Галстук киген ерлердің салмақты болып көрінетіні жасырын емес. Галстуктің түсі, суреті, тіпті пішіні де адамның қасиеттерінен сыр шертетін көрінеді. Бұл туралы NUR.KZ порталы NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Үкімет отырысына жиналған министрлердің тағып келген галстуктарын зерттеген психолог мамандар олар туралы қызықты ақпарат берді.
Қазақстанның премьер-министрі көк түсті галстук тағып келген. Бұл Бақытжан Сағынтаевтың сенімді әрі көпшіл адам екенін байқатады. Премьердің аксессуары оның сыпайы әрі белді адам екенін көрсетіп тұр.
БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ. ФОТО: NEWTIMES.KZ
Егер ер адам көк түсті галстук тақса, ол оның өктемшіл әрі өз қағидаларына берік адам екенін білдіреді. Әділет министрі Марат Бекетаев дәл сондай галстук тағып келген.
МАРАТ БЕКЕТАЕВ. ФОТО: NEWTIMES.KZ
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов болса, жолақ галстук таңдаған. Мұндай классикалық галстуктар қожайынының сабырлы әрі іскер адам екенін аңдатады дейді психологтар.
Жолақ галстук кигендер адал әрі қамқор жандар екен. Олар тым қатты жұмысқа берілмесе де, жақсы әке, мінсіз күйеу бола алады.
ЕЛЖАН БІРТАНОВ. ФОТО: NEWTIMES.KZ
Білім беру саласындағы реформатор Ерлан Сағадиевтің қара-қызыл галстук таққаны бекер емес. Дәл осы түс амбицияның жоғары болуын, табандылықты және мақсаттылықты білдіретін болып шықты.
Психологтар қызыл галстук тағатын жігіттердің жиі қызмет ауыстыратынын, дегенмен өз арманындағы жұмысты тапса, оған бар күшін сарп ететінін айтуда.
ЕРЛАН САҒАДИЕВ. ФОТО: NEWTIMES.KZ
Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек – көңілді әрі оптимист адам. Бұны оның ақшыл түсті галстугы байқатуда. Ал оның үстіндегі кесте Қасымбектің жоғары іскерлік қабілетін аңдатады.
ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК. ФОТО: NEWTIMES.KZ
Ал Ұлттық экономиканың жаңа министрі Тимур Сүлейменовтің көзге бірден түсетін галстугы оның өз кемшіліктеріне тым көп мән беретінін білдіреді дейді психологтар. Мамандар мұндай галстук өзгелердің назарын өзіне қаратудың бір амалы дегенді алға тартты.
ТИМУР СҮЛЕЙМЕНОВ. ФОТО: NEWTIMES.KZ
Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов қара-қызыл түсті галстугын тағып, психологтардан оң баға алды. Мұндай галстуктың қожайыны қашан да өзіне сенімді болады. Ал галстуктың өрнегі Сұлтановтың әділ әрі кәсіби адамдар қатарында екенін байқатқан.
БАҚЫТ СҰЛТАНОВ. ФОТО: NEWTIMES.KZ
Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы алқызыл галстук тағып келген. Мұндай галстукты эмоцияға берілгіш әрі сезімтал жігіттер тағады екен. Галстуктағы кесте оның әзілдей білетінін және жиі күтпеген әрекеттерге баратынын байқатады.
АРЫСТАНБЕК МҰХАМЕДИҰЛЫ. ФОТО: NEWTIMES.KZ
Энергетика министрі Қанат Бозымбаев болса, галстугымен өзінің романтикалық жан екенін байқатқан. Психологтар мұндай адамдардың қиялға жиі берілетінін айтуда.
ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ. ФОТО: NEWTIMES.KZ
Ауылшаруашылық министрі Асқар Мырзахметов бір түсті галстук таңдап, өзінің қырағы әрі құпиясы мол адамдар қатарынан екенін көрсеткен. Мұндай адамдар жаңашылдықты ұната бермейді, бірқалыптылықты жақтап, қағазбастылыққа жиі беріледі. Бәрінде тәртіп болғанын ұнатады.
АСҚАР МЫРЗАХМЕТОВ. ФОТО: NEWTIMES.KZ
Ал қара-жасыл галстук иелері бірінші орынға отбасын қояды. Дәл сондай галстукты бірінші вице-премьер Асқар Мамин тағып алған.
АСҚАР МАМИН. ФОТО: NEWTIMES.KZ
Амина Қурманғазиеваның материалынан аударылды