Семей қаласындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесінде көктемнің тамаша мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Анашыма сыйлық» атты акциясы ұйымдастырылды. Кез-келген мерекеде қолдан жасалған бұйым сыйлау құнды сыйлық болып есептеледі және шығармашылыққа баулуға себепкер болады. Аталмыш акцияға Семей қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі кітапхана-бөлімшелерінде тұрақты жұмыс істейтін үйірме мүшелері қатысты.
Сайыс барысында 10 күн бойы қолдан жасалған сыйлықтар, суреттер мен ашық хаттар қабылданды. Балалардың әлемдегі ең аяулы да ең сүйікті адам – аналарына деген шексіз махаббатын, нәзік сезімдері мен ризашылығын білдіру үшін жасаған сыйлықтары әртүрлі, жарқын, әдемі болды.
Сайыскерлердің қиялынан шыққан жұмыстар арнайы ұйымдастырылған көрмеге қойылды.
Көрмеге қойылған өзінше ерекше және қайталанбас әдемі жұмыстардың ішінен №6 кітапхана-бөлімшесіндегі «Шебер қолдар» үйірмесінің мүшесі Юсупова Юлдуздың «Аяулы анама» атты жұмысы үздік деп танылды. Жеңімпаз оқырманға анасымен бірге баруға «Анаға апарар жол» туындысына кинотеатрға екі билет табыс етілді.