• Click here - to select or create a menu
Жаңалықтар. zheruiyq.kz. Бүгінгі жаңалықтар. Жаһан, әлем жаңалықтары.

Kazakhstan, Semey

Home
Спорт

Головкин мен Ислам Астанада бір күнде өтетін бокс кешінде кездесу өткізуі мүмкін

Ақпан 16th, 2017 Айнұр Таңжарыққызы comments 49

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында биыл жазда Астанада EXPO-2017 көрмесінің аясында өтетін бокс кешіне дайындықтың қалай жүріп жатқаны жайлы айтып берді.

“Қазір біз келіссөз жүргізіп жатырмыз. Геннадий Головкинмен EXPO өкілдері, ал Қанат Исламмен мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері келісіп жатыр. Біз үздік боксшыларымызды жинауға тырысамыз”, – деді Мұхамедиұлы.

Сонымен қатар, оның айтуынша, министрлік өкілдері Қанат Исламның промоутерімен кездесіпті. “Қазір ол боксшының кіммен жұдырықтасатынын анықтап жатыр және әлемдік федерациямен келіссөз жүргізіп жатыр. Мәлімет болса, дереу хабарлаймын”, – дейді министр.

Сондай-ақ, министр бокс кешінде қанша жекпе-жек өтетінін айтты.

“Бұл іспен промоутерлер айналысады. Бірақ біз ең мықты қазақстандықтарды жинауға тырысамыз. Боксшылардың өзі дайын, бірақ оларға лайықты қарсылас таңдау қиын. Себебі жекпе-жектер өте қызық болады. Айта кетейік, біздің боксшылар гонорарсыз жұдырықтасуға дайын. Бокс кешінің қайда өтетінін әлі қарастырамыз. “Астана-Арена” бар, велотрек бар, онда 10 мың адамға орын бар. Осы екі нысанның бірінде өтеді”, – деді министр.

Еске салайық, осыған дейін 10 маусымда EXPO-2017 аясында WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен WBO бойынша белбеу иегері, ағылшын боксшысы Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) кездеседі деген ақпарат тараған еді. EXPO баспасөз қызметіндегілер келіссөздердің жүргізіліп жатқанын мәлімдеген.

kaz.vesti.kz

 

VK
Facebook
Twitter
Google+
Odnoklassniki
Mail.ru
E-mail
Бағалау: 0

Facebook пікір

Айнұр Таңжарыққызы

Жазба қосу

Оқуға ұсынамыз:

Сурып салма ақын, қуырып салма журналист «Шығыс ақпарат» шылбырын қолға алды

Әмірені улаған кім?

«Анашыма сыйлық» атты акциясы ұйымдастырылды

1938 жылдың зобалаңында Сәкен ақын атылды ма?

Аналар мерекесі құтты болсын!

Арыстар арасындағы хаттар (құнды дерек)

“Жоқтың” да жақсылығы болады

Жолымбет Мәкіш: Ертең тағы осылай бармақ тістеп қаламыз…

Сегізінші наурыз селт еткізбес, тауқыметшіл, тырнақтай тіршілікті

Семейді дамыту жоспарында дүдәмал тұстар бар

  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
  • Back to top
Рейтинг
Ескерту
Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Байланыс:

E-mail: [email protected]
Веб-редактор:
+7 747 545 1548
Куәлік
Мемлекеттік тіркеу №16182 - СИ. 2016 жыл
© "Жерұйық" ақпараттық-танымдық порталы
ДизайнЖерұйық
  • Жаңалықтар
    • Жаһан
    • Аймақ
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
Бас бет
Кіру
Кіру
Тіркелу
Тіркелу