• Click here - to select or create a menu
Жерұйық

Kazakhstan, Semey

Home
Маңдайалды

Жәңгір хан туралы жаңа дерек табылды

Ақпан 21st, 2017 Жерұйық comments 103

Атырау облыстық мемле­кеттік мұрағаты өлке тарихына қатысты құнды құжаттармен толық­ты. Ресей Федера­циясы Татарстан Республи­касының Ұлттық архи­віне барған мұрағат қызмет­керлері ХV-ХХ ғасыр­ларға тиесілі құжаттарды тапты.

Қазандағы Ұлттық архивте Қазақстанның батыс облыс­тарының тарихына қатысты біраз деректер жинақталған. Олардың қата­рында Қазан оқу округі қорытындысы, Ішкі Бөкей Ордасы жайлы құжаттар, Қазанның рухани семинариясы, мұғалімдер семинариясының істері бар. Түрколог ғалым Николай Ката­новтың «Қырғыздар: кеше және бүгін» атты Қазан уни­вер­ситетінде оқыған лекция­сының көшірмесімен де атыраулықтар таныса алады. «ХІХ ғасырдың 60-жылдары қазына есебінен Бөкей Ордасында жаңа мектеп ашу, Қазан университетінің құрметті мүшесі етіп Жәңгір ханды бекіту, ішкі Қырғыз Ордасы бастауыш училищесінің жұмысын жүйелендіру туралы құжаттарды әкелдік. Жәңгір ханның мектеп, орыс-қырғыз училищесі мен кітапхана ашу жөніндегі деректерге сүйене отырып, оның Қазақстанда, Ішкі Бөкей Ордасында білім саласында тұңғыш реформа жасағанын аңғаруға болады», дейді мұрағаттың бөлім басшысы Райса Тастемірова. Сапар барысында Жәңгір ханның ел экономикасын, білімі мен мәдениетін көтеруге бағытталған 100-ге жуық құжаттарының көшірмелері әкелінген.

1860 жылы Жайық өзені маңына қазақтарды орналас­тырып, көшіруге байланысты жасалған дала қазақтарының рулар тізімі, жыр-дастандар мен жоқтаулардың көшірмелері де құнды құжаттар қатарында. Қазір мұрағат қызметкерлері шетелдік қорлардан табылған жаңа жазба деректерді сараптап жатыр. Жалпы, облыстық мемлекеттік мұрағат қорында 400 мың құнды құжат сақталған.

Бақытгүл БАБАШ,
«Егемен Қазақстан»

VK
Facebook
Twitter
Google+
Odnoklassniki
Mail.ru
E-mail
Бағалау: 0
  • Via Дереккөзі

Facebook пікір

Жерұйық

Жерұйықпен бірге болыңыздарЖазба қосу

Осы тектес:

Д.АҚЫЛБАЕВ: ТАНЫСТАРЫМ АБАЙДЫҢ ТҰЯҒЫ ЕКЕНІМДІ БІЛМЕЙДІ… (Абайдың бесінші ұрпағымен сұхбат)

Адамдық негізі – ӘЙЕЛ

Қалдан ханның Абылай ханға қойған үш сауалы

Н.Назарбаев: “Томирис қазақ екен”, “Шыңғысхан қазақ екен” дегендерге менің ішім ауырады

Ватиканнан XVI ғасырдағы Қазақстан картасы табылды

  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
  • Back to top
Рейтинг
Ескерту
Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Байланыс:

E-mail: [email protected]
Веб-редактор:
+7 747 545 1548
Куәлік
Мемлекеттік тіркеу №16182 - СИ. 2016 жыл
© "Жерұйық" ақпараттық-танымдық порталы
ДизайнЖерұйық
  • Жаңалықтар
    • Жаһан
    • Аймақ
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
Бас бет
Кіру
Кіру
Тіркелу
Тіркелу