• Click here - to select or create a menu
Жерұйық

Kazakhstan, Semey

Home
Ел-жер

Ватиканнан XVI ғасырдағы Қазақстан картасы табылды

Ақпан 22nd, 2017 Жерұйық comments 124

Отандық ғалымдар осы тың жаңалық жайында бұдан бұрын да жаһанға жар салған болатын. Алайда тарихи маңызы зор құнды жәдігерді терең зерттеп-зерделеу және оның қазақ еліне қатысты жаңа беттерін ашу жұмысы әзірге тұралап тұр. Бағзы заманда Батыс пен көшпенділер байланысын айғақтайтын карталарды ең алғаш Колумбия және Қазақ ұлттық университетінің профессоры Рафиз Абазов тапты. Бұл – Ватикан мұрағатынан анықталған сол құнды мұраның көшірмелері. Ғалымның айтуынша, XVI ғасырларға жататын көне карталардың ел тарихына тікелей қатысы бар.

Рафиз Абазов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры:

– Менің ойымша, бұл жерде Қазақстанның бір бөлігі бар. Өйткені мына жерде Отырар қаласы көрсетілген. Ал мына карта ең көнелердің қатарына жатады. Сапасы нашар. Менің ойымша, мына аймақта сол уақыттағы Қазақстан көрсетілген. Сөзіме дәйек, Арал теңізі, Каспийдің бір шетін көруге болады.

Рим мен Алаштың сонда қандай байланысы болды? Рафиз Абазовтың бұл сұраққа өз пайымы бар. Жібек жолының бойындағы алыс-беріс Батыс пен Шығыстың барыс-келісіне тікелей түрткі болған. Бағыттан жаңылмас үшін римдіктер жүрген жолдарын картаға түсіріп отырған.

Рафиз Абазов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры:

– Оларда қыпшақтармен тығыз байланыс орнаған. Саудада жүздеген жыл бойы негізгі серіктестіктері болған. Тіптен, сол кезеңде Венецияда қыпшақтар тұрған бөлек аудан болды деген мәліметтер бар. Енді қолда бар картаны басқалармен салыстырып шығу қажет.

Қазақ тарихының тағы бір түндігін ашқан ғалым жаңалығын одан ары зерттеуге саяхатшы Сапар Ысқақов та өз үлесін қоссам дейді. Ол биыл «Бабалар ізімен» атты экспедициямен әлемнің 20-дан астам еліне аттанбақ. Сапар барысында Ватикан мұрағатына бас сұғып, құнды мұраларды тапсам деген үміті бар.

Сапар Ысқақов, саяхатшы:

– Олар туралы жазылған мәліметтер көп көрінеді. Ол үшін ізденіс керек. Біз өзіміздің тарихымызды ары қарай зерттей беруіміз керек. Меніңше, біздің қазақтың тарихы әлі толық ашылған жоқ. Толық зерттелген жоқ.

Профессор Рафиз Абазов жол түссе, Ватиканға оралып, тапқан карталарының сырына одан ары тереңірек бойлауды көздеп отыр. Зерттеу нәтижесінде, бәлкім, қазақ тарихының жаңа парағы ашылар.

VK
Facebook
Twitter
Google+
Odnoklassniki
Mail.ru
E-mail
Бағалау: 0
  • Via 24.кз

Facebook пікір

Жерұйық

Жерұйықпен бірге болыңыздарЖазба қосу

Осы тектес:

Д.АҚЫЛБАЕВ: ТАНЫСТАРЫМ АБАЙДЫҢ ТҰЯҒЫ ЕКЕНІМДІ БІЛМЕЙДІ… (Абайдың бесінші ұрпағымен сұхбат)

Елбасы Эмомали Рахмонды Астанаға шақырды

Көлік кептелісінен көш бастап тұрған елдер

Адамдық негізі – ӘЙЕЛ

Қалдан ханның Абылай ханға қойған үш сауалы

  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
  • Back to top
Рейтинг
Ескерту
Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Байланыс:

E-mail: [email protected]
Веб-редактор:
+7 747 545 1548
Куәлік
Мемлекеттік тіркеу №16182 - СИ. 2016 жыл
© "Жерұйық" ақпараттық-танымдық порталы
ДизайнЖерұйық
  • Жаңалықтар
    • Жаһан
    • Аймақ
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін – діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
Бас бет
Кіру
Кіру
Тіркелу
Тіркелу