орыс қалаларын талқандап, Еуропаға өтті.

Бату басқарған моңғол армиясы Польшаны, Германияны, Австрияны, Венгрияны, Чехияны, Молдавияны, т. б. елдерді басып алды. Әлем тарихында Бату деген аты қалды. Ол 1243 жылы Еділ сағасынан Сарай қаласын салдырды, бұл қалада алтынмен аптап, күміспен күптелген сән-салтанатты хан сарайы, төңіректің төрт бұрышынан келген саудагерлер жиналатын сауда алаңы болды. Алтын Орданың астанасы алғашқы кезде Сарай-Бату қаласында (қазіргі Астрахань маңында) болды. Кейінірек Сарай Беркеге (Еділ бойымен Сарай-Батудан жоғарырақ) көшірілді. Мұның бәрі ресми дерек. Ал тарих Батудың қазынасы өте мол болған дегенді келтіреді. Бәлкім рас та болар. Өйткені жалпақ дүниені табанына басқан билеуші, басып алған жердегі барлық қазынаны өзі салдырған Сарай-Бату шаһарына тасығаны белгілі. Азия тарихшылары «Батудың қазынасының көптігі сол, ол өзі салдырған шаһарды алтынмен аптады, күміспен күптеді. Жаулап алған жерлерден шеберлер алдырып, қаланың сән-салтанатын арттыратын сарайлар салдыртты. Сол заманда Сарай-Батудан көркем һәм бай қала еш маңда жоқ еді» деп жазады.

Батыс тарихшылары «Венгерия, Чехия. Австрияны т.б Еуропа елдерін шапқан Бату хан ол елдің бүкіл қазынасын қотарып әкетті. Сұлу қыз-қатындарын да қалдырмады. Оны өзінің сарбаздарына таратты. Байлықтың біразын көзге түскен батыр нояндарына тарту етті. Оның астанасында болғандар шаһардың ғажайып сұлулығына тәнті болғандарын айтады. Шығыстан келген жабайы қолбасшы осындай керемет қала салғызды дегенге сенгің келмейді» деп жазған.

Кім не десе де ұлы Шыңғыс қағанның немересі, атақты қолбасшы Жошының ұлы Бату хан әлемді тітіреткен аса қаһарлы хан болғаны анық. Оның жаугершілігі өз алдына. Біздің айтпағымыз, сол Бату ханның әлемге аңыз болып тараған екі алтыннан құйылған арғымағы жөнінде болмақ. Аңызға сүйенетін болсақ, Бату басып алған елдерден жиналған алтыннан екі сәйгүлік құйдырған. Аттың көздеріне жақұт тастар орнатылған. Сом алтынан жасалған бұл екі пырақ Сарай-Бату шаһарына кіре беріс қақпаға қойылып, қаланың сәнін кіргізіп тұрған көрінеді. Бату хан дүниеден өткен соң оның орнын басқан Береке хан алтын аттарды өзі орда тіккен Сарай қаласына көшірген. Ол қазіргі Ресейдің Волгоград облысындағы Царев селосының маңы.

Бұл алтын аттар кейіннен билік тізгінін қолына алған атышулы хан Мамайдың кезінде жоғалып кеткен. Өйткені Мамай Күлік шайқасында жеңіліп, кейін шегінген кезде алтын аттарды алып жүруге мұршасы болмай қалған көрінеді-мыс. Кейбір аңыз-әңгімелерде алтынан құйылған аттар Мамаймен бірге көмілген дегенді келтіреді. Кім білсін? Қысқасы, бүгінгі күні алтын атты табуға талаптанған қазына іздеушілер Ресейдегі Ленинск қаласының маңында ағып жатқан Ақтөбе (Ахтубы) өзенінің жағалауындағы ескі қорғандарды жиі қазады. Бірақ «таптық» деген ешкім жоқ.

Айнұр Қазыкенова

aikyn.kz

VK
Facebook
Twitter
Google+
Odnoklassniki
Mail.ru
E-mail
Бағалау: 0

Facebook пікір

Жерұйық

Жерұйықпен бірге болыңыздарЖазба қосу

Оқуға ұсынамыз:

Қазақстан-Сербия достық қарым-қатынасы нығаймақ

Е.Сыдықов: Еуразия ұлттық университеті физика пәнінен әлемнің үздік университеттерінің қатарында

Сурып салма ақын, қуырып салма журналист «Шығыс ақпарат» шылбырын қолға алды

Әмірені улаған кім?

«Анашыма сыйлық» атты акциясы ұйымдастырылды

1938 жылдың зобалаңында Сәкен ақын атылды ма?

Аналар мерекесі құтты болсын!

Арыстар арасындағы хаттар (құнды дерек)

“Жоқтың” да жақсылығы болады

Жолымбет Мәкіш: Ертең тағы осылай бармақ тістеп қаламыз…

  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
  • Back to top
Рейтинг
Ескерту
Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Байланыс:

E-mail: [email protected]
Веб-редактор:
+7 747 545 1548
Куәлік
Мемлекеттік тіркеу №16182 - СИ. 2016 жыл
© "Жерұйық" ақпараттық-танымдық порталы
ДизайнЖерұйық
  • Жаңалықтар
    • Жаһан
    • Аймақ
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
Бас бет
Кіру
Кіру
Тіркелу
Тіркелу