• Click here - to select or create a menu
Жаңалықтар. zheruiyq.kz. Бүгінгі жаңалықтар. Жаһан, әлем жаңалықтары.

Kazakhstan, Semey

Home
Пайдалы кеңестер
Керек дерек

Жұлдыздарды күндіз көруге бола ма?

Март 1st, 2017 Жерұйық comments 20

Бұл сұрауға жұрттың көбі ойланбай-ақ болмайды деп жауап береді. Мұндай жауап дұрыс емес, жұлдыздарды күндіз көруге болады.

Ашық түнде аспан толған шым-шытыр жұлдыз. Құралсыз қа- рағанда аспанда көзімізге көрінетін жұлдыздың саны, білгіштердің айтуынша, бес мың жарым шамасындай.

Жұлдыздар екі түрлі. Бірі — қозғалмайтын жұлдыздар. Бұларды шын жұлдыз деп атайды. Шын жұлдыздардың өзінен шығатын жарығы болады. Күн де шын жұлдыздардың бірі. Әр жұлдыз жерден әр түрлі алыста болады. Сондықтан бізге үлкен-кіші болып көрінетін жұлдыздарға қарағанда күн жерге орасан жақын тұр. Сондықтан жерден үлкен болып көрінеді, жарығы да жерге көп түседі. Күн мен жердің арасы жүз елу миллион километр деп есептелінеді. Жұлдыздар күнмен салыстырғанда жерден бірнеше миллион рет қашық. Екінші түрлі жұлдыздар үнемдейін аспанда қыдырып жүреді. Тұратын орны күн сайын өзгеріп тұрады. Бұларды кезеген жұлдызды планет деп атайды.

Планеттердің өзінде жарық жоқ. Бұлар күннің сәулесімен жар- қырайды. Планеттердің саны өте аз. Осы күнге дейін танылған сегіз үлкен, бірнеше уақ планеттер бар. Үлкен планеттер мыналар: 1) Меркурий; 2) Венера (Шолпан өмірзая); 3) Жер; 4) Марс; 5) Жүпитер; 6) Сатурн; 7) Уран; 8) Нептун.

Алғашқы үшеуі жерге қарағанда күнге жақын болады. Соңғы төртеуі жерге қарағанда күннен алыс болады. Планеттердің көбінің касында жолдастары болады. Ай — жердің жолдасы, планеттердің бірі.

Күн де шын жұлдыздың бірі дедік. Күннің өңге жұлдыздардан айырмасы жоқ. Тек бізге өте жақын. Сондықтан жерге түскен жарығы күшті.

Жақын болса да күннің шарасы бізге толық көрінбейді. Біздің күн дейтініміз күннің ортасындағы нағыз жарық бөлімі.

Күннің айналасында оттан пайда болған кілегейленген шашы- рандылары, өрттің жалындай дулаған тілдері болады. Бұлар да бізге жай уақытта көрінбейді.

Күннің толық сүгіретін күн тұтылғанда ғана көруге болады. Күн тұтылу деп күннің бетін айдың қабаттап тұруын айтамыз. Ай күн мен жердің арасына келіп, жерден карағанда күнге тұспа- тұс тұрса, күннің не барлық бетін, не бір бөлігін қабаттап жерден жасырады. Толық күн тұтылу я шала күн тұтылу пайда болады. Не себептен күннің шеті (айналасы) жай уақытта көрінбей, тұтылғанда көрінеді?

Жерді айнала ауа коршап тұрады. Ауаның қалыңдығы (биіктігі) екі жүз елу шақырымдай деп болжанады.

Күн сәулесі ауамен шағылысып, жан-жағына тарайды. Сондық- тан күннен шыққан сәуленің көбі жолшыбай жерге жетпей, жан- жаққа тарап кетеді. Жерге бір бөлек қана сәуле түседі. Күн сәу- лесінің ауамен шағылысып, жан-жаққа жайылғандығынан пайда болған жарықты ауа жарығы деп атайды. Біздің күннің жарығы, күндізгі жарық дейтініміз — осы ауа жарығы. Аспанның көк болып көрінетіні де осы ауа жарығынан.

Ауаның жарығы соншама күшті. Ар жағындағы жүлдыздардың жарығын, күннің шетіндегі, айналасындағы жарықты тасалап бізге көрсетпейді. Қабаттап жасырып тұрады. Осы себептен күндіз жұлдыздар, күннің шеткі айналасы бізге көрінбейді. Жердің айналасында ауа жоқ болса, жұлдыздардың бәрі де, күн де толық болып, күндіз-ақ түндегідей көрініп тұрар еді. Жұлдыздардың жарығы ауа жарығынан күшті болса жұлдыздар күндіз де көрінер еді.

Ай күндіз де көрінеді. Айдың өзінде жарық жоқ. Ай күннен түскен сәулеге шағылысып, жарқырайды. Күннің сәулесі аймен шағылысқанда пайда болған жарық ауаның жарығынан күшті.

Ауаның жарығын тесіп өтеді. Сондықтан ай күндіз көрінеді. Жарығы күшті жұлдыздарды кей-кейде күндіз де көруге болады. Жұлдыздарды күндіз көрген талай қырағы адамдар бар.

Шолпан жұлдызды (өмір-заяны) күндіз көру қиын емес. Жұл- дыздың жолын анық білген кісі іздеуін тапса, күннен қашықтау тұрған шолпанды күндіз көреді.

Терең құдықтың (шыңыраудың, шахтаның) түбінен жоғары қарағанда жұлдыздар күндіз-ақ анық көрінеді. Қалың биік ағаш-тардың арасынан да жұлдыздар күндіз көрінеді. Тереңнен қараған- да күн сәулесінің ауамен шағылысқаны жарытып байқалмайды. Сондықтан ауа жарығы кемиді, жойылып кетеді.

Ауа жарығы кеміген соң жұлдыздар көріне бастайды.

Бұл айтқанның растығын шыңырауларға түскен, шахталарға я қалың ормандарда болған кісі дұрыстайды.

Астрономдар (жұлдыз тексерушілер) телескоп деген құрал ар- қылы жұлдыздарды күндіз де көреді. Телескоп деген түрлі шөл- мектерден құрастырып жасаған дүрбі (түрба). Телескоптың шөл- мектері сондай шеберлікпен құрастырылған. Телескоптың аузынан қарағанда ауа жарығы кеміп, я жойылып кетеді. Ауадан арғы жарықтар анық көрінеді.

Сөзді сарыққанда, жұлдыздарды күндіз көру үшін жерді қор- шаған ауаның жарығын жою керек. Сонда жұлдыздар түндегідей күндіз-ақ жарқырайды.

Халел Досмұхамедұлы

«Сана» журналынан, 1923-24 жж.

 

Вконтакте
Facebook
Twitter
Google+
Одноклассники
Мой мир
E-mail
Рейтинг: 0

Facebook пікір

Жерұйық

Жерұйықпен бірге болыңыздарЖазба қосу

Осы тектес:

«Марстың жүрегі» табылды

Алаш әскерінің алғашқы командирі- Хамит Тоқтамысов туралы не білеміз?

Ұрпақ тәрбиесі — ұлт тәрбиесі

Х.Досмұхамедұлы: Миллион деген немене?

Ерлікке толы тарихымызды танып болдық па?

  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін — діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
  • Back to top
Рейтинг
Ескерту
Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Байланыс:

E-mail: [email protected]
Веб-редактор:
+7 747 545 1548
Куәлік
Мемлекеттік тіркеу №16182 - СИ. 2016 жыл
© "Жерұйық" ақпараттық-танымдық порталы
ДизайнЖерұйық
  • Жаңалықтар
    • Жаһан
    • Аймақ
  • Саясат
  • Экономика
  • Ел-жер
  • Абайтану
  • Дін — діңгек
  • Руханият
  • Тарих
  • Блог жазбалар
Главная
Вход
Вход
Регистрация
Регистрация